Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2479 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 10:17

ДИПЛОМСЫЗ ҚАЛАҒА

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы өз нәтижесін берді ме, бермеді ме - бұл туралы билік баспасөзі бір бөлек, тәуелсіз басылымдар басқаша жазып жатыр. Ал біздің әңгіме үкімет үкілеген бағдарлама туралы емес, керісінше, дипломсыз қалаға ағылып жататын қазақ жастарының тағдыры, тіршілігі туралы болмақ.
Бірақ бұл жолғы әңгімемізде дипломсыз Алматыға келіп нан тауып жүргендердің арасынан «сирек» кездесетін жұмысқа жегілген қаракөздер тағдыры баяндалады. Біз бұл кейіпкерлердің бәрімен бір күнде кездесіп, тілдескен жоқпыз, бұрыннан танитын, кездескен, көптен бері көкейде жүрген шынайы кейіпкерлер болатын...


Алматылықтар арасында «Көкбазар» аталып кеткен сауда-саттық орталығы сенбі, жексенбі күндері қыж-қыж қайнап жатады. Жұмыстан қайтқан жұрт базарды бір соқпай өтпейді. Әсіресе, базарға жақын маңдағы қала тұрғындары үшін Көкбазар көпір сияқты - олай бір, бұлай бір өткенде бұрылмаса басы ауырады. Мен де сол базардың айналасындағы алматылықтардың уақытша жерлесімін. Уақытша болатыны - қазақтың көп жастары сияқты мен де үй жалдап күн кешем.
Сондықтан азан-қазан болып жататын базарды күніне екі рет кесіп өтуге тура келеді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы өз нәтижесін берді ме, бермеді ме - бұл туралы билік баспасөзі бір бөлек, тәуелсіз басылымдар басқаша жазып жатыр. Ал біздің әңгіме үкімет үкілеген бағдарлама туралы емес, керісінше, дипломсыз қалаға ағылып жататын қазақ жастарының тағдыры, тіршілігі туралы болмақ.
Бірақ бұл жолғы әңгімемізде дипломсыз Алматыға келіп нан тауып жүргендердің арасынан «сирек» кездесетін жұмысқа жегілген қаракөздер тағдыры баяндалады. Біз бұл кейіпкерлердің бәрімен бір күнде кездесіп, тілдескен жоқпыз, бұрыннан танитын, кездескен, көптен бері көкейде жүрген шынайы кейіпкерлер болатын...


Алматылықтар арасында «Көкбазар» аталып кеткен сауда-саттық орталығы сенбі, жексенбі күндері қыж-қыж қайнап жатады. Жұмыстан қайтқан жұрт базарды бір соқпай өтпейді. Әсіресе, базарға жақын маңдағы қала тұрғындары үшін Көкбазар көпір сияқты - олай бір, бұлай бір өткенде бұрылмаса басы ауырады. Мен де сол базардың айналасындағы алматылықтардың уақытша жерлесімін. Уақытша болатыны - қазақтың көп жастары сияқты мен де үй жалдап күн кешем.
Сондықтан азан-қазан болып жататын базарды күніне екі рет кесіп өтуге тура келеді.
«Түркістан» қонақүйіне қарама-қарсы, көк шатырлы сауда сарайына кіреберісте бұрын «жабайы» сауда жанып тұратын. Қазір бәрі жоқ. Бірақ соның орнында оңалмаған бір тағдыр қалып қойыпты. Оның аты - Мақпал, кәсібі - кәсіп емес, нәсіп болсын деп қылған нәзік жандыға жат жұмыс.

