Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2345 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:33

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Шешен Республикасы халықтары Ассамблеясы арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды - Грозный

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов жетекшілік еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы таяуда Ресей Федерациясының Шешен Республикасында  сапармен болып қайтты.

Бұл жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясынан хабарлады.

ҚХА делегациясының сапары өткен жылы мамырда Шешен Республикасы делегациясы құрамында Қазақстанда ресми сапармен болған ШР Парламентінің спикері, Ассамблея тең төрағасы Дукуваха Абдурахманов арқылы жолданған Шешен Республикасының Президенті Рамазан Кадыровтың шақыруымен іске асты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясының құрамында: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов және Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким; жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази; Қарағанды облысы «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының төрағасы Увайс Джанаев; Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Могамед Лорсанов болды.

Ассамблея делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы № 1 лицейде, «Назарбаев үйінде», Грозный қаласындағы Н.Назарбаев атындағы көшеде, Центарой аулындағы ШР Тұңғыш Президенті, Ресей батыры
Ахмат-Хаджи Кадыровтың зиратында, «Даңқ аллеясы» ескерткіш кешенінде, Шешен халқының суретшілері мен халық шығармашылығы көрмесінде және т.б. болып, Грозный, Гудермес, Аргун қалаларын аралады.

Сапар барысында РФ Шешен Республикасының Президенті Р. Кадыровпен, Парламент депутаттарымен, қоғам қайраткерлерімен ШР Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесімен кездесулер өтті. ҚХА делегациясы Шешен халқының еске алу және аза күніне арналған жалпыұлттық іс-шараға қатысып, сондай-ақ Шешен мемлекеттік «Грозный» телерадиокешенінде «Точки опоры» телебағдарламасында қонақта болды.

Шара барысында сөз алған Шешен Республикасының өкілдері шешен халқының Қазақстанға, оның халқына және Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа деген ыстық ықыласы мен риясыз көңілдерін жеткізді, сапардың маңызын атап өтті.

ШР Парламентінің Төрағасы Д. Абдурахманов, осындай кездесулердің қажеттігіне және маңызына тоқтала келе, «қазақ халқы шешендер үшін тек бауырлас ғана емес, қиын кезеңде шешендерді өз жерінде құшақ жая қабылдаған, рухтас халық» деп көрсетті.

«Қаһарлы 44-ші жылдары Қазақстанға қоныс аударылған жүз мыңдаған вайнахты ұлы қазақ халқы түсініп, бауырындай қарыс алды, қонақжайлықпен қабылдады, бұл үшін шешендер мен ингуштер шексіз алғысын айтады» - деп айтты, өз сөзінде Дукуваха Баштаевич.

ШР Парламентінің спикері «бүгінгі шешен және қазақ халқының берекелі тіршілігі, бірлігі, олардың арасындағы екіжақты бауырлас қарым-қатынас бұл екі халықтың рухани жақындығымен қатар, екі елдің басшылары - Н.Назарбаев пен Р.Кадыровтың жемісті саясатының нәтижесі. Бұл біз үшін өте маңызды, бүгінде Қазақстанда көптеген вайнах отбасылары тұрады» деп атап өтті.

Д.Абдурахмановтың айтуынша «елді бастайтын лайықты көшбасшысы болмаса халықтың бірлікке ұйысып, береке табуы мүмкін емес. Достықты, бейбітшілікті, келісімді - басқа да маңызды құндылықтарды сақтау үшін - біз оларды жастарға дұрыс жеткізе алуымыз керек».

ШР Тұңғыш Президенті, Ресей батыры Ахмат-Хаджи Кадыровтың зиратына барғанда Шешен әлемдер Кеңесінің Төрағасы Хож-Ахмед Кадыров: «Сіздерді шешен жерінде қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Шешен халқының көптеген қариялары Қазақстанда дүниеге келген, олар Сіздің еліңізді ерекше құрмет сезімімен еске алып отырады. Бүгінде біздің халқымыз, ел басшылығы сіздерді бауырындай көреді»,- деп көрсетті.

Өз кезегінде Е. Тоғжанов республика басшылығына қабылдауы үшін алғысын білдірді, «Біз достық қарым-қатынасымызды сақтап жаңа байланыстарымызды кеңейтуіміз керек. Себебі ұлттық келісім мен қарым-қатынас жолымен ғана бейбітшілікті орнатуға болды. Біздің Шешен Республикасына сапарымыздың да негізі осында», деді ол.

Е. Тоғжанов «Қазақстан Тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап ел Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын бейбітшілік және келісім қағидаларына негіздеді, бұл Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұтастыққа алып келді. Қазақ және шешен халықтарын жақындастыратын бастаулар көп, оның бастысы тарихи тағдыр. Бүгінде біз пайдалы тәжірибелерімізбен бөлісіп, - байланыстарымызды кеңейтуіміз керек»,- деп атап өтті.

Шешен Заң шығару жиналысының кіші залында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясының ШР халықтары Ассамблеясының Кеңесімен өткен кездесу барысында Е.Тоғжанов пен Д.Абдурахманов қолдарын қойған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Шешен Республикасы халықтары Ассамблеясы арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды.

Бұдан бұрын Ресей, Татарстан және Қырғызстан халықтары Ассамблеясымен қол қойылған осындай келісімдер аталған елдердің мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарымен әріптестік пен тәжірибе алмасуды жаңа деңгейге көтерді, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін кең көлемде насихаттауға ықпал етіп, үлкен оң қолдауға ие болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522