Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3220 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 12:41

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕУ

 

 

Жуырда Ақордада өткен жиында негiзгi әңгiме Мемлекеттiк рәмiздерге байланысты өрбiдi. Жиынға Мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң төрағалық етуiмен Президент жанындағы Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия мүшелерi жиналған едi. Бұл аталмыш республикалық комиссияның биылғы жылғы алғашқы бас қосуы. Елбасы Н.Назарбаевтың 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес, биылғы жылы комиссия құрамына да бiрқатар өзгерiстер енiптi.

Жиындағы күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Олардың қатарында, спорт және денешынықтыру істері агенттігінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау саласындағы жұмыстары да бар. «Бұл мәселе бас­пасөзде көп айтылып, көп жа­зыл­ды, - деп бастады сөз тізгінін қолына алған Мемлекеттік хатшы. - Ал бүгін ол мәселелер бойынша толық мағлұмат алатын боламыз». Мемлекеттік хатшының бұған баса назар аударатын да жөні бар. Өйткені еліміздің әнұранына байланысты қандай масқарашылық болғанын баспасөз беттерінде жиі жазылған еді.
Осыған орай, Мемлекеттік Әнұранның орындалуы және мемлекеттік Тудың көтерілуі тәртібін бекітетін «Спорттық жарыстарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану қағида­ларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірлегенін айтады Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев.
Сонымен бірге, комиссия мүшелерін толғандырған мәсе­ленің бірі - білім беру жүйесіндегі жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу және қазақ­стандық па­т­рио­тизмді одан әрі ны­­ғайту бағы­тындағы жұмыстар төңі­регінде болды. Осыған орай, Мұхтар Абрарұлы: «Шындығында, мемлекеттік рәміздерге құрметті тәрбиелеуді біз балабақшадағы бүл­діршіндерден, бас­тауыш мектеп­тердегі оқушылардан бастауымыз керек» дегенді айтады. Білім беру жүйесіндегі жастар арасында патрио­тиз­мге тәрбиелеу бағытында қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығы туралы Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов баяндама жасады. Бұдан соң комиссия мүшелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы жұмыстары туралы да министрдің есебі тыңдалды.
Мемлекеттік рәміздер саласын­дағы жұмыстарды үйлестіру мәселесі Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелгені белгілі. Осы орайда, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай соңғы кездері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. «Мемлекеттік рәміздер еліміз­дің ең қасиетті символдары!» - деп нақтылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед. Әрі қарай Мемлекеттік хатшы Елбасының «Біз Тәуел­сіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар - халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз» деген сөзін тілге тиек етті. Биыл еліміздің Мемлекеттік рәміз­дерінің қабылданғанына да жиырма жыл толып отыр. Осы орайда, бұл айтулы күнді лайықты деңгейде атап өту мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде осыған орай, республикамыздың бүкіл аймақтарында дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Жиын кезінде Мұхтар Абрарұлы мемлекеттік рәміздердің қабыл­дануының 20 жылдығы мерейтойын өткізу бойынша тұтас шаралар кешені әзірленіп, бекітілгенін де айта кетті. Шындығында да, мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы әр­бір қазақстан­дық үшін патрио­тизм мен елімізге деген мақ­таныштың мерекесіне айналуы қажет. Ол үшін әрбір қазақ­стандық мемлекеттік рәміз­дерін құрметтеуге, құрмет тұтуға ти­істі.
Келелі жиында мемлекеттік рәміздерге қатысты ұлттық заң­на­маны жетілдіру бағытында да бірқатар шаралардың атқа­рылып жатқаны сөз болды. Бүгінде мемлекеттік рәміздер туралы конс­­­титуциялық заңға өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу мәселесі жоспарлануда. Аталмыш заңның жобасын Мәжіліс депутаттары жазғы демалыстарынан күзгі мау­сымда басталатын жаңа сессиясында қарайтын болады

Гүлзина Бектасова

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6218