Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4678 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 08:57

Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері: Біздің үйіміз- кішкентай Жазушылар одағы сияқты

Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері: Біздің үйіміз- кішкентай Жазушылар одағы сияқты

Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері: Біздің үйіміз- кішкентай Жазушылар одағы сияқты

- Жақында «Айтқым ке­ле­ді» атты жаңа кітабыңыз жарыққа шықты. Бұл Астанаға көшкеннен кейін жазылған өлеңдер ме?
- Жоқ, бұл кітапқа Астана­ға көшпей тұрып жазылған өлең­дерім енді. Ал Астанаға келісі­мен менің өмірімде мүлде бір бө­лек, жаңа кезең басталды. Ас­тананы қатты ұнаттым. Ерек­ше жақсы көрдім. Көшесінде өзімді шексіз бақытты сезіндім. Мен оның аязын да, желін де, батпағын да, масасын да жақсы көремін. Имандай шыным. «Се­­­нің көзің бұлтсыз аспан еді!» деп жырлаушы еді ғой Бауыржан Үсенов. Бұлты жоқ көкпеңбек аспанды осы Аста­нада көрдім. Екінші тынысымды ашып, шабытыма шоқ тастаған Астананы неге жек көрейін? Қолыма қалам ұстағалы күніне үш өлеңнен жазған кезім есімде жоқ. Сондай шабытты күйді мен Арқа жеріне келгенде бас­тан кешірдім. Осы қалада жа­зылған өлеңдерімді бөлек кітап етіп шығаруды жоспарлап жүр­мін.
- Жаңа кітабыңызды қай­дан табуға болады?
- «Айтқым келеді» атты соң­ғы шыққан жинағымды рес­публиканың барлық түкпі­рінен, «Меломан» сауда дүкен­дерінен сатып алуыңызға бо­ла­ды. Және өзіммен қатарлас шыққан, қалған бес автордың да кітабын сол жерден таба аласыздар.
- Өзіңізбен бірге «Алтын қыран» халықаралық қайырым­дылық қоры шығарған қалған бес авторға Асылзат Арыс­тан­бекке, Серік Сағынтайға, Ерлан Жүніске, Мирас Асанға, Құл­төлеу Мұқашқа көзқарасыңыз қандай?
- Өте жоғары. Олардың кей­ін қазақ әдебиетіне қадау-қадау қазық болып қағылаты­нына сенімім мол. Екпіні күш­ті, үлкен серпіліс әкелген авторлар. Тіпті, олар әдебиетті белгілі бір өлара кезеңіндегі депрессиядан құтқарып қал­ғандай әсерге бөлейді. Автор­лардың өлеңге деген талғамы зор. Жыр жазуға ерекше ма­шық­танған, жаңалыққа құмар, эксперимент жасаудан қо­рық­пайтын жаңашылдығымен таң­­ғалдырады. Бұл авторлар ин­тер­нет порталдарда резо­нанс тудырды, үлкен сұраныс­қа ие болды. Әрине, бұл менің жеке пікірім. Осы кітаптардың тұ­саукесеріне орай ұйымда­сты­рыл­ған тұсаукесерде Фариза Оңғарсынова мен Мырзатай Жол­­дасбеков те авторларға жү­рек­жарды лебізін білдіріп, әділ бағасын берді.
- ТМД мемлекеттерінің жас ақын-жазушыларының арасында әдеби байланыс бар ма? Қандай шетелдік қаламдас әріптестерің­мен араласып тұрасың?
- Соңғы жиырма жылда, ра­сын­да ТМД мемлекеттерінің жас ақын-жазушыларының арасында қарым-қатынас күрт үзіліп қал­ған еді. Тек соңғы төрт-бес жыл­да ғана сол қарым-қатынасты қай­та тірілткісі келетін бастама­лар пай­да бола бастады. Жақында Ал­мат Исаділ, Дәурен Берік­қа­жыұлы және мен Мәскеуде өткен ТМД мемлкеттерінің жас ақын-жазушылары мен интеллеген­ция­­сының басын қосқан форум­ға қатысып қайттық. Форум он күн­ге созылды. Бұл жас ақын-жазушылар бірін-бірі танып білуге жеткілікті уақыт. Бұл са­парда ерекше есімде қалғаны - Есенин тұрған Рязаньға қарасты Константинова ауылына барға­нымыз. Есенин отырған партаға отырып, сол дәуірдің сиясымен хат жаздық. Есенин өлең жазған амбарда болдық. Өзі тұрған үйіне кіріп, өзі жырлаған қайыңдардың қасында суретке түстік. Гид бізге барғаннан қайтқанша Есениннің барлық өлеңдерін жатқа оқып, қайран қалдырды. Ал екінші гид Есениннің күнделіктері мен хат­тарын жатқа оқиды екен. Әсерін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы жолы біз армян, әзір­байжан ақындарымен достасып кеттік. Ал Францияда оқып жүр­генде, украиналық Виктория Чер­­ничук деген ақынмен аралас­тым. Қырғыз, өзбек, тәжік ақын­дарымен де байланысымыз бар. Түркияға да поэзия фестиваліне барғанда, біршама түркітілдес ақындармен дос болып қайттым. Қазір сол таныстарымызбен бір­лесіп үлкен жобаларды іске асы­ру­ды жоспарлап отырмыз. Оның қаншалықты жүзеге асатынын алдағы уақыт көрсетеді.
