Сенбі, 23 Қараша 2024
3140 1 пікір 10 Мамыр, 2021 сағат 13:38

Қазақстан ковид құрбандары көп елдер қатарында

Қазақстан коронавирус құрбандары көп елдердің қатарына кіреді. Бұл туралы Вашингтон университеті Медицина мектебінің денсаулық сақтаудың метрика және бағалау институтының (IHME) жаңа зерттеуінде айтылған.

IHME деректерінде 2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы мамыр аралығында COVID-19 дан ең көп қайтыс болған 20 ел аталады. Олар:

- АҚШ - 574 043;

- Бразилия — 408 680;

- Үндістан — 221 181;

- Мексика — 217 694;

- Ұлыбритания — 150 519;

- Италия — 121 257;

- Ресей — 109 334;

- Франция — 105 506;

- Испания — 85 365;

- Германия — 83 256;

- Иран — 72 906;

- Польша — 68 237;

- Перу — 62 739;

- Оңтүстік Африка — 54 390;

- Украина — 46 737;

- Индонезия — 45 938;

- Румыния — 28 382;

- Египет — 13 529;

- Жапония — 10 390;

- Қазақстан — 5620.

COVID-19 салдарынан қаза тапқандардың көбі тіркелмеген. Өйткені тек ауруханаларда қайтыс болғандар мен вирус жұқтырғаны расталғандар ғана есепке алынған. Көп жерлерде есепке алыну жүйесі әлсіз. Сондықтан бұл мәселе ушығып тұр.

IHME талдауы тіркелмеген өлім-жітімнің ең көп саны осы уақытқа дейін эпидемияның ең көп таралған елдерінде болғанын анықтады. Алайда, эпидемиясы салыстырмалы түрде аз елдерде өлім-жітім тіркелмеген кезде өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі байқалады.

Сондай-ақ, аталған зерттеуге сәйкес, COVID-19 бүкіл әлем бойынша 6,9 миллионға жуық адамның өліміне себеп болған. Бұл ресми есептерден екі есе көп...

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377