Жұма, 22 Қараша 2024
6106 4 пікір 27 Мамыр, 2021 сағат 20:42

Ербол Мәндібек "Ел тірегінен" кетті

Журналист Ербол Мәндібек "Ел тірегі" атты тіркелмеген партия қатарынан кеткенін жариялады. Бұған дейін ол Қазақстандағы шенеуніктердің ұшақпен ұшуына миллиондаған доллар кететінін жазып, қоғамда талқы тудырған еді.

"El Tiregi партиясынан ресми түрде кеттім.
Үш ай бұрын осындай шешім қабылдағанымды жасырмай жариялаймын. Бұның саяси, материалдық астары жоқ.
Мемлекеттің, қоғамның тұрақты дамуына мен де бір кісідей мүдделімін.
Бұдан былай әлеуметтік жобалармен шұғылданамын. Қоғамның тұрақтылығын нығайтуға қатысты идеяларды іске асырамын.
Ескерту: Осылайша, отбасымның, ағайын-туысымның тілегін орындадым. Маған ең қымбат адамдар.
Алдағы күндері танымал ютуберлердің біріне көлемді сұхбат беремін. Сол жерде барлығын ашық, ашып айтамын.
Саяси таңдауым өзгеруі де ғажап емес)))
Ең бастысы, мемлекеттің эволюциялық жолмен дамуына жан-жақты күш саламын.
Құр айқаймен іс өнбейді. Қазақстанда оппозиция бар ма? деген сұрақтан басқасының бәріне жауап беруге дайынмын", деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасына.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295