Мақпалдың мұңы

«Түркістан» қонақүйіне қарама-қарсы, көк шатырлы сауда сарайына кіреберісте бұрын «жабайы» сауда жанып тұратын. Қазір бәрі жоқ. Бірақ соның орнында оңалмаған бір тағдыр қалып қойыпты. Оның аты - Мақпал, кәсібі - кәсіп емес, нәсіп болсын деп қылған нәзік жандыға жат жұмыс.
Мақпалды көптен бері көріп жүргем. Көзі мөлдіреген, жүзінен мұң мен сартап уайымның табы арылмаған талдырмаш қыз. Ол Көкбазардың қасында дәретхана ашады (жұмысын мәдениетті түрде басқаша атайын дегем, бірақ балама таба алмадым). Мақпал осы жұмыспен ауру анасын бағып, студент інісін оқытады. Сөзге сараң. Сондықтан одан жөн сұраса алмай жүрдім...
Жуырда Мақпалмен тілдесудің сәті түсті. Екі кештің арасы - жұрт аяғы басылған, базар жабылар шақ болатын. Ол «дүңгіршегінің» (дәретханасын өзі осылай атайды екен) қасында жалғыз отыр екен, жүзі сол баяғы самарқау, салқын. Амандастым. Ернін де жыбырлатпады. Мұнда келетін адамдардың шаруасы белгілі ғой, ол мені сол көп жұрттың бірі сияқты «қарсы алды». Жүзіме де тура қарамады. Әңгімені қалай бастарымды білмей: «Мақпал, мен неғылғалы келгем жоқ. Сенімен сөйлесейін деп едім...». Сасқалақтап, сөзімнің құты қашқанын сездім. Ол үндемеді. Орнынан да қозғалмады. Арада біраз уақыт өткенде ол маған: «Сонымен сізге не керек?» - деді түйеден түскендей. «Ешнәрсе керек емес, сізбен таныссам, сөйлессем деп едім. Көптен бері өзіңізді білем,.. осы жерден көріп жүремін», - деп жатырмын. Ол тағы да тоң-теріс қалды. Әңгімені бастап алған соң, етім үйренді ме - сұрақтарымды ары қарай топырлата бастадым...
- Атыңыз кім, қайдан боласыз? (Дәстүрлі сұрақтан бастадым )
- Үржардан келгем. Атым - Мақпал. Менен не сұрамақшысыз?
- Шынымды айтсам, сіздің жұмысыңыз туралы білсем деп едім...
- Мұның несін білмексің? Өзім де осы жұмыстан ұялып, жерге кірердей болып жүрмін. Бірақ басқа шаруаның жөні болмады.
- Неге, одан да оқымадың ба, қазір оқуға грант көп қой?
- Мен мектеп бітірген жылы әкем электр тоғына түсіп қайтыс болды, шешем ұзақ жылдан бері екі аяғынан жүре алмайды. Сал болып қалған. Ол кезде інім де жас еді. Сөйтіп, Семейдегі Шәкәрім атындағы университетке оқуға түсіп тұрған жерімнен артқа қайттым. Ауылды білесіз: не жұмыс, не тіршілік жоқ. Не керек, осы жаққа ертеректе кеткен нағашыларымның көмегімен Алматыға көшіп келдік.
- Содан?..
- Содан не болушы еді, осы базарға келіп сатушы болдым. Бір жылдай жұмыс істеген соң, қожайыным ақшасы мол жұмыс деп, осы дәретхананы ашып берді (Өзін әжуалағандай мырс етті). Кім ойлаған дәретхана бағып ақша табам деп? Басқа түскен соң амал бар ма, көніп келем. Көнбеске шара да жоқ, дипломсыз тәуір жұмыс болмады. Інімнің оқуы бар, шешемнің дәрі-дәрмегі бар дегендей. Оның үстіне, бір ұйғыр кемпірдің құжырасына айына 15 мың теңге төлеп, паналап отырмыз. Осы ауыртпалықтардың бәрі менің мойнымда.
- Қожайының жұмысыңа ақыңды қалай береді?
- Күніне 1500 теңге беріп тұрады. Базар күндері - сенбі, жексенбіде 3 мың теңгеге шейін алам. Өйткені ол, күндері табысымыз 30 мың теңгеге жетеді. Ал басқа күндері 20 мыңға да жетпейді. «Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді» деген рас қой деймін, етім өліп кеткен сияқты - қазір ешкімнен ұялмайтын болдым.
Біз әңгімелесіп тұрғанда бірнеше «клент» келді, араларында Мақпалмен шамалас студент қыз-жігіттер бар. Неге екенін Мақпал оларды көргенде жыландай жиырылып «дұрыстап отырып, тазалап шығыңдар!» деп дүрсе қоя берді. Сонан соң «алқып-шалқып жүрген осындай студенттерді көрсем, ала алмаған ақым, кегім бардай өзімді ұстай алмай қалам», - деп ашуының себебін түсіндірген болды. Енді қайтсін, тағдырына жазылғанды біреуден көретін шығар - оны сол сұрақ мазалайды ғой.
Мақпал әңгіме арасында «дүңгіршегін» жуып-шайып алды да, қожайынын күтті. Дәретхананың төл иесі - Сәлима деген жуан сары әйел екен, Мақпалдың қасынан мені көріп, көзі атыздай болды. Сұраулы жүзбен иегін қағып «неғып жүрсің?» дегеннің ишарасын жасады. Менен бұрын Мақпал сөзге араласып «танысым еді, мені шығарып салу үшін күтіп тұр» деді.
Мақпалды шығарып салдым. Менің журналист екенімді білген соң, жол бойы ол оқыған кітаптарын, балалық шағындағы қызықты сәттерін әңгімеледі. Ал мен үнсіз келем. Сөзге араласайын десем, көз алдымнан мың Мақпалдың тағдыры кетпей, мазам қашты.


