Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5038 1 пікір 31 Мамыр, 2021 сағат 14:28

«Рухани жаңғыру». Репрессияға тарихи баға берілді ме?

Ашаршылық пен саяси қуғын сүргін – кеңес одағының қазақ халқына төндірген ең үлкен зобалаңы. Халқымыздың бас сауғалап шекара асып кетуіне, ұлт зиялыларының түрмеге тоғытылып, зәбір көруіне тікелей кеңестік кер заманның кертартпа саясаты себеп болды. Бүгінгі Тәуеліз Қазақстан қоғамы осы бір тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпауы һәм сол кезде жазықсыз жаламен атылған, қуғынға ұшыраған құрбандарды ақтап алуы тиіс.

Осы мақсатта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен “Рухани жаңғыру” қоғамдық институты тарихшылар мен қоғам белсенділерінің басын қосып, қуғын-сүргінге ұшыраған саяси ақтаңдақтарды ақтап алу мәселесін қарастырды.

Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси қуғын-сұргін көрген жазықсыз жандарды ақтап алу үшін мемлекеттік комиссия құрылып, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеткен болатын.

Ал, аталған отырыстың тізгінін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Болат Тілепов ұстады. Ол өз сөзінде қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бүгінгі қоғамның атқаруы тиіс басты міндеті екеніне тоқталды.

-Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған комиссия қазір үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Бұл іске ең алдымен ғылыми негіздеме жасалуы тиіс. Соның негізінде мемлекеттік идеология жұмыстары жүретін болады,- деді Тілепов.

Сонымен қатар профессор Хангелді Әбжанов Алаш арыстарын насихаттау жөніндегі қазір атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

-Отарлаушы кезең – адамның өмірі, денсаулығы мен бостандығының құны айрықша екенін сездірді. Себебі, зиялыларымыз көрген репрессия кезеңі өте ауыр болды. Соның кесірінен талай қазақ босып кетті, қаншама арыстарымыз жазықсыз атылды. Бүгін соларды ақтау жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік комиссия өткен жылы құрылды. Ал, ақталмай жатқан арыстарымыздың саны жүздеген мыңнан асады. Сондықтан арыстарды ақтау кезеңі өте баяу жүріп жатқандай. Оған көп уақыттың керегі жоқ. Тек, репрессияға саяси баға беріп, бір ғана құжатпен барлығын ақтау қажет. Осы бір саяси баға беру дейтін шешім ғана жетпей тұр. Ал, одан кейінші процестер өз кезегімен жүре береді. Бастысы, барлығын ақтауға бір ғана шешім керек, - деді Әбжанов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036