Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2192 0 пікір 20 Сәуір, 2012 сағат 06:35

Кимнің бір айлық жалақысы кімге жетеді?

«Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким деген кісінің жылдық жалақысы 1 млн. 800 мың доллар екен. Сонда бұ сабазыңыз айына 90 мың доллар, яғни, 13 млн. теңге еңбекақы  алады.  13 миллион теңге... кімге, неге жетеді?

Елдің қалтасын есептемесе, есі шығып, бәсекелестікке қабілетсіз болып елу елдің қатарынан көріне алмай қалудан өлердей қорқатын біз, Менделеевтің кестесінің үстінде кекіріп отырсақ та, есепқұмарлығымыз қозып кетіп, Кимнің айлығының айран ботқасын шығарып, шотқа салып, есептеп тастадық.

Сөйтсек, орта есеппен 1000 теңге деп алғанда, Кимнің бір айлық жалақасына бір қазақ Алматының жұрты «қырылып» баратын «Қағанаттан» 13 мың күн, яғни, 35 жыл терлеп, тепшіп түстене алады екен.

Аяқ астынан ата кәсібіңізді жаңғыртып, құрық алып құрулап жылқы баққыңыз келсе, 13 млн. теңгеге 200 мың теңгеден 65 жылқы сатып аласыз.  Ал, Шопан ата түлігіне көңіліңіз ауса, орта есеппен 15 мың дегенде  13 млн. теңгеге  866 бас қой сатып алып, қотаныңызға әкеліп иіріп қоюға болады екен.

Жалға алған пәтеріңіз тарлық етіп жатса, 13 млн. теңгеге Алматының жақсы ауданынан екі бөлмелі жайлы пәтер иеленіп, төбеге түкіріп жатасыз. Астанадан алсаңыз, төбені қойып, тіптен түкіре алмайтыныңызды, сондықтан түкірігіңізді жұтып, түстеніп жүре беруге тура келетінін ұмытпаңыз.

«Мейірімді» Үкіметіміз жәрдем жасап жарылқаудан тынбаса да, жалақымыз «жұғын» болар емес деп, «жылап» жүретін, сол «қанағатсыз қылығымен» күн сайын «қарыштап» даму үстіндегі ел экономикасы мен «майы шылқыған» әлеуметтік дамуға көлеңке түсіруден танбайтын 216 мұғалімнің 60 мың теңгелік айлығы -  13 млн. теңге. Яғни,  Ким мырза миын ашытып, жүйкесін жұқартпай-ақ айына 216 мұғалімнің жалақысын жамбасына баса салады екен. Дәл осы 13 млн. теңге 30 мың теңгеден деп кең пішіп алсақ, 433 зейнеткердің зейнетақысы.

Біз қанша қарыштап дамысақ та, бір тілім нанға зар болып жүрген баурыларымыз бар. Ал, сондай 108 мың отбасына 60 теңгеден 216 мың 666  бөлке нанды 13 млн. теңгеге алуға әбден болады.

40 жыл сарғая күткен, біраз адам қызығын көре алмай көз жұмған Алматының метросына бір отырсам деп армандайтын 162 мың 500 қазақстандықтың тілегін бір сәтте Кимнің бір айлығына орындап, сауабын алуға болады.

Асығыс болсаңыз, әрі тез жетуді қаласаңыз 13 млн. теңгеге   Эйр Астананың ұшағына мініп, Елордаға 520 рет қатынайды екенсіз. Жата жастанып, кең даланы тамашалап пойызға мінсеңіз - 2600 рет Астананың ай келбетін көріп қайтасыз.

Есебімізді еселей түссек, 13 млн. теңгеге 200 теңгеден 65 мың қорап темекі алып, машинаңызға (туған-туыс, көңіл жеткеннің бәрінің көлігіне) литрі 110 теңге тұратын Аи-92 бензинінің 118 мың 181 литрін бір-ақ құясыз.

