Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021
46 - сөз 2864 3 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 16:05

Мемлекеттік қамқорлық: бесіктен бейітке дейін

Кеңес халқы елесіне жетпіс жыл алданған коммунизм Солтүстік Еуропа елдерінде (Норвегия, Швецария, Дания, Финландия, Исландия) орнады деседе болады.

Кеңес халқы елесіне жетпіс жыл алданған коммунизм Солтүстік Еуропа елдерінде (Норвегия, Швецария, Дания, Финландия, Исландия) орнады. Бұл елдердің Еңбек, Социал партиялары Коммунистік партияға қарағанда анағұрлым шыншыл, халықтың қамын ойлайтын болып шықты. Табиғи ресурстарын халықтың игілігіне, ортақ баюына жұмсады. 2020 жылғы мәлімет бойынша орташа жан басындық кірістері Норвегия $81021, Дания $58610, Исландия $57189, Швецария $52585, Финландия $48461. Бұл елдер Мемлекеттік байлықты ат төбеліндей топтың иеленіп алуына жол бермеді. Өте жоғары табыс салығын енгізді. Сәйкесінше кедей мен байдың айырмасы жоққа тән. JIMI индекісі 0.2–0.24 арасы, Англия, Германия, Франсияда 0.31, JIMI индекісі 0.4 асса қалыпсыз саналады. Америкада 0.42. Адамдардың өмір ұзақтығы, бақыт ниндексі жағынан он балдық көрсеткішпен есептегенде 0.85 балмен әлемде көш бастап тұр.

Бұл елдерде жеке мектеп, жеке емхана атымен жоқ. Оқу ағарту, медицина тегін. Зейнеткерлердің пенсия қаражаты, жұмыссыздарға қаржылай көмек бәрі мемлекеттің мойнында. Ел азаматтары «Бесіктен бейітке дейін» мемлекеттің қамқорлығынан игіліктенеді. Мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі: 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады.

Олар мұндай қоғамдық теңдікке мемлекеттік басқарудағы ашықтығы мен жариялылығы арқасында жетіп отыр. Үкімет жұмысы БАҚ пен халыққа ашық. Архив қол жетімді. Мемлекет басшысынан тартып қарапайым тұрғынның табысын ғаламтордан-ақ көруге болады. Өзімізбен салыстыра сөз етсек, олардың жүйесінің озықтығын жақыннан тани түсеміз.

Олардың бізбен ұқсастығы жан саны аз, табиғи ресурсқа бай.

Норвегия мен Дания мұнай мен газға, Швецария темірге, орманға бай, Финландияға қағаз өндірумен, Исландия балық шаруашылығымен байып отыр. Оларда бардың бәрі бізде бар. Бізден басты айырмашылығы жемқорлық жоқ. Бұл елдерде мемлекеттік қызмет жауапкершілікті іс саналады. Пара алу былай тұрсын, арзан пайызбен несие алуына, тегін саяхаттық жолдама алуына тиым салынған. Атақ-даңыққа ұмтылғандар да қызметтен шеттетіледі.

Бұл елдерде кәсіпті алалау, мамандар арасында жалақы айырмашылығы атымен жоқ. Еңбекақыны «Жұмыс беруші, жұмыскер, үкімет» үш тарап өзара келісу арқылы тағайындайды. Біздегі сияқты басшылардың жоғары жалақы алуы, үлкен сомада өздеріне сыиақы тағайындауына жол берілмейді. Тұрғындардың саяси белсенділігі өте жоғары. Кішкентай істі де көп болып дауыс беру арқылы шешеді.

Бұл елдерде «Табыс салығы өте жоғары, жатып ішерлерді асырай алмаймын, шетелге кетемін» - деп бұлданатын байды да, «Дайын асқа тік қасық» болып шалқадан түсіп жатқан жалқауды да көрмейсіз. Бұл олардың ұрпақтар бойы жалғасқан байлыққа, табысқа обьективті көзқарасының, мемлектшіл санасының өте жоғары екенінің көрінісі.

Есбол Үсенұлы 

Abai.kz

3 пікір