Сенбі, 23 Қараша 2024
2931 7 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 18:07

Алматыда туризмді дамытуға 45 млрд теңге жұмсалады

Алматыда туризмді дамытуға 45 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бұл туралы LS мәлімдеді.

Ведомстваның хабарлауынша, қала экотуризмге баса назар аударады. Бұл салада 26,6 миллиард теңгеге бес жобаны іске асыру басталды.

Сонымен қатар, қалада 20 санитарлық-гигиеналық қондырғы мен сигналдық сөйлеу құрылғылары бар бес келушілер орталығы, 10 интерактивті терминал орнатылуда.

Тауларда тағы екі келушілер орталығы мен 1 миллиард теңгеге екі гламп алаңы салынады. Сондай-ақ, 172 км-ге жуық таудың серуендеу жолдары жақсартылады.

Сонымен қатар, биыл 17,8 миллиард теңгеге үш халықаралық қонақүй іске қосылады.

- «Жобаларды іске асыру арқылы туризм индустриясына инвестициялар ұлғаяды және шамамен 583 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қалада қонақ бөлмелер саны 6% -ға, яғни 774 бөлмеге көбейеді. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жүзеге асырудың арқасында таулы аудандардағы жобалар, экологиялық туризмнің танымалдылығы артады», - дейді қала әкімдігі.

Департамент 2021 жылдың бірінші тоқсанында осы салаға салынған инвестиция көлемі 29,6 млрд теңгені құрағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% -ға артқанын қосты.

Биылғы жылы мегаполиске 217 мың отандық турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% артық.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383