Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4801 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 08:53

Жеті атасын білмеген жетесiз...

Қазақтың шежіресі - қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұс­­тысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын - өз жұр­ты, нағашы жұрты, қайын жұр­тын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Же­телі еді, көргенді еді. «Жеті ата­сын білмегенді жетесіз» дей­ді жұрт. «Жігіттің жақсы бол­мағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туа­ды, адам айтса нанғысыз, жақ­сыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа ал­ғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.

Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсін­бегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұ­қиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөп­шек, өбере, туажат, жүрежат, жек­жат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге та­нитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні бата­сына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.

Қазақтың шежіресі - қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұс­­тысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын - өз жұр­ты, нағашы жұрты, қайын жұр­тын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Же­телі еді, көргенді еді. «Жеті ата­сын білмегенді жетесіз» дей­ді жұрт. «Жігіттің жақсы бол­мағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туа­ды, адам айтса нанғысыз, жақ­сыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа ал­ғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.

Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсін­бегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұ­қиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөп­шек, өбере, туажат, жүрежат, жек­жат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге та­нитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні бата­сына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.

Астанада «Шешендік өнер орталығында» қызықты оты­рыс өтті. Ресейде, Екате­ринбург қа­ласында «Академия Родоло­гии» атты академия жұмыс жасайды. Мұның президенті - ақын, профессор Валерий Васильевич Докучаев деген кісі және оның жары, профес­сор Лариса Николаевна Доку­чаева. Осы профессорлар Ре­сей­дің бірнеше қаласында және Қазақстанда, Украинада осы Тектану мәселелері бойын­ша жұмыс жасайды. Өзіңнің тегіңді білу, оның заңдылық­тарын жақсы түсіну, өзіңнің жеке адами қасиеттеріңнің артықшылықтары мен әу­летіңнің даму-тарау мәселесін ұғыну, Тек қуатын қолдана білу және өзіңнің, тағы да әу­летіңнің дамуына үлес қосу, сондай-ақ шежіре мен текті сақтау мен ұрпаққа аманат ету бағытында әрекет етеді. Олар Астанаға келді. Екі айда бір келіп тұрады екен. Кез келген нәрсе салыстыру арқылы та­нылады емес пе?! Аталған ма­ман­дардың бір-екі ауыз пікірін, көзқарасын қағазға түсіріп, көзі қарақты оқырманға ұсы­нуды жөн санадық:

- Ұрпақтан ұрпаққа не беріледі? Біздің идеологиялық (КСРО) жүйе бізге «ұрпақтан ұр­паққа физиологиялық ерек­ше­ліктер ғана беріледі, ал қалғаны жүре қалыптасады» деп үйретті. Расында ол солай ма еді? Мысалы, сіздерде, қазақ халқында тек, ата-баба рухы, шежіре секілді мәсе­лелер отбасында үйретіліп, атадан балаға жүйелі, дәстүрлі түрде бе­ріліп, аманат етіліп отырған. Ал Ба­тыста бұл таным басқаша қа­лып­тасты. Біздің айналыстатын Тек­тану (Родология) ілімі барды жаң­ғырту, жоқты табуды көздей­ді. Яғни ұрпақтан ұрпаққа психо-физиологиялық ерекшеліктермен қатар, мінез-құлық ерекшеліктері, әдет-қылықтар, дүниетаным мен ойлау жүйесі, яғни тәрбие арқылы ғана емес тұқым қуалау арқылы берілетін барлық қасиеттер мен ерекшеліктерді зерттейді. Сіз­дердің және біздің мәдениетте ата-ана осы генетикалық ерек­ше­ліктерді жақсы түсінеді. Ал еуро­па­лық мәдениетте тек туралы түсінік жоқ. Оларда тек қана отбасы (фемили) ұғымы бар. Сондықтан да біз белгілі бір үдерістерге қарсы тұрып, ұлттық құндылықтарымызда сақтап қалу үшін және оның артықшы­лық­тарын ұрпаққа үйрету үшін осы тек мәселесімен айналысып, оны «Тектану» деп атадық.

