Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
3398 1 пікір 14 Сәуір, 2021 сағат 14:05

QazVac-ты жасаған ғалымдар қанша алады?

Отандық коронавиурсқа қарсы QazVac вакцинасын жасаған ғалымдардың айлығы көтеріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева айтты.  

"Ғалымдардың айлығын көтеруге тиісті қаражат бөлінді. Жақында республикалық бюджетті қарау комиссиясы бұл әрекетті дұрыс деп тапты. Жалпы институт қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мыңнан басталады. Институттағы әкімшілік қызметкерлері мен қызмет көрсетуші персоналдың айлығы 250 мың теңге болмақ", - деді Жанна Құрманғалиева.

2022-2024 жылдары мемлекеттің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғылыми зерттеулерге  2,8 млрд теңге бөлінбек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159