Тоқалдың шопыры

Келесі кейіпкерімен кездесудің сәтін көп күттім. Кейіпкерім - бір таныс ағамның жамағайын туысы екен. Менің «сирек» кездесетін жұмыстан нәпақа тауып жүргендерді жазатын едім» дегенімді естіп, «бір інім бар еді, соның кәсібі қызық, жазасың ба?» деді, бір кездескенімізде.
- «Не істеуші еді?» - дедім аса дегдарлық танытпай.
- «Ол бір шенеуніктің үшінші әйелінің, анығы тоқалының шопыры» деді.
Мен «кімнің, қандай шенеуніктің?» деп тоқалы дегенге ынтам ауа кетті.
- «Оны білмеймін, өзің сұра», - деп, телефон номерін берді. Содан тоқалдың жүргізушісімен кездесуді көп күттім. Оның қолы тимейді екен. «Сізге өзім хабарласам, қазір шаруам көп еді», - деп жүрді қоңырау шалған сайын.
Бір күні ол түн жарымында хабарласып тұр. «Қолым бос, қазір кездесе аламыз ба?» - дейді жүргізуші жігіт. Шақырған жеріне ұшып-қонып жеттім. Жамбыл мен Розыбақиев көшелерінің қиылысындағы «Шалқар» деген кафеде күтіп алды. Таныстық, аты - Данияр екен. Іздеген шаруамды айтып едім, біраз уақыт үнсіз отырды.
- «Жарайды, мен бәрін айтайын. Бірақ кімнің көлігін жүргізетінімді, кімге жұмыс істеп жүргенімді айта алмаймын. Түсінетін шығарсың, ол менің нан тауып жеп жүрген жерім ғой», - деді сонан соң.
Келістік. Ол қолына алған бір аяқ сыраны төңкеріп «бүгін «шайтаннан» құтылып, демалып отырғаным ғой» деп бастап кетті әңгімесін.
- Бала кезімнен есіл-дертім көлікке ауды. Әкемнің ескі «москвичі» болатын. Бұзылса, бірге жөндесіп, мінсе қасынан бір елі қалмайтынмын. Сөйтіп жүріп, мектеп бітірмей ауылда «бала шопыр» атандым. Бірақ мектепті тауысуға шамам келмеді. Әкем де менің оқуға құлықсыздығымды біліп, миымды ашытпады. Мектептен қалай кеттім, Алматыға бір-ақ тарттым.
- Жұмысты жүргізуші болудан бастаған шығарсың, сүйген кәсібің ғой?
- Жоқ, менде жүргізуші куәлігі болмады, машинасыз күнім батпайтыны тағы анық. Содан осындағы бір ағам «СТО»-ға жұмысқа тұрғызды. Сол «СТО»-да екі жыл жүріп, қолдан бір көлік құрап алдым. Бірақ құжаты болмаған соң, күндіз міне алмайсың. Тек түнде ғана шығып жүрдім. Бір күні сымдай киінген, 50-55 жас шамасындағы бір кісі машинасын жасатуға келді. Менің қаңтарулы тұрған құрама «тұлпарымды» көріп, қасынан шыға алмай қалды. Содан ол шеберлігіме қызығып «мен Астанада үлкен қызмет істеймін. Сен мына жұмысыңды таста, мен саған қазақстандық көлік жасайтын мықты «СТО» ашып берем», - деп жабысты.
