Анаңды ақшаға сатасың ба?
Бай болу, шалқып өмір сүру өте оңай.
Жапондар Курилдің төрт аралын Ресейден 28 миллиард долларға сатып алғысы келіп еді, бірақ олар бермеді. Курил аралдарының жалпы аумағы 15,6 мың км² ғана. Ал Қазақ елі жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Егер Қазақстан аумағын сол стандарт бойынша сатар болсақ, менің жаман математикам бойынша төрт жүз мың триллион долларға сатылады екен. Қазақ жерін солай сатып 10 миллион қазақ әрқайсымыз 40 миллион доллар қалтаға салып алып, шетелге шығып жақсы өмір сүрейік.
Соншама ақшасы бар он миллион қазақ сіңіп-сіңіп жоқ болатын қуыстар әлемнің кез-келген бұрышынан табылатыны хақ.
Бірақ сен қайбір жерге барып қалай өмір сүресің? Өмір сүруге кепілдігің жоқ қой.
Алла Тағала сені адам етіп Қазақ жеріне туғызды. Қазақ жері сенің жеті, жетпіс жеті ата-бабаңнан аманат еткен Отаның, Отан-Анаң.
Сен анаңды ақшаға сата аласың ба?
Бүгінгі қазақ билігі мен билік шетінде жүрген жастардың есте сақтайтын, оянатын, ойланатын нәрсесі көп-ақ...
Амантай Тойшыбайұлының жазбасы
Abai.kz