Дүйсенбі, 17 Мамыр 2021
Жер дауы 2290 2 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 19:14

Қазақ жері ешкімнің жеке меншігі болмасын!

Отыз жылдық Тәуелсіздік тарихымызда қордаланған, шешімін әлі таппаған маңызды мәселелер біздің елде өте көп. Алайда, ең негізгісі және бұдан әрі сағыздай созуға болмайтын, екі үлкен мәселеміз бар. Ол  - тіл мен жер!

Өткен аптада, халқымыз көптен күткен, «құрамына кімдер кірер екен» деп алаңдап отырған, Жер Коммисиясы бірінші отырысын бастады. Тырнақалды отырысы жаман болған жоқ деп түйдік. Алайда жер дауын шешпек болып жиналған алқа мүшелеріне, елдің көкейінде көлдей тасып тұрған, сұрақ пен ұсынысы аз емес екенін, әулеметтік желілерде желдей есіп тұрған мақалалар мен видио-аудио үндеулерден байқап отырмыз.

Біздің де осы тарапта айтар оймызбен қатар, ұсыныс өтінішіміз де бар екені, біраз елге мәлім болар. Бұрын да санамызда елім мен жерімнің болашағына алаңдаушылық болған жан ретінде, қоғамда өтіп жатқан толқындардан тыс қалмай жүрген едік. Өткен 2016 жылдан бері, жер дауы бұрқ ете қалған күннен бастап, біз де бел шеше араласып, мемлекеттік құрылымдарға, әсіресе Ауылшаруашылық миністірлігіне, ұсыныс-хаттар мен қоса әлеуметтік желілердепікір білдіріп келеміз.

Ал енді сол алқа отырысынан байқаған, түйгенімізді, қосымша сол кісілілерге ұсыныс талабымызды атап өтейік.

2016 жылдан бері, айқын екі нәрсе көрінді.

Біріншісі - отыз жылда билік қанша жерден қазақстандық қоғам жасақтағысы келіп тырысса да, жерге тек қазақ ұлтының өкілдері алаңдайтыны анық көрінді. Осыны митингілер мен кейінгі жазған-айтқан мақала тілектер легі айқындады. Оның ішінде, көпшілігі қазақ тілді қазақтар екені де жалған емес!

Екіншісі - ел тілегі қазақ жері ешкімнің жекеменшігінде болмау керегін, мейлі ата-бабасынан бері қазақ болсын, сонымен қоса шет елдік компаниялар мен жеке тұлғаларға жалға берілмеу керектігін анық көрсетті. Осының астына, «Ауылшаруашылығына арналған жер телімдері», деп анықтап қоялық.

Осы тілекті президентіміз Қ-Ж.К.Тоқаев өткенде ашық жариялап, бұлжымас Заң ретінде бекіту үшін, Мәжіліске ұсыныс кіргізгеніне, ел қатты қуанды. Енді осыны мөр басып, бекітсе деген тілек ел көкейінде тұрғанын да байқап жүрміз.

Жер дауына түйін қояр мақсатқа ұмтылған алғашқы жолдағы осы алқа-коммисияның шешімдері болар деп күтіп отырған халықтың үміті ақталалса игі болар.

Бірінші отырыстың өзінде, өзекті көп шаруа аталды. Көрдік. Естідік. Қуандық.

Алайда Алмасбек Садырбаев сынды (сөз ойнатып бұрмалаудың шебер актері) бауырымыздың «Жер жекеменшігін лоббировать» етіп, латифундия мен АШМ айналасындағы қазақ жерін тауар ретінде қолданысқа кіргізіп жіберуге құштар топтардың «ащы дауысты рупоры» екенін көріп отырып, налығанымыз да рас.

Ол ойлары бола қоймас. Осы қалың қазақ болдырмас. Бізде үлес қосармыз.

Ендігі алқа кеңесінде, концептуалды маңызды бағыттарды айқындап, әр мүше ашық түрде дауысқа салып, шегелеп алып, сол тұғырды негізге ала отырып, әрі қарай маман заңгерлер, әр бапты саралап отыра өзгерістерді ұсынса, іс нәтижелі болатынына күмән жоқ.

Енді концептуалды тұғырлар жайын тізіп көрелік.

1. Ашық кадастр.

2. Космомониторинг.

3. Бірыңғай салық.

