Сенбі, 23 Қараша 2024
Covid статистикасы: 6207 6 пікір 9 Мамыр, 2021 сағат 14:14

Министрлік не дейді, АҚШ институты не дейді?

Күні кеше ғана АҚШ-тың IHME институты әлемдегі елдердің коронавирустан зардап шегуі, адам шығынына қатысты өз зерттеуін жариялады. Зерттеу барысында олар Қазақстандағы вирус салдарынан көз жұмғандар саны 14 есе азайтып көрсетілген де отыр. Институт 20 елдің деректеріне зерттеу жасаған. IHME-ның зерттеуі бойынша Қазақстанда шынайы негізде 81696 адам көз жұмған деседі. Бұл ақпарат ел ішінде дау туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 

Ел арасында вирусқа қатысты статистикаға сенім аз. 2020 жылдың шілде-тамыз айындағы адам өлімінің күрт артуы мен коронавирустық пневмонияны ресми тіркеуді тек қана 1 тамыздан бастап іске асыруы үлкен дауға ұласты. 2020 жылы өлгендер саны 2019 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық. Бұл 30 мың адамға көп деген сөз. Ресми статистика солай дейді, ал статистиканың бейресми жағының барын ескеруді де ұмытпаған жөн. АҚШ институтының зерттеуін министрлік өкілдері жоққа шығарды. Қысқаша министрлік жауабы келесідей болды:

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) «COVID-19 жалпы өлім-жітімін бағалау» атты жарияланған зерттеуінде ақпаратқа қатысты айқындық енгізуде.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамды құрады.

Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды. (ihme, АҚШ) (бұдан әрі-Институт)

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адамды құрады. Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адамды құрады, бұл институттың мәлімделген көрсеткіштерін де жоққа шығарады.

Анықтама: КВИ – 4 729 адам немесе 16,2%-ды қоспағанда, адамдар басқа да өлімнен қайтыс болып жатты:
- қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», - дейді министрлік.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357