- Өз қатарластарыңыздың ара­сын­да халықаралық поэзия байқауларының жеңімпазы болуға алғаш қол жеткізген ақынның бірі­сіз...
- Бұл «ТМД мемлекеттерінің жас ақын-жазушыларының» ара­­сында өткен «Дебюттер дос­­тас­тығы» атты халықаралық поэ­зия байқауы болатын. Біз өлең­дерімізді орысшаға аудартып, Мәскеудің Жазушылар одағына жібердік. Бірнеше күннен соң, қуа­нышты хабар жетті. «Жеңім­паз­дардың қатарындасыз. Сізді Ресей президенті Медведев ка­был­дайды. Әрі Ресей президен­ті­нің әдебиет номинациясы бой­ынша берілетін стипендиясына ие болдыңыз» деп төбемізді көк­ке бір-ақ жеткізді. Алайда сол жылы Ресей мен Грузияның ор­та­сында болған соғыстың сал­да­рынан Ресей президенті бұл игі шараға қатыса алмады. Есе­сіне, Тәжікстанның президенті Э.Рах­монов осы сыйлықты та­быстау құрметіне ие болды. Құт­тықтау шарасы Душанбеде Э.Рах­мо­нов­тың резиденциясында өтті.
- Өлеңдеріңізді орыс тіліне кім аударды?
- Өлеңдерімді кезінде Арон Атабек деген ақын аударған. Мен Арон Атабек жайлы марқұм Ға­лым­жан Мұқанов ағамыздың ау­зынан көп естуші едім. Бір күні Аронның кеші КИМЕП-тің ғи­маратында өтейін деп жатыр де­генді естіп, Дәурен екеуміз іздеп бардық. Ол кезде поэзияның жағ­дайы өте ауыр еді. Ақын­дар­дың шығар-шықпас жаны бар. Кеш өткізу мүлде сиреген заман болатын. Кештен ерекше ләззат алып қайттым. Әрі қатты таңғал­­дым. Арон бірнеше сұлу қыз­дарды өзінің Музасы деп жария­лап, сахнаға алып шығып, өлең оқыды. Өмірлік жары бар адам­ның шығармашылықта бұ­рын-соңды мұндай еркіндігін көр­ген емеспін. Тура мағына­сын­да мә­де­ни шок алып қайт­тым. Кейін өзімен жеке танысып, өзімнің авторлық кешіме қонақ ретінде шақырдым. Кешке ол ойламаған жерден менің екі-үш өлеңімді аударып әкеліпті. Арон­ның сол аудармаларының арқа­сын­да мен халықаралық бай­қау­дың жеңім­пазы болдым. Араласа келе, Арон Атабекті жаны нәзік, лирик ақын ретінде таныдым. Кіші­пейіл, адамға ілтипаты зор, жү­регі жұмсақ ақын ретінде есім­де қалды. Ал қазір рухын еш­кім сындыра алмаған батыр, әрі қа­зақтың ғасырлар бойы генофоны арқылы өлмей келе жатқан қай­сарлығы мен өжет­ті­гін осы адам­ның бойынан көре­мін.
- Ақын, аудармашы Дәурен Бе­рік­қажыұлына тұрмысқа шық­қаныңызға он бес жыл болыпты.Дәуренге жар болу қиын ба? Жоқ, әлде, ақын Танакөзге жар болу қиын ба?