Тек туралы ілім. Тектану ака­демиясын құр­дық. Соның ая­сын­да Халықара­лық тек мәдениеті мектебінің іргета­сын қаладық. Міне, 17 жыл бойы осы іліммен ай­на­лысып келеміз. Ал біздің ака­демияның Қазақстанға қызығу­шылығы - қазақ ұлтында тек мәселесінің сүйекке сіңгендігінен туындап отыр. Мейлі ол ұлтаралық тәжі­рибе алмасу болсын, мейлі ол ұр­пақтарды жақындастыру бол­сын, бірақ мұнда біз қазақ ба­ла­сына үйрете алмаймыз, жай ғана осы өзінде бар артықшылықтарға үйірсек етуді мақсат тұтамыз. Неге? Өйткені бұрынғы Кеңестік Одақта өмір сүрген халықтардың революция мен Одақ құлағанға дейінгі тарихы ортақ. Ортақ тарих бізге ортақ мәселелерді қалдырды. Мысалы, репрессия мен ашар­шылық, соғыс пен атом бомба­­сы­ның зардаптары секілді зұлмат­тар сол кезеңдегі ұрпақтың басын жұтып қана қойған жоқ, одан кейінгі өмірге келген ұрпақтарға да зардабын тигізіп отыр. Мы­салы, бүгінгі ұрпақ өз басында туын­даған көптеген аурулардың, аг­рессия мен депрессияның, тұ­й­ық­тық пен оқшауланудың, тіл мен дінді ұмыту себептерін, рух­сыздық пен тарихи зердесіздік­тің себептерін түсіне алмайды. Тіпті, бұлардың қайдан келгенін де ой­ланбайды. Ал барлық мәселе осы текте жатыр. Ата-баба бо­й­ын­дағы барлық қиыншылық­тар мен қар­ғыстар, күнәлар мен дерт­тер ұр­паққа айналып келіп со­ғу­да.

Қарапайым ғана мысал кел­тірелік. Егер сіздің атаңыз 18 жа­сында соғысқа қатысқан бол­са, сізде дәл сол 18 бен 20 жас ара­лы­ғында ерекше бір агрессия бо­лады. Сіздің қолыңызға қару ұстағыңыз келеді. Адамдарға де­ген кектенушілік және өзгелерді жау көрушілік сезіле бастайды. Оның себебі тағы да сол, сіздің атаңыздың сол жаста сол сезім­дерді кешіргендігі. Тек мәдение­тін білу, дұрыс түсіну сізге та­мырды сезінуді, кез келген мә­се­лені түп-төркінінен қарас­ты­ру­ды үйретеді. Ал тегін жоғалт­қан әу­леттің ұрпағы өзінің отбасын да жоғалтады. Бұл - нақты ста­тис­тикалық дерек. Яғни репрессия кезінде атаның айдауға кетуі, яғни отбасынан ажырауы, ұрпағында белгі береді. Дәл сол атасының айдауға кеткен жасында оның ұрпағы да отбасынан кетуге бейім келеді. Өйткені ол оның түпкі се­бебін түсінбейді. Түсінсе, ол соған қарсы, яғни қандағы қасіретке қарсы күресер еді. Бұл бір ұрпаққа дей­ін емес, бірнеше ұрпаққа дейін, мұны саналы түрде тоқ­тат­қанға дейін жалғаса береді. Әу­леттегі бір ер адамның кетуі, бас­қа да сол әулеттің ер адамдары­ның кетуіне алып келіп соғады. Яғни «Кетуге бейімділік моделі» қалып­тасады. Сол кезеңде ер адам­­дар ай­дауға я болмаса со­ғысқа кет­кен болса, бүгінгі жағ­дайда ұрпақ­тың отбасынан ке­туіне, бел­гілі бір істі тастап ке­туіне, туыс­қан­дардан кетуіне итер­мелейді. Тіпті, на­ша­қорлық пен ішімдікке, қылмысқа итер­ме­лейді. Әйтеуір бір қалыпты нор­мадан кетуі керек болады. Бізде және біздің еуропалық әріптес­терімізде «Ата-бабалар синдромы» деген жаңа ұғым пайда болды. Бұл - жоғарыда атап өткеніміздей, ата­лардың белгілі бір уақытта, бел­гілі бір жасында кешкен жағ­дайы ұрпақтар үшін «сына­малы кезеңге» айналады. Атасы 45 жа­сында өмірден өтсе, 45 жас неме­ресі үшін сынамалы кезең. Бұл немересі де сол жа­сында өледі де­ген сөз емес, сол жаста немере басында белгілі бір қиындықтар туады. Біз жұмыс жасайтын көп­теген отбасыларда осы жағдай­ларды байқадық. Қазақтарда «мүшел жас» деген ұғым бар емес пе, осы мүшелмен атасының ба­сына жағдай туған жас сәйкесіп жаста, бұл тіпті қиын­дықтар ту­ды­рады. Ал өз те­гінің арғы-бергі тарихы мен әулет басынан ке­шір­ген жағ­даяттарды жетік білген адам бұлардың алдын алуға қа­білетті келеді.

