Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 4864 9 пікір 10 Шілде, 2021 сағат 18:30

Уго Чавес және Венесуэланың күйреуі

Біреудің жаманшылығын қазу қазақ әдетінде жоқ. Әйтсе де ақпараттың ағыны тасқындаған заманда, айдың күннің аманында көз алдымызда құрдымға кеткен «Венесуэла оқиғасы» тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстағандар үшін үлкен сабақ болары анық!

Ендеше, азамат ретінде сіз миллиондаған ақша табуды, мемлекеттің сән-салтанатын көруді және тұрақты ақшалай төлемдерді алуды ұнатасыз ба? Сіздің жалақыңызды бірнеше есеге көбейтіп, бағаны үкімет белгілеп, еркін нарықты жойып жіберудің құны қанша болады екен? Осы туралы мәліметті Латын Америкасындағы ең бай мемлекеттің популизм кезінде қалай күйрегені арқылы дәлелдеп көрейік!

Бүгінгі күні 32 миллион халқы бар Венесуэла азаматтарының 5 миллионы өз елінен қашып кетті, олардың көпшілігі көршілес Колумбияға өтіп кеткен (The Economist, қыркүйек 2018).

Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші Венесуэлада 2004-2015 жылдар аралығында молшылық болды, бұған шикі мұнай бағасының өсуі және 750 миллиард долларлық кіріс тапқаны себеп болған еді. Сыртқы сауда кірісінің 96%-ы мұнайдан құралады.

Алайда популист саясаткер Уго Чавес коммунистік саясат жүргізіп, әлеуметтік қамқорлықты кеңейтіп «жалпақ шешейлікке» салынды.

1998 жылы президент болып сайланғаннан кейін Чавес шетелдік инвесторларды тықсырып шығарып, барлық мұнай кен орындарын мемлекеттің бақылауына алды. «Табиғат байлығы -  халық меншігі», деп жариялап, дайын ақша тарата бастады.

Бастамасы ретінде «PDVSA» - мемлекеттік мұнай компаниясына $62 млрд облигация шығарды. Қытай мен Ресейден алған сыртқы қарыз өте қысқа мерзімде бес есеге артып, 150 миллиард долларға жетіпті. 2008 жылғы елдің сыртқы валюта қоры 42,3 миллиард доллар болса, ол төрттен біріне қысқарыпты.

Венесуэла үкіметі 1999-2014 жылдар аралығында әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларына 718 миллиард доллар жұмсаған, бұл азаматтардың еңбекке  қызығушылына кедергі келтірді. Еңбек нарығында дүрбелең туып, компаниялар жұмыс күшінің тапшылығына тап болды.

Социалистік көшбасшы цемент және құрыш құю сияқты барлық салаларды санаттарға бөліп, жүздеген компаниялардан бартерлікті немесе «мемлекет белгілеген бағаны ұстап тұруды» талап етті. Бұл шешім өндірістік секторға қатты соққы беріп, импорттық тауарларды арзандатты.

Бұл ел 2008 жылы барлық өнімнің 70 пайызын өздері шығаратын.  Ал қазір тек 20 пайызын ғана шығарады.

Оппозициялық бақылаудың мемлекетке араласуы жойылып, сыбайлас жемқорлық өрістеді. Есірткінің импорты өркендеп, халықаралық деңгейде тыйым салынды. Чавестің экономикалық кеңесшісі Джордж Джорданидің пайымдауынша, тек соңғы 10 жылда 300 миллиард доллар жемқорлық жолында жоғалған.

Венесуэла билігінің жылдар бойы өз халқының миын жуу үшін пайдаланып келген мұнайдың әлемдік бағасы әлемдік нарықтарда құлдырап, кірісті қысқартты.

2014 жылдың шілдесінде 98 доллар болған мұнай жыл соңында 47 долларға жетті. Одан құлдырап, 2016 жылға дейін 35 доллардан болды. 2014-16 жылдар аралығында 121 миллиард доллар табуды көздегенімен, бірақ болғаны 48 миллиард доллар тапты. Инфрақұрылымдық инвестициялардың жетіспеуінен мемлекеттік «PDVSA» мұнай компаниясының өндірісі тәулігіне 3,2 миллион баррельден 1,5 тармаққа дейін төмендеді.

Экономикалық дағдарысқа жауап ретінде үкімет валюта саудасы мен аударымдарын шектеді, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге салықты көбейтті, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығын тудырды. 2012 жылы 66 миллиард доллар импорттаған ел 2018 жылы тек 9,2 миллиард доллар жұмсаған.

Кезінде барлық кірісін мемлекеттің қамқорлығымен қанымдап тұрған  венесуэлалықтар  қазір күніне жарты кило ет алу үшін бір апта бойы жұмыс істейтін халге жетті.

2017 жылдың аяғында Венесуэла экономикасы кезекті ауыр соққыға ұшырады. Ел 10 миллиард долларлық сыртқы қарызға тап болды. Барлық дүниесі құнсыздана бастаған Венесуэланың зауыттары мен жылжымайтын мүлік объектілеріне АҚШ кәсіпкерлері пайда табу үшін кіре бастады.

Аймақта зиянды экономикалық саясат жүргізген Венесуэламен АҚШ билігі барлық сауда-саттық жасауға тыйым салды. Бұрын Венесуэла тауарларының үштен бірін сатып алатын Америка сауданы тоқтатқандықтан, Венесуэла халқы аштықтан зардап шегуде.

Венесуэла дағдарысын Халықаралық Валюта Қоры соңғы 50 жылдағы «әлемдегі ең жаман оқиға және ауыр дағдарыстардың бірі» деп сипаттады.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449