Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
4556 7 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 15:45

Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесіне 204 млн. тг бөлінді

Маңғыстау облысындағы малдардың жаппай қырылуына байланысты қуаңшылық мәселесін шешуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінді. 

Өңірде жедел штаб құрылып, жем-шөп дайындау жұмыстары қолға алынды. Қазір малға азық жеткізу басты мәселеге айналған. Осыған орай, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен келіссөздер жүргізілген. 15 маусымнан бастап жем-шөп жеткізіледі.

«54 миллион теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы бөлінетін болып жатыр. Дәл қазіргі уақытта соны сатып алу рәсімделуде. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешілетін болады», – деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Айта кетсек, өңірде қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536 жылқы қырылыпты. Қазір жалпы шығын есептелуде. Нәтижесі 2 апта ішінде белгілі болады. Соған сәйкес тиісті ұсыныстар енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда жылқылардың жаппай қырылғаны жайлы айтылған еді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2773
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4508