Сенбі, 23 Қараша 2024
4089 3 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 11:59

Қазақстан ЕАЭО азаматтарына 580 млн төледі

2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің 2,3 мыңға жуық азаматы Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 588,3 млн теңгеге әлеуметтік төлемдер алған. Бұл туралы Dalainform сайты хабарлады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметті корғау министрлігінен түсіндіргендей, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайына және ана болуына байланысты әлеуметтік сақтандыруға, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыруға, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыруға жататынын білдіреді. Тиісінше, жұмыс берушілер жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес, олар үшін сақтандыру жарналарын төлеуге міндетті.

«Осылайша, жұмыс берушілер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бейрезидент жеке тұлғаларымен жасалған еңбек шарттарының негізінде осы жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу қорының 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдарды төлеуге тиіс», – дейді министрлік өкілдері.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының және (немесе) тұрақты тұруының болуына қарамастан, МӘСҚ-тан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты төлемдер алуға өтініш жасауға құқылы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347