Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1981 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 10:27

Табло тарихты насихаттаса...

Астана мен Алматыда 2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсететін кері есептеу таблосы іске қосылғанына да көп бола қойған жоқ. Елдің назарын бірден аударатын осы таблолар алдағы уақытта не көрсетуі, нені насихаттауы тиіс? Жұртты толғандыратын көп сауалдың бірі де бірегейі осы.

Былтыр Алматыда Балуан Шолақ атын­дағы спорт сарайының алдында орнатылған табло уақытша өшіп қалған. Тек «Алматы ақшамы» газетінің мұрындық болуымен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында қайта іске қосылып, мемлекеттік маңызы бар мерекені жарнамалаған еді. Одан кейін тағы өшіп қалды. Енді осы таблоңыз биыл жазда Лондонда өтетін олимпиада ойындарына қанша күн қалғанын есептеуді қолға алды. Бәрі жақсы-ау, бірақ осы таблолар түк таппағандай Лондонды насихаттағаны қайран қалдырады. Одан да биыл 31 мамырда 80 жылдығын атап өткелі отырған саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мен ашаршылық жылдарына қанша күн қалғанын санамалап, жұртты қаралы күні аға ұрпақтың аруағына бағыштап Құран оқытуды неге еске түсірмеске? Тіпті осы күн­нің ел өмірінде ерекше із қалдырғанын Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қа­зақстан халқы ассамблеясының ХІХ сес­сиясында ерекше атап көрсетті емес пе?

Президент үстіміздегі жылы мәңгі есте сақтайтын екі дата қатар келіп отырғандығын - баса айтты. Бұл - өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарының басында орын алған зұлмат ашаршылыққа 80 жыл және сталиндік жаппай қуғын-сүргін қасіретіне 75 жыл толуы.

- Бұл қасіреттің орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы, есеп бойынша Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украинада ашаршылық пен ауру салдарынан 7 миллион адам қаза тапты. Ашаршылық салдарынан қаза тапқан олардың 1,5 миллионнан астамы Қазақстанға тиесілі. 600 мың қазақ ашаршылық пен аурудан қашып, туған жерін тастап кетуге мәж­бүр болды. Тек қана 37-38 жылдары, 2 жылда НКВД органдарының ресми мәлі­меттері бойынша, Кеңес Одағының аума­ғында 1,5 миллионнан астам адам тұтқын­далды, олардың 680 мыңының ату жазасына кесілгендігі туралы шешімдері болды. Біз мұны есте сақтауымыз керек, - деді Ел­басы.

Тіпті Мемлекет басшысы 31 мамырда Қазақстан халқы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтетін уақытта Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылатынын да жариялады.

Міне, не көрсетерін білмеген таблолар ұлт өмірінде өшпес із қалдырған осы күнге қанша қалғанын санамалап, Елбасы ерекше назар аударған қаралы күнді жұрт жадына салып жатса, одан ұтылмасымыз анық.

...Табло арқылы тарихты насихаттасақ қайтеді?!

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498