Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7808 28 пікір 17 Мамыр, 2021 сағат 13:28

Әруақ қазаққа Құдай болмайды

«Ұлттық мүддеге қайшы келсе – ондай дінді айыптаудан қорықпа, мұндай шатақ діннің сойылын соғушыларды еш тайсалмай әшкереле, сонда қор болмайсың, қазақ ұғлы!» дейді әлеуметтік желідегі жазбалардың бірінде.

Қасиетті Құран и кәрімнің қай жерінен ұлттық мүддеге қайшылық тауып алғанын білмедік. Осы сарындағы пиғылдарда имамдар неге саясатпен айналыспайды деген бір теріс ұғым бар сияқты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да кәдімгі Жазушылар одағы, Суретшілер одағы, Композиторлар одағы сияқты қоғамдық ұйым ғой. Қазақстанда қай қоғамдық ұйым жер мәселесімен айналысып еді?

Автордың ойынша сонда молда мен имам саясатпен айналысып Қазақстанды Ауғанстанға айналдыруы керек пе? Ислам – тыныштықтың, бейбітшіліктің діні. Ол адамдардың арасында көркем мінез тәрбиелеуге бағытталған. Исламды қабылдау немесе қабылдамау әркімнің өз шаруасы.

Алла тағала мен Сіздің араңызда молда мен имам делдалдық қызмет атқармайды. Мінәжат етемін десеңіз Құран үйреніп, жайнамазда намазбен тікелей сәжде жасай беріңіз. Молда мен имам сіздің күнәңізді мойнына алмайды, Сіз де олар үшін жауапты емессіз. Ал қажет етпесеңіз атеист болу еркіңізде. Ал бірақ молда мен имамнан олардың құзіретіне кірмейтін жауапкершіліктерді талап етудің қажеті жоқ!

Хакім Абай айтпай ма:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы осы деп әділетті» деп. Өзін Абайдан ұлы, Абайдан данышпан сезінудің не қажеті бар? «Ақылды адамда иман бар, иманды адамда ғибадат бар» деген. Інілеріміз асылық пікірі үшін Алла тағаладан кешірім сұрар, Абай атамыз нұсқаған жолға түсер деп үміттенеміз. Түспесе тағы оны жазғырмаймыз.

Айтпауға болмайтын бір шындық, әруақ қазаққа Құдай бола алмайды. Жұртты шатастырмайық! Құранда: «Тәңірлерің бір-ақ Тәңір» (Нахыл сүресі, 23 аят). «Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Сонан соң барар жерлерің біз жақ» (Юныс сүресі, 100 аят) делінген.

Марат Байділдәұлы

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449