Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2112 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 08:16

Ресей әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар тізіміне 28 қазақстандық ұйымды енгізуді ұсынады

Ресей тарапы ҰҚШҰ шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындар тізіміне 28 қазақстандық ұйымды енгізуді ұсынады.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҰҚШҰ шеңберінде әскери мақсаттағы өнім жасауға қатысатын кәсіпорындардың мамандануын сақтау туралы келісімді талқылау барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов мәлім етті.

Министр өкілінің айтуынша, 2004 жылы Қазақстан мен Ресей арасында әскери мақсаттағы өнім шығаратын кәсіпорындардың мамандануын сақтау туралы келісім жасалды. Бұл келісімде ондай кәсіпорындар тізімі де бекітілген. Оған қазақстандық -26, ресейлік 31 кәсіпорын кіргізіліп отыр.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы қолданыстағы келісім 2014 жылға дейін күшінде. Ал бүгінгі ҰҚШҰ шеңберіндегі келісім әскери мақсаттағы өнім жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтауды кеңейте түседі. Соған байланысты бұндай кәсіпорындардың тізімі қайта қарастырылатын болады. Сондықтан да Ресей тарапы бұл тізімге 28 қазақстандық кәсіпорындарды енгізуді ұсынады», - дейді Талғат Жанжүменов.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498