Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
5337 0 пікір 11 Маусым, 2021 сағат 12:37

Байден әлемді «вакциналау жоспарын» жариялайды

Сәрсенбі күні Еуропаға сапарына аттанғалы тұрған президент осылай деп мәлімдеді. Байден осы сапары кезінде Үлкен жетілік, НАТО, Еуропа одағы саммиттеріне қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізеді.

Ұлттық қоғамдық радионың (NPR) президент Байден айналасындағы дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, президент АҚШ билігінің Pfizer компаниясы шығарған 500 миллион доза вакцинаны әлем елдеріне беретінін жариялайды. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVAX бағдарламасы аясында таратады. Бұл бағдарлама вакцина сатып алуға қаражаты жоқ елдерге көмектесу мақсатын көздейді.

Президент Байденнің жоспары Құрама Штаттардың әлем елдерін вакциналау науқанына ықпалы артып келетінін көрсетеді, деп жазды NPR. Жақында Джо Байден вакцина сатып ала алмай отырған елдерге вакцинаның 80 миллион дозасын жөнелтуге уәде берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2460
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 661
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639