Нұрбек Пұсырманов. Әділетті нәрсенің бәрі заңды
Кімді кім сыйлауы керек? Халық билікті ме, әлде, билік халықты ма? Әрине халықсыз билік болмайтыны хақ. Демек, еліміздің басты заңы Конституциямызда анық көрсетіліп жазылғанындай - Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Демек, билік халық игілігі үшін қызмет етіп, сұраныстарын қанағаттандыра алуы қажет.
Қазірде құқық қорғау органдарының түрлі оқиғалардан кейін абыройы түсіп, халықтың сенімсіздігін тудырды. Елді, жұртты қорғайды деп сенген тәртіп қызметкерлерінің беделіне уақыт өткен сайын қарсы көзқарастар тууда. Барлығы бірдей болмауы мүмкін, алайда, жақсылықтарын жамандықтың жаңғырығы жауып барады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген қаржы полициясына сенбеушілік артты. Мұның барлығын ойдан шығарып отырған жоқпыз. Ел арасындағы пікір осыны көрсетеді. Сондықтан, әлі өте көп жұмыстар мен реформалар жасалынуы және қатаң бақылануы керек. Тек аяқсыз қалмасын деп тілейік.
Кеңестік кезеңде белең алған ақ пен қара бояуы әлі де болса өз ұстанымынан арылмауда. Демократияға бет бұрған елімізде түрлі өзгерістер орын алып жатса да сол баяғы ақ пен қара бояу фонын сақтауда. Сонда жаңару (модернизация), жаңарту (инновация) қайда? Ол кімге керек және пайдалы? Реформалар өзгерістерін ала келмесе олар не үшін жасалынады? Ойландыратын сұрақтар көп, бірақ нақты істер аз.
Кімді кім сыйлауы керек? Халық билікті ме, әлде, билік халықты ма? Әрине халықсыз билік болмайтыны хақ. Демек, еліміздің басты заңы Конституциямызда анық көрсетіліп жазылғанындай - Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Демек, билік халық игілігі үшін қызмет етіп, сұраныстарын қанағаттандыра алуы қажет.
Қазірде құқық қорғау органдарының түрлі оқиғалардан кейін абыройы түсіп, халықтың сенімсіздігін тудырды. Елді, жұртты қорғайды деп сенген тәртіп қызметкерлерінің беделіне уақыт өткен сайын қарсы көзқарастар тууда. Барлығы бірдей болмауы мүмкін, алайда, жақсылықтарын жамандықтың жаңғырығы жауып барады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп жүрген қаржы полициясына сенбеушілік артты. Мұның барлығын ойдан шығарып отырған жоқпыз. Ел арасындағы пікір осыны көрсетеді. Сондықтан, әлі өте көп жұмыстар мен реформалар жасалынуы және қатаң бақылануы керек. Тек аяқсыз қалмасын деп тілейік.
Кеңестік кезеңде белең алған ақ пен қара бояуы әлі де болса өз ұстанымынан арылмауда. Демократияға бет бұрған елімізде түрлі өзгерістер орын алып жатса да сол баяғы ақ пен қара бояу фонын сақтауда. Сонда жаңару (модернизация), жаңарту (инновация) қайда? Ол кімге керек және пайдалы? Реформалар өзгерістерін ала келмесе олар не үшін жасалынады? Ойландыратын сұрақтар көп, бірақ нақты істер аз.
Қоғамдық қатынасты реттейтін заңдар аяқ асты болып халық игілігіне жарамаса көз бояудың қажеті не? Бүгінде өзге елдерде орын алып жатқан түрлі түсті төңкерістердің ықпалы аталмыш екі бояудың орнын басуға әрекет жасауда. Шүкір, еліміздің даму көрсеткіші жоғарылап, халқымыз саналы ойлай бастап, әлемдік бәсекеге түсеміз деп жатқанда түрлі мәселелерді өз пайдасына шешуге тырысып жүргендерден бұрын билік шапшаң және қырағылықпен қимыл жасауы керек. Кеше ерте еді, ертең кеш болып қалды деп бармақтарын тістегенше, оңалту мен орнына түсірудің жолын іздеуі тиіс.
«Егерде мемлекет күшті болса онда ол бізді басып жаныштайды, егерде әлсіз болса біз құримыз»,- деп Пол Валеди айтқандай, мемлекет өз күштілігін қай жерде пайдалана алуы керек?
Жаһандануда жаңару мәселесімен бетпе-бет келгенде өткеніміз бен бүгініміз бүтін болмаса бәсекелесу де бекершілік. Бұл орайда өткенімізді түгендеуде игі істің бастауы Елбасы Н.Назарбаевтың мәдени-мұра бағдарламасы алғашында жедел жұмыс жасап істер атқарғанымен қазір жалғасы бұлыңғырлық танытуда. Жасалған оң істер неге жайнатылып, ұлттық рух және намыспен ұштастырылып көгілдір экраннан көрсетілмейді? Сондай-ақ ел патриотымыз деп қабырғаға жазып күлкі болғанша, БАҚ-тан көрсетіп, үлгі болайық.