- Танакөзге жар болу - мәр­те­бе, Дәуренге жар болу - бақыт деп жауап берген болар едім. Жұрт ойлағандай ақынның ақ­ын­­­ға жар болуы қорқынышты әрі азапты дүние емес. Керісінше, өзіңмен өзің үйлесім табудың, бақытты болудың бір жолы деп қараған жөн. Әйел адам әкесінің тәрбиесінен кейін күйеуінің тәр­биесіне өтеді. Әйелдің тұтас тағ­дыры тек ер-азаматтың шешіміне байланысты болады. Біздің жұп­тағы қарым-қатынас еркіндігі қазақи қарым-қатынастан көрі, еуропалық қарым-қатынасты еске түсіретіндіктен көбі түсін­бей, аңтарылып қалып жататыны өтірік емес. «Дәуренге жар болу - бақыт деген сөз» - менің өмі­рім тұтас қуаныштардан ғана тұр­ды дегенді білдірмейді. Менің өмі­рімде де көңілсіз, қайғылы сәт­тер бір адамның басына же­тер­ліктей болды. «Әлсіздер кек қай­тарады. Мықтылар кешіреді. Бақыттылар ұмытады» деген қа­натты сөз бар ғой. Менің өмірім­де болған көңілсіз күндер тез ұмы­тылады. Соған қарағанда мен бақыттылардың қатарын­дамын. Шүкір. Дәуреннің ең үл­кен қасиеті бар - ол барлық нәрсеге кең тұрғыдан, үлкен жү­рекпен қарайды. Әділетті. Ұсақ-түйектен жоғары, азаматтығы биік. Және маған қарыштап қа­нат сермеуге шығармашылық еркіндік берген адам. Біз бір-бірімізден үйреніп, бір-бірімізді толықтырып келе жатқан адам­дар­мыз деп түсінемін. Біз өз үйі­мізді кішкентай жазушылар ода­ғы сияқты сезінеміз. Өйткені күн­де дастарқан басындағы әң­гіме әдебиет төңірегінде болады. Дәурен, тіпті, тамақ ішіп отыр­ғанда, поэзияның аудиодискі­лерін қойып қойғанды ұнатады. Ал музыка тындаудағы талғамы қазіргі кәсіби музыканттардан артық шығар деп ойлаймын. Ол үйде жүргенде адам естімеген таңғажайып музыкаларды интер­неттен тауып алады. Сонда сенің өміріңнің кейбір бөлшектері му­зыка ойнаған сайын есіңе түсіп отырады екен. Жалпы, тұрмысқа өзімнен биік, өзімнен ақылды, өзімнен терең адамға шыққа­ным­ды білемін. «Гауһартас бат­пақта жатса да гауһартас. Шаң аспанға көтерілсе де шаң болып қалады» деген қанатты сөз бар ғой. Ол өзінің бағасын біледі. Әлдекімдер сияқты өңмең­демей­ді, жанталаспайды. Істің адамы. Алла тағаланың екеуміздің ба­сымызға бергенін қиындық деп қарасақ, онда ол үлкен күпірлік болар еді. Мен осы күнге дейін басымызға берілген қиындықтың өзін бағым деп қабылдаймын. Өйткені ол шыңырауға қарай құл­дилауға емес, биікке қарыш­тап көтерілуге серпін берді.
- Спортпен айналысасыз ба?
- Мектепте таэквандо, ка­ра­тэ­мен айналысқанмын. Анам мен тәрбиеші апайым қыз балаға қол емес деп қарсы болып, бұл үйірмеден шығарып алды. Сосын баскетболға қатыстым. Мектепте оқып жүргенде, Ақбота Керім­бекова екеуміз үнемі қарсылас командада ойнайтынбыз. Біз бір мектепте параллель класта оқы­дық. Мен үйленіп, кішкентайлы болған соң да спорттан қол үзген жоқпын. Түрлі фитнес- клубтарға жазылып, жаттығуларға қатыса­мын, бассейнге барып тұрамын. Қазір аптасына үш рет шейпингке қатысамын. Спортты ерекше жақ­сы көремін. Ол да бір дін сияқты. Жаттығу уақыты тая­ған­да мұсылман баласының намазға асыққанындай жүгіремін. Дене сымбаты да үлкен еңбектің же­місі. Мен Дәуреннің қасында ең­сем биік болып, жарқырап жүргенді қалаймын. Әлдекімдер мына жігіттің талғамы қандай нашар деп айтпаса екен деп ойлаймын. Өйткені әйел - ер азаматтың айнасы.
- Кезінде өзіңіз «Болашақ» бағ­дарламасымен Францияға бір жыл оқуға кетіп едіңіз. Енді жол­дасыңыз Дәурен Туркияға оқуға кетті деп естідік. Екі бөлек өмір сүру қиын емес пе?
- Ия, Дәурен ТҮРКСОЙ-дың шақыртуымен үш айға түрік тілін оқуға кетті. Түркітілдес ал­ты мемлекеттен бірнеше ақыны арнайы Анкараға шақыртылды. Олар атақты Гази университетінде түрік тілін үйренген соң, екі ел арасында әдеби көпір орнатады. Түрік ақындарын қазақшаға ау­дару ісі жоспарлануда. Қазір ин­тернеттің арқасында бүкіл жер шары кішкентай ғана ауыл сияқ­ты болып қалды ғой. Скайппен күнде сөйлесеміз. Мен Франция­ға кеткен 1999 жылдары Қазақ­станда интернет әлі дұрыс дами қойған жоқ еді. Сол кезде, қатты қиналдық. Екі бөлек өмір сүру қиын. Бірақ артықшылығы да бар. Бір-біріңнің қадіріңді те­рең­і­рек ұғуға араны бөліп тұрған қа­шықтық көмектеседі екен.