Ол айтқанын істеді, «СТО» да ашып берді, ақшасын да аямады. Талай көлік құрадым, бірақ қазақстандық машина жасай алмадым. Ол енді түсінікті ғой, машина жасау оңай емес: рұқсат керек, адам керек, білім керек дегендей...
- Әрине, үлкен қызметте жүрген, оқыған - тоқыған адамның машина жасауды оңай деп ойлағаны қызық екен, ә?
- Онысын білмедім. Бірақ біздің достығымыз сол «СТО» жабылғаннан кейін басталды. Алматыдағы шопыры - менмін. Қайда барам дейді, сонда апарам.
Бір күні КазҰУ-дың қасынан өтіп бара жатып, такси ұстап тұрған бір қызға тоқтадым. Қыз машинаға қалай мінді, қожайыным жымыңдай бастады. Бұрын маған ақтармаған сырын - Астанада бір министрдің орынбасары екенін, байлығын айта бастады. Қызды мейрамханаға шақырды. «Көк қағаз» не қылмайды, студент қыз сол күні-ақ топ ете түсті. Сөйтіп, экономфактің 3-курсында оқитын, көкшетаулық уыздай жас қыз менің қожайыныма күйеуге шықты.
- Қалай сонда, кәдімгідей салтанатты түрде той жасады ма?
- Тойларын санаулы достарымен бірге шетелде істеді. Бірақ мұндағы ешбір жақыны оның жас әйелі барынан хабарсыз. Кейін білдім, ол - қожайынымның үшінші әйелі екен. Өзі Астанада тұрады. Ал мен мұнда сол үшінші тоқалдың көлігін жүргізем. Еркетотай тоқал қайда барам, қайда қыдырам дейді - көлігін көлденең тосам. Оқуын әлі бітірмеді, магистратурада оқиды. Құрбыларымен күнде той, күнде думанда жүреді. Былтыр бір ұл туып берді шенеунікке. Содан бері «шайтанның» еркелігін мен түгілі, шенеунік қожайынымның өзі аттай көтереді.
Менің түсінбейтінім, министр-қожайынымның 365 күнінің тең жартысы Алматыда, тоқалының қасында өтеді, сонда оның жұмысын кім істейді? Халық биліктегі сол шенеуніктерге сенеді ғой, ал бұлар тоқалдан-тоқал алып тойып жүр.
- Еркектің емес, әйелдің көлігін жүргізу қиын шығар, ә?
- Әрине. Әйел деген адам тойған сайын топас болады екен. Сабақтан қалай шығады, мейрамхана түнгі клубқа жүгіреді: ішеді, шегеді. Ал мен оны ары-бері тасимын да жүрем. Оған күн де, түн де, аптаның барлық күні бірдей - мені бір тыным таптырмайды. Сөйтіп тоқалдың тоқпағымен жүрген жайым бар, бауырым!