Бүгінді ғана ойламай, болашақ ұрпақ тағдырына аландағанымыз дұрыс. Бүгінгі кеткен кемшіліктерді келешек ұрпақ қайталамауы тиіс. Сонымен, жемқорлық неге көптеген елдерде соның ішінде посткеңестік мемлекеттерінде үстемдік құруда. Осы мәселемен кеңінен таныса бастасаң ғаламтор бетінде бұл қазақ қанында бар деген ойланбай жазған бір өзінше жаңалық ашқан автордың мақаласы бар. Ал әлемде жемқорлық көрсеткішінен бізден кейін тұрған Ресей мемлекетін қалай байқамай қалған. Тарихтың басын оқымай ортасынан араласуы болып жатқан шайқас алаңында екі жаудын ортасында қалумен бірдей. Бос сөзге уақыт жоқ. Қазіргі заман талабы жететін жерге жүгіріп жедел жетуді қажет етеді. Демек, жемқорлық, парақорлықпен барша әлем күресуде. Алайда, жанымызда жақын тұрған Грузияда жемқорлықтың желін азайтып, екпінін басуы - айқай жиырма бестің арқасында екені шыңдық. Жаңа буынға орын берді, аға буынды жылжытты. Қолыннан еліне келтірер пайда келмесе, өзгеге орын берген дұрыс. Осы орайда Марк Аврелийдің «Әлдеңе қолыңнан келмейтін болса, ол жалпы адамның қолынан келмейтін іс деп есептеме. Ал, егер, әлдеңе адам үшін мүмкін әрі оған лайық болса, ол сенің де қолыңнан келеді деп сана», - деп дөп басып айтқан. Тағы бір маңызды мәселе, бізде кадрлық қысқарту болса, жасы үлкендерді емес, жастарды қысқартуы өсіп келе жатқан талдың тамырын шапқанмен бірдей. Үйретудің орнына, білмейсің бе деп сұрау ақылға қонымсыз. Бұл жерде білмегенін одан емес, білім беру жүйесінен сұрауы тиіс. Өйткені, бүгінде теориясы мен тәжірибелік маңызы алшақтау жатқан білім жүйесі жастарға ұлттық тәрбиені керекті деңгейде бере алмай және бойына ұлттық рухты шамасынша сіңірте де алмай жатыр. Бұл үлкен кемшілік. Тек біліммен қаруланған жастар - шайқаста үстіне сауыт кимеген, тек қолына қалқан алған әскермен тең. Сондықтан саяси құралға жастарды өзіміз итеріп, біреудің қолында, тістегеннің аузында жібермеуіміз керек. Осы орайда Еуразиялық ғалым Л.Н.Гумилевтің: «Біз Батыс Еуропадан 500 жылға жас болғандықтан, еуропа тәжірибесін қанша оқып үйренгенімізбен дәл еуропаға тән тұрмыс-деңгейіне, мінез-құлық әдеттеріне жете алмаймыз. Біздің жасымыз, біздің пасионарлық деңгейіміз мүлде өзгеше сипаттағы әдет-әдептерді талап етеді. Бұл өзгенікін өзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тәжірибені оқып үйренуге тиіспіз, әрі ол қажет те, бірақ оның өзіміздікі емес, өзгенікі екенін естен шығармағанымыз абзал,- деген. Білім беруде ұлтық рух пен ұлттық намыс берілмесе, тәрбиелі жастармызды қалыптастыра алмасақ, мынадай қауіптер кездесуі мүмкін:
- Демографиялық мәселенің ұшығуы.
- Жастарымыз саяси құралға айналып кету қаупі.
- Түрлі ағымдардың сонында, ұстағанның қолында кетуі мүмкін.
- Ең бастысы Елге зиян келтіруі.
- Болашағымыз бұлыңғыр болуы.
- Тектілігімізді сақтап қала алмауымыз, ұлттығымызды баянды ете алмау.
Кезінде түркі жұртының бабасы атанып қоймай, дүние жүзіндегі әйгілі екінші ұстаз болған Әл-Фарабидің өзі «Тәрбесіз берілген білім - адамзаттың қас-жауы» деген. Демек тек қана біз әлем елдерінің тәжірибесін ала отырғанда өзіміздің басты қаруымызды ұмытсақ, ел патриоттары мен ұлтжанды тұлғалар қайдан шығады?. Тағы ең ірі өткір мәселе кейбір басшыларымыздың білімі мен тәрбиесі жетерлік күші тасыған пассионарлық кадрлардан қашып, өзгелерін алуы бұл өз орнынан қорқуы ма әлде, келіспеушіліктің алдын-алуы ма? Түсініксіз жәйт екені белгілі. Жақсы кадрлар қашанда жақсылығы мен жаңалығын ала келеді. Бұл инновация мен жаңаруға дайын деген сөз. Жаман кадр болмайды, жаман басшы болады. Жастарды жұмысқа алдық деп жар салу маңызды емес, сол жастарға мүмкіндік беріп жол ашуы маңызды. Бұл болашақты бағындыруда сенімділікті күшейтіп, олқылықтардың орнын босатуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Қайта өзекті мәселелерді айналып, жемқорлықтың екпінді желіне оралсақ, еліміз әлем тәжірибесін ескеруде Алдардың «сиқырлы» шапанының орнын басқан «байдың» шапаны Алдардың арқалаған ел аманаты мен адал жолынан адастыра алмағанын ұмытпауымыз қажет.
