Сенбі, 23 Қараша 2024
3601 2 пікір 9 Шілде, 2021 сағат 14:34

Қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерь ашылды

Қазақстанда балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тегін лагерь ашылды. Мақсаты – жасы 10-13аралығындағы балаларға армандаған болашақ мамандығын анықтауға көмектесу, және алдағы уақытта қаржылық табыстарға қол жеткізу жолдары туралы қарапайым тілде әңгімелеу. Бірінші ағымның қатысушылары үшін сабақтар 12 шілдеде басталады.

Қаржылық сауаттылық бойынша тегін лагерін Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы бірінші рет 2019 жылдың шілдесінде іске қосқан. Жобаны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттігі қолдаған. Сол уақыт ішінде, лагерьге 200 астам балалар қатысқан.

Freedom Finance Camp - қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті оқу сабақтарының курсы.  Сабақтарда мамандар әртүрлі ойын түрінде балаларға қарапайым және жеңіл тілде, ақшаны қалай ақылмен табу, жинақтау және жұмсауды үйретеді. Одан басқа, балалар қор нарығы, сақтандыру, депозиттер және жылжымайтын мүлік туралы ұғым алады. Курс аяғында, қатысушылар өз жобаларын ұсынады, болашақта кім болғысы келеді және мақсатына қалай жету туралы әңгімелейді.

«Біздің лагерь – тегін, және лагерьге қатысу ниеті барлардың саны жылдан-жылға өсуде. Алайда, орындар шектеулі. Былтыр, карантин кезінде лагерь Zoom арқылы онлайн жұмыс істегенде, біз тек 100 балаға сабақ бере алдық. Бұл жолы шеңберін кеңейтуді шештік, қатысушылар орнын көбейттік, сабақты онлайн және оффлайн режімінде жүргізу жағдайын ұйымдастырдық. Қауіпсіздік ережелері сақталған және оқу жайлы шығармашылық атмосферасында жүргізіледі»-деп мәлімдеді Freedom Finance Life Басқарма Төрағасы  Азамат Ердесов.

Сабақтар 2 сағат онлайн және оффлайн форматта, мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Топта бірмезгілде 20 адам оқиды.

Лагерь 30 тамызға дейін жұмыс істейді. Қатысу – тегін, бірақ қатысушылар орындары шектеулі.

Лагерьге жазылу үшін, келесі талаптарды орындау қажет:

Instagram-дағы парақшаңызда «Өскенде кім болуды армандаймын» тақырыбына жарияланым орналастырыңыз. Бұл-фото немесе бейне түрінде болуы мүмкін. Ең басты талап-Сіздің парақшаңыз ашық болуға тиісті (немесе біз  жарияланымды көре алмаймыз).  #FreedomFinanceCamp хэштегімен пост жариялаңыз және біздің @ffin.life парағын белгілеңіз.

Қатысу ережелерімен танысуға және балаңызды лагерьге жазуға Freedom Finance Camp парағында мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413