Ыстамбұлда Хақан Отыншыға арналып ас берілді
21 сәуір күні Астанада дүние салған Хақан (Ахан) Отыншыға арналып 13 мамырда Ыстамбұлда ас берілді. Ыстамбұл Гүнешлі Қазақкент ауылында Қожа Ахмет Яссауи діни қорында берілген аста сауабы Хақанның аруағына бағышталып құрандар оқылып, дұғалар істелді. Марқұмның барған жері ұжмақ, жатқан жері торқа болғай!
Белгілі болғандай, Лондонда тұратын электорника саласының маманы, ғылым докторы Хақан өткен жылы қыркүйек айынан бері Астанадағы Назарбаев техникалық университетінде сабақ беріп жүрген еді. 21 сәуір күні студент және мұғалімдермен табиғат аясына серуенге шығып жүргенде кенет жүрегі ұстап дүние салды.
Сөйтіп, «еліме қызмет етем, еуропа елдерінде жинаған білім мен ғылымды жастарына берем» деп барған Хақан Отыншы Отанның өркендеуі жолында жанын пида қылған ғылым шәйіті екеніне күмен жоқ.

Оның қайғылы қазасы туралы хабар Ыстамбұлға жеткен уақытта ата-анасының қабырғасы қатты қайысты. Тіпті бүкіл Еуропа елдері мен Түркиядағы қазақтар жас азаматтың қазасына аза тұтты. Бірақ, Алланың жазғаны сол болғаннан кейін не істей аласыз? Ендігі қолдан келетіні марқұмның сүйегін Ыстамбұлға әкеліп жерлеу еді. Ата-анасы да осы ойда еді. Бірақ Астанадаға Назарбаев университеті басшылығы Хақан Отыншыны Ыстамбұлға алып кетпей осында жерлеу туралы ұсыныс жасаған екен. Бірақ Хақанның әкесі Ғани ағамыз: «Ыстамбұлға жерлейік, көптен көрмеген ұлымды тым болмаса өз қолыммен жөнелтейін» деді. Сөйтіп, Хақанның сүйегін қай елде жерлеу керек деген мәселе үйге қаза үшін көңіл айтуға келгендер арасында сөз бола бастады.
Көпшілік Хақан Отыншы Отаны үшін шәйіт болған азамат. Шәйіттің сүйегі сол жерде жерленеді. Екіншіден, Қазақстан бөтен ел емес, туған Отаны және мұсылман елі десті. Ақыры, көпшілік марқұмды Астанаға жерлеудің дұрыстығы туралы кеңес берді.
Жүрегі қан жылаған Хақанның әкесі көпшіліктің бұл уәжіне мойынсұнды. Сонымен, ол кісі жұбайы және үш перзентімен жаназа үшін Астанаға аттанды. Лондоннан Хақанның бала-шағасы да Астанаға келді.
Өткен апта Ғани ағамыз Астанадан келді деген соң, үйіне барып қайта көңіл айттық. Хақанның аруағына Құран оқыдық. Хақанның әкесі де, анасы да Қазақстанға риза екендіктерін айтып отырды. Әсіресе Назарбаев университетінің басшылығы, мұғалімдер, студенттердің балаларына көрсеткен құрметіне қатты риза болғандарын айтты. "Астанада болған бір аптада олар аяғымызды жерге тигізбеді. Ұлымның жетісін де берді. Астанаға Түркиядан барған молла баурымыз Абдолла Гезер жаназасын оқыды, үйіне шақырды. Барлығына ризамыз. Қазақстан мемлекетіміздің іргесі берік, шаңырағы биік болсын, көк байрағы мәнгілік аспанда желбіреп тұрсын" деп ризашылықтарын білдіріп жатты.
Хақан баурымызды Алла алдынан жарылқасын, иманы жолдас болсын! Артында қалған бала шағасына қайырын берсін.
Әбдіуақап Қара
Ыстамбұл қаласы
«Абай-ақпарат»