Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 3342 0 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 17:47

Олимпиаданы өз көзімен 10 мың адам көреді

Биыл шілде және тамыз айларында Токиода өтетін Олимпиада ойындарына көрермен қатыстырылады, бірақ олардың саны шектеледі. Жапония билігі мен Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады. Бұл туралы centralasian.orgқа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

Тараптар ортақ келісімге келді. Бұның алдында Ойындар көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған.

Жарыстың әрбір түріне он мың ғана көрермен жіберіледі. Трибуналар жартылай ғана толады. Жарыстарды тамашалайтын жанкүйерлер әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс.

Ойындарға Жапонияда тұратын азаматтар ғана кіре алады. Шетел жанкүйерлеріне елге келуге тыйым салынған. Спорт делегацияларының саны шектелген.

ХОК басшысы Томас Бахтың мәлімдеуінше, спортшылар мен Олимпиада қалашығында тұратын ресми өкілдердің 80 пайызына вакцина егілген.

Олимпиада-2020 коронавирус пандемиясына байланысты былтыр өтпей қалды. Ойынды ұйымдастыру кезінде жаппай наразылық акциялары өтті. Олар Олимпиададан бас тартуды талап етті.

Жапония билігі коронавирустың таралу деңгейі өссе, Токиода төтенше жағдай енгізіліп, Ойындар көрерменсіз өтуі мүмкін екенін ескертті. Түпкілікті шешім 12 шілдеден соң қабылданады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377