Біздің Ас­тана қа­ласындағы өкіліміз - Әлия Са­ғымбаева ай­налыстатын тағы бір мәселе бар. Ол белсіздік және бе­деулік мәсе­лелері. «Психоло­гия­лық бедеулік» деген ұғым бар. Ана­ның немесе ер адамның тәні сау, бірақ өмірге ұрпақ алып келе алмайды. Қа­лай­ша? Мұның та­мыры тереңде жа­тыр. Арғы ата-аналарда өмірге кел­ген сәбидің ерте шетінеуі, кей­ін­гі ұрпақ бо­йында бейсаналы түрде үрей ту­ғызады. Ұрпақ оны түсіне ал­май­ды. Былайша еш қорқыныш жоқ секілді, тіпті, олар ата-бабалар өмірінде болған ол қасіреттен бейхабар болуы да мүмкін. Бірақ қан бойынша ке­летін үрей болады. Сол үрей мен қорқыныш ананың өмірге бала алып келуін тежеп оты­рады.

Ол тағы да баланың жы­нысына қатысты мәселеде ма­ман. Мы­салы, оның аңға­руын­да, Құ­дай­дан ұл сұрап, қыз туылған жағ­­дай­да, кейін сол қыз бала өзін кінәлі сезінетін болады. Тіпті, «ер­кек шо­ралық» пен «қыз­теке­лік» се­кіл­ді күрделі құбылыс­тар­дың өзі осындайдан тууы ғажап емес. Мә­селен, отбасы қалай құрылады? Бір әулеттің бойында бар қа­сиет­тер сол қасиеттер жоқ және оның есесіне өзінде жоқ, бірақ басқа әу­летте бар әулеттерді өзіне тар­тады. Дәл бір табиғаттың өзін­де­гідей. Содан кейін екі әулет ара­сын­дағы үйлесім пайда бола­ды. Ал олай болмаған, отбасылар кез­дейсоқ құрылған жағдайда олар­дан туылған ұрпақ ата мен ана бо­йындағы қарама-қайшы­лық­тарды қабылдай алмай, қай жа­ғы­на, яғни өз жұрты немесе наға­шы жұртының біріне қарай ауып кетеді. Біріне ғана ауып кет­кен жағдайда, ол міндетті түрде өзінің ішкі қайшылықтарына тәуелді болып шығады. Неге де­сеңіз, оған көмектесе алатын күш - тек қуаты қарсы жақтағы әу­летте қалып кетуі мүмкін.

Бізде, Ресейде бұл Тектану ілімі, әсіресе, отбасылық дәрі­гер­л­ер үшін аса маңызды болып отыр. Медицина қауқарсыз бола­тын дерттердің түбін тану, оның пайда болуы себебін түсінуге Тектану ілімінің көмектескен жағ­дайлары аз емес. Башқұрт­стан­да «Шежіре» атты ресми ме­реке бар. Ол жақтың дәрігерлері шежірені танудың кез келген шетін аурулардың се­бебін білуге көмектесетінін жақсы біледі. Түр­кі халықтарында, әсі­ресе, қа­зақ халқында тек мәсе­лесінің, ше­жі­ренің мыңжыл­дық­тарға кететін тарихы бар. Пси­хо­логтар мен педагогтар, дәрігерлер үшін осы тек мәселесін жаңғырту, оның жете танудың ұлт саулығы үшін алып келер пайдасы ұшан-теңіз. Өзінің ата тегін білетін ұрпақ «Тек қуатын» өзінің игілігіне жұмсай алады. Әркім өз тегімен мақтануы керек.

Ерлан ЖҮНІС

12.04.12.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498