Ит бағатын жігіт
Сәуірбекпен бір жылдың алдында танысқам. Қыс болатын, Есік көлінің басындағы қарағай арасында құсқа ит салып жүрген жерінде жолықтық (Біз отын алуға барған едік). Сабалақ жүнді, шолақ құйрық екі ит жетектеп алыпты. Қанжығасына кекілік, қырғауыл байлаған. Қасында қожайыным деп таныстырды, алпыстан асқан кәріс кісі бар. Сәуірбек «аңшының олжасы ортақ» деген қазақы қағиданы жақсы біледі екен, тау арасында бір қырғауылды отқа қақтап, отыншылармен ортақтасты. Қожайыны да жомарт жан сияқты, жетегіндегі қосар атқа бөктерген мол азығын алып шығып, дастарқан жайды...
Сәуірбек әке-шешеден тұл жетім өсіпті. Тоқсаныншы жылдардың соңында Қытайдан Алматыға білім іздеп келген екен, оқуға түсе алмапты. Не орысша білмейді, не толық білімі болмаған соң - осы кәрістің үйіне күзетшілікке жұмысқа тұрған көрінеді. Еңбегімен жаққан ғой. Күзетші құтайтпайтын көп байлардың бірі болғанымен Сәуірбек жағыпты оған. «Мен бұл кісіге ең алғаш үй-күзетші болып жұмысқа тұрғам. Кейін Медеудің басындағы үлкен қора-жайына алып барды. Жүзшақты ит асырайды екен. Соған бақташы болдым», - деп әңгімеледі таныстықтан кейін.
- Сонша көп итті қайтеді екен?
- Ит асырау бұл кісінің - «хоббиі» (Сәуірбек дәл осылай айтты). Күзде-қыста аң-құсқа салады. Апта сайын «итқуарлар» жиналып, ақша тігіп ит таластырады. Асылтұқымды иттердің күшігін сатады. Кейбір иттерді арнайы үйде борлап қалаға алып кетеді, оны не қылатынын білмеймін, маған да айтпайды.
- «Сәуірбек, өзің білесің қазақ итті босағадан аттатпаған. Жек көретін адамын «иттің баласы» деп боқтаған... Қой бақсаң, қоян бақсаң жөн-ау, ит бағудан арланбайсың ба, арыстай азаматсың ғой», - дедім ішіме сыймаған сөзді тежей алмай.
- Егер осы жұмысты өзім істемегенде, «ит бағады екен» дегенге сенбес едім. Басыма түскен соң, амалым болмады. Қазақстанға жетіп өлсем, арманым болмас дедім. Сөйтіп келіп, оқуға түсе алмай, ата-бабам көрмеген жұмысқа жегілдім. Артқа қайтатын нем бар: әке-шешем ертеректе қайтыс болған, аға-бауырдан тұл жалғызбын. Сондықтан осы тірлікке көндім. Айлығымды жинап жүрмін, үй сатып алсам, отбасын құрсам деймін. Қашанғы ит бағам?..
Сәуірбекпен кездесіп, танысқан осы сәтті көптен бері жазуды ойлағам, бірақ реті бір келмей жүрді. Оның үстіне, атпалдай азаматтың намысын кемітпейін дедім. Бірақ жуырда оны Алматының көшесінде ит жетектеп жүрген жерінен тағы көрдім. Ит бағам деп намысы өліп кеткен-ау, шамасы.
- «Әлі ит бағып жүрсің бе?» десем, «осыдан тыныш жұмыс жоқ екен. Иттерді түсінбейді екенбіз, бұлар да біз сияқты ойланады, күледі, жылайды», - дейді жаңалық ашқандай көсемсіп. Мен сол сәтте оның жүзінен итке ұқсас бейне байқадым: мұрны аңның тұмсығы сияқты алға сүйірленіп тұр, көзінде жыртқышқа тән тағылық байқалады.

Тобықтай түйін:

Біздің айтпағымыз да, жазбағымыз да - бұл үш кейіпкердің тағдыры емес болатын. Әсілгі ойымыз - үкімет дайындаған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қарағанда, дипломсыз қалаға ағылып жатқан сан мың қаракөздің тағдыры-тұғын. Сол арқылы биліктің назарын осы мәселеге аудару.

Жарас Кемелжан

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502