Гонгонг - 1970 жылдың соңында орын алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін басқару жүйесін реформалауда ұран етіп, «табысқа сәйкес өмір сүру» және «жауапкершілікті» көтерді. Табысқа сай өмір сүру принципі ресурстарды үнемдеуді алдынғы орынға қойды, ал бұл бюркратиялық аппараттың жемқорлық іс-әрекеттеріне тосқауыл қойып, жең ұшынан жалғасу мен сыбайласуға қиындықтар туғызды. Ал жауапкершілік принципі мемлекеттік қызметкерлердің басқарушылық мәдениетіне тікелей ықпал етті. Бұдан шығар қорытынды Қазақстанда қанша құжаттар шыққанымен, бақылау күшейтілгенімен жемқорлық деректерінің азаймауы - бұл оның иерархия болып, жоғарыдан төменге қарай жүйемен орналасқандығын көрсетеді. Яғни, төменде шауып жүрген бір санаулы адамды ұстатып жіберіп, жоғарыдағы өздерін «алушылар», төмендегелерді «жымқырушылар» санайтындар кейіннен қайта орнына өзгелерді алып, оларды да жемқорлық пен парақорлыққа итермелейді. Бұл ең бастысы. Ал олардың көздерінің адамгершілік қасиеттен аттап, тек ақшаны ғана көруі өмірінің белгілі бір қиын кездерін де суреттеуі ықтимал. Кезіндегі Кеңестік дәуірінде де жемқорлық болды, алайда тоқырау жылдары мен қайта құру кезінде өмірбаяндарында белгілі бір сызаттар бар тұлғалар өткеннің орнын толтыруға тырысуы әбден мүмкін. Бұл менің субъективті пікірім.
Жемқорлық пен парақорлық - адамның әлсіздігінен туындайды. Әлсіз адам күшті болуға тырысады. Ол тек бәрі ақшада жатыр деп ойлайды, топшылайды. Әлсіздер - адами құндылықтарды аңсайды. Ақша арқылы бәрін шешуге тырысады. Алайда, болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отыратын халық және тарихтың сыңдарлы беттері ондай сәттерді сәтсіздікпен өткізіп жібермейді. Әр нәрсенің де сұрауы бар. Жақсылықпен келген іс - қуанышқа бөлейді. Жамандық пен келген іс болашақты - белгісізге теліп, көңілге қорқыныш байлайды.
Жемқорлық - адамдар арасында сенімсіздік тудырып, бөлінуге апаратын жол. Сонда ел мен жер кімге керек? Тойып алып аш баламен ойнамау мүлде отандық тарихта болмаған. Біреудің көз жасымен, алдау-арбау, қулықпен келген дүние ешқашан кешірілмейді. Жоғарыда аталғандай әлсіздер күшті болуға тырысып жүріп, тек өзінен мықты күшті көргенде тоқтайды. Демек, жоғарыда қойылған сұрақтың жауабы мемлекет күштілігін осындай жерде көрсетуі тиіс.
Қандай өзгерістер болмасын әділ бағасын алып отыруы маңызды. Заң үстем болмай, әділеттілік орнамай, тәртіп қалыптаспайынша халықтың ашуын туғызады. Уәделері көп, жасаған істері жоқ билік өкілдерінен халық хабардар болуы керек. Көңілде күдік болмауы қажет. Күмән ұялаған жерде көш түзелмейді. Сонымен, жемқорлықтың жол кесуде мынадай өзіндік ой түйіндесек:
1.Мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер санасына жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Өйткені, олар мектеп қабырғасында жүріп, еш нәрсе әділ емес, бәрі ақша деп өссе, бұл жемқорлыққа дем бергендей болады. Керісінше жемқорлардың сағын сындырып, талап етуге ұялатындай деңгейге түсіру қажет.
2.Қазақстандағы реформалардың баяу жүргізілуі кейбір жемқор топтарға, парақорларға бейімделулеріне мүмкіндік беруде. Бұл орайда байыппен бақылау және қырағылық пен әділеттілік керек.
3. Жолдау - жаңа мүмкіндіктер. Алайда ел үшін жұмыс жасауға тырысып-ақ жүргендер жұмыс іздеуде ашық жемқорлық деректеріне кездесуде. Бұл тұрғыда жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында да байланыстар орнату қажет.
4. Жоғарыда көрсетілгендей жіпсіз байланған жүйені түп-тамырымен құрту өзекті алдыңғы мәселе. Әйтпесе, болашақта бұл жүйе мұрагерлікке айналып кету қаупі басым.
5. Қаржы полициясы, құқық қорғау органдарының халық алдындағы бейнесін (имиджін) дұрыс және тез арада қалыптастыра алу керек. Халық оның киген киміне қарап емес, адамгершілік пен ар-намысына қарап бағалайды.
«Абай-ақпарат»