Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 15692 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 12:22

Қамшы.кz

Тақырыптық номинация: Жаңалықтар, дойыр, бизнес, қамшыгер, ғылым, өнер;

Ресурстық тілі: қазақ;

Ашылған уақыты: 2012 жыл;

http://www.qamshy.kz/

«Қамшыны» қалай қолға алдық?

Бүгінгі күннің қамшысы - ғылым-техника мен өнер-білім, сіңірі мықты экономика. Бұларды дер шағында қолға алып, кәдеге жаратсаңыз, ұлттың ұлы боласыз да,  қапы қалып жатсаңыз, өзгенің құлы боласыз. Шындығы осы. Қамшының қасиеті - ұл болсаң қолыңда ойнайды, құл болсаң төбеңде ойнайды дегеніміз сол.

Қазақ тарыдай шашылған деп таусыла беруге болмайды. Қазақ қай жерде болса да қазақ. Оның білім-білігі, өнері қазақтікі. Тек соны Алты Алаштың жалғыз отаны - Қазақстанның дамып-өркендеуіне пайдалана білу - ұтқандық. Қазақтың мұндай мүмкіндігі дүниедегі кез-келген халықта бар деп айта алмаймыз. Ең өкініштісі - шекараның арғы жағында жатқан қазақ ғалымының білімі түгіл әлдеқашан елге оралған біліктілерді де өз орнына қоя алмадық. Шындығында, біз олардың тиісті маман болуына бір тиын қаражат жұмсаған жоқпыз. Құдайдың бере салған бағы.

Тәжірибе болсын деп, алып көршіміз Қытайдың тарихын қарадық. Жер шарының бестен бір халқын ғылым мен білімнің арқасында асырап отырыпты. Сан ғасыр құлдықтың бұғауында болған жұртта қайдағы білім деп ойладық. Сөйтсек әу баста әр саланың басына шетелдің ең озық техникасын меңгерген кәдімгі «оралман» ханзуларды отырғызыпты. «Миллиард халықпыз, өз ішімізде де ығайлар мен сығайлар көп» деп күпірлік етпеген екен. Ендеше 10 миллион қазақтың он оралманды көпсінуінің сыры неде?

«Қамшы» оралмандардың сайты емес, бар қазақтың мүмкіндігін бір отанның гүлденуіне қызмет еттіретін сайт. Үш жазуда үкілеуіміз де сондықтан. Шетелдегі 5 миллион қазақ атажұрттағы ағайынның ықылас-пейілін білсін, қалам қуатын танысын дегенде ниетіміз бар. Оны уақыт көрсетер. Қазірге бірен-саран шын жанашыр әріптестеріміз ботасын бермесе де, батасын беріп қолдау білдіріп отыр. Оған да шүкір!

Еліміз тәуелсіздік ала сала қазақ көші көк туға қарап бой түзеді. Мұндай «ұлы көштің» басталуына мұрындық болғаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына шетелдегі 5 миллион қазақтың ықыласы айрықша болғанын айта кеткеніміз жөн. Егер осы көштің айналасында азды-көпті қитұрқылықтар болып жатса да, қандастарымыз оны мысықтілеулердің ісі деп біледі. Қазақша айтсақ, Елбасына «шаң жуытпайды». Ендеше олардың арман-тілегін, мақсат-мұратын «Көшбасшының» назарына іліктіру - сайттың басты мақсаттарының бірі.

Ал шетелдегі ұлттық өнерді дамытқан қазақ кәсіпкерлері туралы мәліметтерді көрсеңіз, бұл біздің сайттың оларды қолдауы деп біліңіз. Аталмыш кәсіпкерлерден жарты жармақ алмағанымызды да ескертеміз.

«Ол - қазақ», «Көзайым» айдарлары арқылы жүрегіміздің жартысындай болып жат жұртта қалған ер мен жерді таныстыруды мақсат еттік.

«Дауа қамшы» - «Қамшы» сайтының алғашқы қосымшасы. Басты назарда - әлемдегі озық медицинаның иесі Қытай шипагерлігін Алаштың аман-саулығы үшін пайдалану. Қала берді еліміздегі кез-келген емдеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, озығы мен тозығын оқырман таразысына салу.

Қазақ көбейсе ғана қазақ мәселесі өздігінен шешіледі. Бұл - бұлжымас шындық. Ендеше қазақ көшіне, намысына, ғылымы мен біліміне, өнер мен өресіне қамшы басайық ағайын!

Көшті тоқтатпайық, көштен қалмайық!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417