Кимнің бір айлығына жас отбасылардың 371 баласын 35 мың теңге тұратын жекеменшік балабақшаға орналастырып, ұрпаққа қамқор жан атануға болатын көрінеді

Құдай берген Кимнің айлығын уыстап ұстасаңыз әлеуметтік жағынан аз қамтылған ағайындарға 1 кг-ы - 100 теңге тұратын кәртөшкенің 130 тоннасын, 10 талы 220 теңге болатын жұмыртқаның 590 мыңын алып беріп супер-пупер Атымтай Жомарт атанасыз.

Арасында Владимирдің басқа шаруасы болмаса, бір жалақысына «Егемен Қазақстан» газетінің 260 мың данасын алып, елге таратып, салиқалы, салмақты, көзсіз көреген саясаттың үгіттеушісі атанып, мемлекеттік марапатқа ұсыныласыз.

«Егемен Қазақстан» демекші, бас газет орын тепкен Астана қаласындағы қоғамдық тәртіпті (қақыру, түкіру, түшкіру, сағыз сатып алу, оны үйге жеткенше шыдамай шайнап қою, әлгі жабысқақты бір жерге жапсырып кету; аңдаусызда ақордаға қарап ақыру, үкімет пен парламентке қарап  кіжіну, жұдырық түю, «Хабар» мен «Қазақстаннан» жеткен көл-көсір жетістіктер мен бақытты елдің тыныштықта тербелген тұрмысын, оның таяуда жылда болатын ғажайып болашағы туралы сюжеттерді көрген кезде қалтаның ішінен қол шығару, 2030-ға және мәжілістің көппартиялы екеніне, елдің демократиялық, құқықтық мемлекет екеніне және оның басты байлығы адам болып табылатына титтей де сенімсіздік таныту, тағы сол сияқты) 764 рет қорықпай, полицейдің көзін бақырайтып қойып, алаңсыз бұза берсеңіз болады. Өйткені, 13 млн. теңге 17 мың теңге тұратын айыппұлды 764 рет төлеуге толық жетеді.

Тұнған қазақтың ортасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы Мырзакентте  қазақтың «бағына» балпанақтай болып туа салған Ким мырза бір айлығына Шымкенттің міне деген мейрамханаларының әр қайсысына 300 қонақтан шақырып, кісі басына 3000 мың теңгеден төлеп, «той десе қу бастары домалайтын» қазақтарға 13 рет той жасап бере алады.

«Қазақмыстың»  қожайыны  (Кимді айтамыз) қазаққа деген қайтпас, мұқалмас махаббатымен 13 млн. теңге жалақысын «Құдайы садақа» етіп қиса,  73 оралманға квота дайын. (Әр адам басына берілетін мемлекеттік квота - 1200 доллар, яғни, доллардың теңгеге деген бағамын 148 теңгеден деп есептесек - 177 600 теңге). Мұнымен тоқтамай істің тоқ етеріне тәуекел етсе, Үкіметтің жасанды кедергілері мен ұлтаралық саясатқа қарамастан Сергейдің баласы бір жылдық еңбек ақысына сыртта жүрген 878 қазақты көшіріп әкеле алады екен.

Ким мырза жоғарыдағының ешбіріне келіспей   «Кәрісіме ғана көмектесемін» деп, жалғыз-ақ айдың жалақасы - 13 млн. теңгесіне Қазақстандағы бүкіл кәрістің (100 мың) әрбіріне екі қорап «Орбит» сатып алып, таратып берсе, сағыз майданына кіріскен нағыздарды сағыздың саз балшығына батырып кете алады.

Қазақтың алюминиін арқалап Ысырайыл жұртына тайып тұрған Машкевичтің ізімен «есің барда елің тап» деп Ким көкеміз де Кәрейіне тартып отырса,   қалтасындағы  «Қазақмыстан» тоннасы 9 мың долларлық 10 тонна мысты бір айлығына «сатып алып» (өлесе де сатып алмайтынына бәс тігеміз, әйтеседе...)  табанын жалтырататынға ұқсайды.

Біз қайда барамыз?! Қаламыз. Кореямыз да жоқ, кетіп қалатын. «Қазақмыс» байлығымыз болғанмен, айлығымыз 13 млн. теңге емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391