Табиғат қорғау заңын бұзған мұнай өндіруші компаниялардан 120 млн теңге өндіріп алынды
Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қоршаған ортаны қорғау және экология туралы заңдарды бірнеше рет бұзғаны үшін мұнай өндіруші бірқатар компаниядан 120 млн теңге өндіріп алынды, деп хабарлады бейсенбі күні бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай өндіруші компанияларға 150 млн теңге көлемінде наразылық енгізген, оның 120 млн теңгесі өндіріп алынды.
Мұнай өндіруші компаниялар жол берген негізгі бұзушылықтар мұнайдың төгілуі, ілеспе және табиғи газды өртеу болып отыр.
Мысалы, тексеру барысында анықталғандай, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ЖШС, «Бұзаши Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы, «Арман» БК ЖШС өз қызметін рұқсат беретін құжаттарсыз жүзеге асырған, бұл от қондырғыларында газдың шамадан тыс өртелуіне себеп болған.
Бұдан басқа, аталған кәсіпорындардың өндірістік бөлмелерін қарағанда санитарлық нормалар мен өндірістік бөлмелер ережелерінің сақталмай отырғаны анықталды.
Заңдылықтардың анықталған бұзушылықтарына байланысты облыс прокуратурасы құзыретті меморгандарға оларды жою туралы ұйғарым енгізіп, сонымен қатар шаруашылықтағы субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылды.

«Қазіргі уақытта прокурорлық әрекеттің актілерін қарау бойынша 20 лауазым және заңды тұлғаларына 1 млн теңгеден асатын айыппұл салынды», - деп нақтыланған хабарда.