Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4093 2 пікір 20 Сәуір, 2021 сағат 16:02

Көптоғайдағы дау неден туды?

Жер дауы иісі қазақтың жанды жері. Кешегі батыстағы Құрманғазы ауданы Көптоғай елді мекенінде болған шекара, жер мәселесіне байланысты туындаған жайт ол бірінші рет болып тұрған жоқ.

Бұрында болған, әліде болады. Өйткені өзімізді әрдайым «шекарамыз шегенделген» деп қаншалықты алдасақта, әліде елеп-ескерілмеген даулы жерлер болуы ықтимал. Соның бірі Көптоғайдағы мәселе. Рас, кезінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді», - деген еді.

Рас, ТМД кеңістігінде халықаралық құқық нормаларымен заңды түрде бекітілген мемлекеттік шекараға Қазақстан ғана ие. Тіпті осы ТМД кеңістігінде шекара сызығын айқындамаған кейбір республикалар біраз териториясынан айырылып (Украина) қалған жайы бар... Құдайға шүкір, Қазақстан шекарасына селкем түсірмей, уақытында шегендей алды. Рас, түйткілді мәселелер болмай қалған жоқ. Өйткені, 13400 шақырымға созылған шекараны бекіту оңай емес. Көршілермен келісе отырып, бейбіт жолмен шешу, халықаралық деңгейге сай делимитациялау, демеркациялау бір пәрменмен шешілетін дүние емес. Тіпті кезінде КСРО шеше алмаған Қытаймен шекарадағы даулы аймақ мәселесін шешу Қазақстанға оңай тимеді. Сондай-ақ, 7591 шақырымға созылып жатқан Ресеймен екі арадағы шекараны делимитациялау да қажырлы еңбектің арқасында келді. Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен де бейбіт келісімдер жүргізе отырып, шекара мәселесін ши шығармай шешіп алған жайымыз бар. Десек те, шекара мәселесіндегі даулы нүктелерді шешуде Қазақстан біраз жерін Қытайғада, Ресейгеде, Өзбекстанғада «сыйлады». Мәжбүрлі түрде. Өйткені даулы нүктелер дер кезінде шешілмесе ол ушыға келе, екі мемлекет арасындағы үлкен жанжалға ұласып кетуі ықтимал. Біз Қытайдың, Ресейдің алдында қай жағынан болсақта әлсіз елміз. Бұл елдер әлімжеттік жасаймын десе, қарсы тұрар қауқар кем. Сондықтан кей жерлерде олардың айтқанына көнуге тура келгені белгілі. Көптоғайдағы мәселеге келсек мұндай түйткілді жерлер әліде кездесуі мүмкін. Өйткені шекара делимитацияланғанмен барлық жерде демеркация әлі жүре қойған жоқ-ау. Көптоғайдағы халықтың түсініспеушілігі содан туған ғой, шамасы.

Демек билік дереу түсіндіру шараларын жүргізіп, шекара мәселесін тездетіп қолға алғаны жөн.

Азаматхан Әміртай

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407