Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4096 1 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:35

Бас санитар дәрігер Қазақстан халқына үндеу жасады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан халқына үндеу жасап, коронавирус індетінің үшінші толқыны басталатынын ескертті. Қиясовтың сөздері Үкімет жанындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) Telegram-арнасында жарияланды.

«Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны болады деген қауіп туындады. Әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті», - делінген Қиясовтың мәлімдемесінде.

Сондай-ақ:

«Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандасымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахаулы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды. Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын.

Вакцинация сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцинация сізге әуежайларда еш қиындықсыз елге оралуыңызға, әрі өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік береді», - деді Ерлан Қиясов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489