- Сіз үшін қазір поэзияның қан­дай дәуірі өтіп жатыр?
- Қазір қазақ поэзиясында ре­нес­санс дәуірі басталғандай әсер қалдырады. Артымда келе жатқан алапат ақындарды көр­дім. Өзіндік дауысымен, сойқан екпінімен келе жатқан осы бір ақындарды тәңірім тіл көзден сақ­таса екен деп тілеймін. Әсіре­се, Қарағандыда Серік Ақсұң­қарұлының мектебінен шыққан тұтас жас ақындардың қағанаты пайда болды. Бұрын-соңды көр­меген бекзада жырларды оқып отырып, қайта тірілгендей бол­дым. Бірде Дәурен: «мына бір жиырмаға енді толған жас ақынға Роллан Сейсенбаев «гений» деп баға беріпті. Оқып шықшы» деп бір кітапты ұстата салды. Мен жазушы ағамыздың ешкім таны­майтын жас балаға бұлай тым үл­­кен сөздер айтқанына алға­шын­да сенімсіздік білдірдім. Бір-екі өлеңін оқып көрейін деп кітабын ашқаным есімде. Бір қа­расам, түннің ортасы болып ке­тіпті. Мен кітаптың аяғына жетіп, бір-ақ тоқтадым. Бұ­рын-соңды бұлайша есім кетіп кітап оқығаным есімде жоқ. Жас шайырға баға өте әділ берілген екен. Жиырма жаста поэзияға мұндай екпінмен келу - бұрын-соң­ды болмаған. Таңғажайып ақын!
- Астанада әдеби орта қан­дай?
- Астанада әдеби орта қалып­тасып­ты. Тіпті, бүкіл Алматы кө­шіп келіп алғандай әсерге бөлей­ді. Алматыда соңғы жылдары ақындардың басы қосылмайтын болған. Қосылған жағдайда өлең оқылмайтын. Астанада керісіше, ақындардың басы жиі қосылады жане барған жерде өлең оқылады. Керемет емес пе?
- «Мәссаған» сайтына жария­ланган «Өлгім келеді» өлеңіңіз өте үлкен дау тудырды. Оқырмандар пікірі екіге жарылды. Бір аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде өлең 1003 рет оқылып, оған 53 пікір айтылған екен. Пікір әлі толастар емес. Өзіңізге айтылған сынға қалай қарайсыз?
- Әділ сынға қашан да жақсы қараймын. Сын есту оңай емес. Әсіресе, алғаш естіп, оны қорыт­қанша, кез келген адамның бір тулап алатыны өтірік емес. «Өл­гім келді» өлеңінде мүлдем суи­цид туралы әңгіме айтылған жоқ. Ол біреуге өлердей ғашық адам­ның ішкі монологы ғана. Бұл өлеңді оқыған жасөспірімдер өзі­не қол салуы мүмкін деген болжамға дейін айтылып үлгерді. Мен сайтта жарияланған өлең­деріме бей-жай қарамаған адам­дардың бәріне шексіз алғысымды айтамын. Біреу мені жанын са­лып ақтады. Мен үшін олардың жүрегі екі есе ауырып отырғанын түсінгенде, көңілің марқаяды екен. Біреу өлеңнің мүлде ұна­май­тынын айтты. Өлеңім ұна­ма­ған адамдарға да алғыс айтамын. Әсіресе, өзінің пікірін бетпер­де­сіз ашық айтатын адамдарды құр­меттеймін. Ең бастысы, еш­кім оны назардан тыс қалдырған жоқ.
- Бұрын кеңестік дәуірде ақындар ел аралап, халықпен жиі кездесу ұйымдастырып тұрушы еді. Қазір сол дәстүр өлді. Сіздерге ел аралап кеш өткізіп, халықпен дидарласуға мүмкіндік жоқ па?
- Сіз өте бір орынды мәселені көтердіңіз. Расында да, бұл дәс­түр жоғалды. Бірақ біз жақында ғана шыққан алты кітаптың тұ­саукесерін республикалардың ірі қалаларында өткізудің жобасын дайындап жатырмыз. Ол қолдау тапса, міндетті түрде ел аралап кеш өткізіп, кітаптарымыздың тұсауын әр облыста, әр қалада кесетін боламыз. Халық сол кез­де ақындардың өлеңін өз аузынан тыңдап, қолтаңба ала алады. Шы­нымды айтсам, сол кездесу­лерге кереметтей асығып жүр­мін.
-Шығармашылығыңызға табыс тілейміз!
- Сізге де көп рақмет!

Әңгімелескен Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498