Қазақстанда жұмыссыздар саны артты
Finprom.kz аналитикалық порталы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін анықтап, ең жұмыссыз аймақтарды атады. Жұмыссыздардың көп бөлігі Алматыда, Түркістан облысында және Шымкент қалаларында.
2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% -ға көп.
Жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде біршама өсіп, 4,8% -дан 4,9% -ға дейін жеткен. Карантиннің екінші және үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі тіпті 5%-ке жетіп, жұмыссыздар саны - 454 мыңнан 455 мың адамға дейін көбейген болатын. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: 5,4% және 4,4%. Бір жыл бұрын әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3%, ерлер арасында - 4,3% болған еді.
Abai.kz