Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2103 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 13:25

Д. Амантай «Жаужүрек мың баланың» қазақша нұсқасы көрерменге қолайлы уақытта неге көрсетілмейтіндігін айтып берді

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Көрерменнің алғашқы үш күнінде-ақ 1 млн. АҚШ долларына жуық қаржы жинаған отандық «Жаужүрек мың бала» фильмі рекорд орнатты.

Алайда, фильмнің мемлекеттік тілдегі нұсқасына сұраныстың көптігіне қарамастан, көрерменге қолайлы уақытқа үнемі орысша нұсқасы қойылып жүр. Кинотеатрлардағы осы келеңсіздікке «Қазақфильм» неге шара қолданбайды?». «Жас қазақ» газеті (басылымның 11 мамыр күні шыққан санында жазылды) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайға осындай сұрақ жолдады.

Оған киностудияның бас режиссері былай деп жауап қайырған: «Біріншіден, «Қазақфильмнің» жекеменшік кинотеатры жоқ. Екіншіден, мемлекеттік кинотеатр тағы жоқ. Жекеменшік кинотеатрлар фильмдердің көрсетілу уақытын өздері белгілейді. Олардың көпшілігі «Қазақ тіліндегі фильмдерге көрермен келмейді, аудиторияны жоғалтамыз»,-деп қорқады. Прайм-таймға көбінесе американдық блогбастерлердің қойылуы сондықтан. Біз қазір кинотеатрларға хабарласып, фильмнің қазақша нұсқасын көбейтіп, көрерменге ыңғайлы уақытта қойылуын талап етіп жатырмыз».

Ал «Қазақ әдебиеті» газетіне (11 мамырдағы саны) «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері, бұған дейін «Рэкетир», «Адасқандар», «Ағайынды», «Ликвидатор» фильмдерін түсірген Ақан Сатаев, аталмыш картина және өзінің өзге де туындылары, сондай-ақ алдағы жоспарлары туралы егжейлі-тегжейлі баяндап берген.

Оның айтуынша, «Жаужүрек мың баланың» сценарийінің он екі нұсқасы болған. Түсіру тобынан бөлек, тарих жөнінде, тіл жөнінде кеңесшілер жұмыс істеген.

«Жетісіне бір рет жиналыс жасап, талқылап тұрдық. Одан техникалық жұмыстарға шетелдік мықты-мықты деген мамандар араласты. Британдық скрипт доктор Клер Даунс деген кісі сценарийді қалыпқа келтірді. Бұл кісі атақты «Біржолы Америкада...» (Once upone a time in Аmerica») фильмінде жұмыс істеген. Тәжірибесі мол маман. Біз үшін үлкен мектеп болды. Көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын. Монтажын Николас Трамбасьевич пен Кристофер Белл жасады.  Николас «Такси» («The taxi») фильмінің, Кристофер «Борнның шарты» («The Bourne Ultimatum») фильмінің монтажын жасаған адамдар. Бұл жігіттер де өздерінің шеберліктерін көрсете алды. Енді осыншама еңбекпен жасалған  киноны халық жақсы қабылдауы тиіс деп ойлаймын. Жақсы қабылдап жатқан секілді. Аллаға шүкір! Тіпті интернет сайттарының бірінде бір орыстың қызы: «Мен қазақ болмасам да, қазақстандық болғанымды мақтан етемін» деп пікір қалдырыпты. Бұл біз үшін қуаныш. Енді дәл осылай шетел де қабылдап жатса, нұр үстіне нұр болар еді», - дейді ол.

Режиссердің айтуынша, қазір картина Канн фестиваліне қатысу үшін дайындалуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504