Осы тұсты түсіндіріп өтейін. Бұл дегеніміз, жер алдың ба, салық төле. Ектің, екпедің, мемлекеттің шаруасы жоқ. Салық төле. Нүкте. Әйтпесе «екпедім» деп, еккен жерін көрсетіп, сеткасына байланысты, гектарына 35-45 тенге арасында, құзырлылармен келісіп отырып, (яғни пәре), тиын төлеп отырған латифундия «батырлары» қаптап кетті.

Ал енді жайылымға алған жер телімдеріңіз болса, жер мал саныңызға шақ болсын. Әйтпесе бір малы жоқ, ал бірақ, өздері қалада отырып, мыңдаған га жерге ие азаматтар, ауылдағы қарапайым қазаққа шабындық беріп, шапқанының 50%-ын алып-сатып, жайылымына рұқсат беру үшін соғым сұрап жатқанын да жақсы білеміз. Мал санына шаққанда нормаға тура келер жерге, салық жоқтың-қасы болсын, ал артық жері болса, салық болу керек.

4. Банктерге кепілге бір кездері өтіп кеткен АШ арналған жер телімдері, толық мемлекет меншігіне қайтарылуы керек.

5. Жал нарығы.

Осы жердеде түсіндіп кеткеніміз жөн болар. Бізде бүгінде жал нарығы, онсызда астыртын жүріп жатыр. ШҚ иелігін (немесе ИП), сол сияқты ЖШС иелігін ауыстыру арқылы жүріп жатыр. Біздің өңірде шабындық-жайылым жерлер саудасы, орта есеппен гектарына 2000 тенге шамасында болып тұр. Мемлекет осы жерде тыс қалып отыр.

Ал біздің ұсыныс бойынша, жалға алған жеріңіз бар болса, қалған жал уақыт мерзіміне дейін пайдалануына беремін деген адамыңызға, нотариус арқылы, әрі қарай жер комитеті арқылы ауыстырып беруге толық құзырың болмақ. Сонда берген сіз де, алған ол да мемлекеттке салық төлей отыра, ашық көрініп тұрған боласыз. Ал бүгінде, түрлі жағдайларға байланысты, «жермен енді айналыспаймын» деп, «заңды түрде біреуге беремін» деген оймен, мемлекетке өткізсеңіз, онда сол жеріңіз аукционға түспек. Ал содан-соң сіздің «беремін» деген адамыңыз, ол жерге ие болуы екіталай. Оны әрі қарай әкім шешетіні, құпия емес, бәрімізге. Әкім жанындағы Жер коммисиясы деген бос сөз екені құпия емес. Амал жоқ, ШҚ ЖК неменсе ЖШС иесінің қатарына, әлгі адамды кіргізіп, өзіңіз сол сәтте иеліктен шығып кетіп, мемлекетті алдап, мемлекеттің сізге жалға берген жерін сатып отырған боласыз. Сондықтан жал нарығы ашық болса дейміз.

Тағы бір анықтап кетер жәйт бар. Біраз бауырларымыз, «неге тек Ауылшаруашылығына арналған жер жекеменшікте болмау керек, шетелдікке жалға берілмеу керек», деген сұраққа ден қойып жатады.

АШ арналған жер дегеніміз, ол қазақ жерінің 90%-ын құрайды. Сондықтан жер кодексінің, ең қауіпті тармағы осы. Бір Кулагиннің 16 жылғы коммисияда мойындаған жері - 180 000 гектар. Аталмаған, мойындалмаған қанша миллондаған жер телімдері барын, ойлай беріңіздер.

Тағыда біраз ұсыныстарымыз бар. Бірақ осы тұста сөзді созбай, кейінге қалдырайық. Алқа мүшелеріне айтар тағы бір үлкен уәжіміз бар. Сіздер әрқайсыңыз, осы алқа-коммисия мүшесі ретінде, қабылдаған шешімдеріңізге байланысты, болашақ тарих үшін, қазақ жерінің тағдыры арқылы, қазақ елдігінің болашағын сақтаған елдің батыры болатындарыңызды, не елдің тамырына балта шапқан сатқын, қарабет болар бұралаң жол айрығында тұрғандарыңызды терең түсінсеңіздер! Ел үшін де, өздеріңіз үшін де осыны қаперлеріңізден шығармаңыздар!

Бәрі сіздердің шешімдеріңізге байланысты. Су ағады, тас қалады. Билік ауысады, бірақ, ел қалады! Қазақ жері ешкімнің жекеменшігі болмасын! Шетелге жалға берілмесін! Жеріміз бен еліміз аман болсын!

Жексен Абдрахманов

Abai.kz

2 пікір