Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4870 33 пікір 28 Маусым, 2021 сағат 15:52

Қазақстанда Қытай кәсіпорындарының саны артты

Қазақстанда соңғы уақытта Қытай кәсіпорындарының саны артты. Сондай-ақ, ҚХР-дан келетін импорт көлемі де айтарлықтай өскен. Мәселен, 4 айда Қытайдан келетін тауар көлемі 2,3 миллиард долларға жетті.

LS сайтының мәліметінше, олардың қатарында негізінен компьютерлер, ұялы телефондар, аяқ киім, киім, көлік құралдары, уран, пластмасса және қара металл бұйымдары бар.

Қаңтар - сәуір айларындағы есеп бойынша, есептеу машиналары, компьютерлер мен ноутбуктар - $168 млн, ұялы телефондар - $149,9 млн, аяқ киімдер - $146,2 млн, қара металдар мен бұйымдар - $114,2 млн, жүк және арнайы мақсаттағы көлік құралдары - $49,2 млн, киім - $110,7 млн, бұйымдар мен пластмассалар - $96,8 млн, бульдозер, экскаватор, жол роликтері - $59,8 млн, жеміс-жидектер - $42,4 млн, сұйық және ауа сорғылары - $36,6 млн, байытылған уран - $34,3 млн, маталар мен жасанды талшықтар - $33,4 млн көлемінде болған.

Қазақстанда Қытайдан келген 1265 заңды тұлғалар мен өкілдіктер бар. Олардың көпшілігі шағын кәсіпорындар.  Негізінен сауда, құрылыс және өнеркәсіп саласын қамтиды.

Сәйкесінше, Қытайдан келетін тікелей инвестициялар 22% -ға азайған. Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда Қытайдан келетін еңбекші мигранттар саны - 3 689 адам.

Ал, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы Қазақстан Қытайға 9 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорт жасаған. 2023 жылға қарай екі ел $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.

- 2005 – 2020 жылдар кезеңінде Қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар, Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $24,5 млрд-қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде, - дейді вице-министр Қайрат Төребаев.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290