Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2799 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 20:43

Ұлттық қордан экономиканы қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың мақсаттан тыс және тиімсіз пайдалану фактілері анықталды - ҚҚА

Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – Ұлттық қордан Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттың мақсаттан тыс, тиімсіз және заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Сәрсенбі күні ҚҚА агенттігінң сайтында осындай ақпарат таратылған.  

«Тексеру нәтижесінде қаражатты мақсатты, тиімді және заңды пайдалануда бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ипотекалық займдарды қайта қаржыландыруда азаматтардың мақсаттық емес категорияларын несиелендіру, ипотекалық несиелердің орнына тұтыну несиелерін қайта қаржыландыру, комиссиялық жинақтың заңсыз алынуы, қарыз алушының қарызы болуы, займды пайдалауда сыйақы мөлшерлемесін көтеріп жіберу фактілері анықталған. 

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік суъектілерін несиелендіргенде азаматтардың мақсаттық емес категорияларын несиелендіру фактілері (ірі кәсіпкерлік субъектілерін – ҚҚА), алынған зайымдардың мақсаттан тыс пайдалануы, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеріп жіберу фактілері анықталған», - делінеді реттеушінің таратқан ақпаратында.   

Сонымен қатар, тексеру барысында «ҚазАгро»  Ұлттық холдингі» АҚ-да қаржыны мақсатсыз пайдалану оқиғалары анықталды.

«Анықталған бірқатар оқиғалар бойынша материалдар экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің тиісті аймақтық бөлімшелеріне жолданды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ екінші деңгейлі банктерге қатысты шара қабылдайды. Агенттік тарапынан банк заңнамасын бұзу деректері бойынша тиісті шаралар қабылданады», - делінген ҚҚА хабарламасында.

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, экономиканы және қаржы жүйесін қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жалпы алғанда 1,05 трлн теңге бөлінді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354