Непалдағы сыры ашылмаған тіл өшуге жақын
Гиани Маййа Сен [Gyani Maiya Sen] (суретте) есімді Батыс Непалда тұратын 75-тегі кейуананың бүкіл әлем салмағын өз мойнына алғандай сезіміне түсіністікпен қарауға болатын шығар. Ол - Непалдағы кусунда [Kusunda] тілінде еркін сөйлей алатын жалғыз адам. Кусунда тілінің белгісіз түп-төркіні мен сыры ашылмаған сөйлем құрылымы тіл мамандарын баяғыдан бері тұйыққа тіреп жүр.
Осыған байланысты кейуана оның өшіп бара жатқан тілін сақтап қалғысы келетін тілектес белсенділер үшін ең тартымды аттракционға айналды.
Мадхав Прасад Похарел [Madhav Prasad Pokharel], Непалдың Трибхуван университетінің лингвистика профессоры, өшіп бара жатқан кусунда тайпасын он жылдан бері зерттеумен келеді. Профессор Похарелдің сипаттамасы бойынша, кусунда тілі әлемге белгілі ешбір тілге туыстығы жоқ "оңаша тіл".
Оның айтуынша, "дүние жүзінде шамамен 20 тіл семьясы бар. Кусунда тілі осылардың бір де біреуіне жатпайды, себебі ол фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық тұрғыдан әлемге белгілі ешбір тілге туыс емес.
Бүкіл кусунда тайпасы жер бетінен жойылудың аз алдында тұр. Ал, Гиани Маййа Сен - сол тілде сөйлей алатын соңғы адам.
Оның ескертуі бойынша, кусунда тілі ғайып болса, "бүкіл адамзат мұрасының бірден-бір қайталанбас және өте маңызды бөлігі мәңгі-бақи жоғалады".

Кусунда тілінің сақталуын қолдайтын ең жоғары мағыналы интеллектуалды уәждер Сен ханыммен бітсе де, тілдің өлімі жеке өзіне қандай әсер ететінін өзі де өте жақсы біледі. Ол: "Бақытыма қарай, мен [өз тіліммен қатар] непал тілінде де сөйлей аламын, дегенмен тайпаластарыммен өз тілімізде сөйлей алмайтынымызға қынжыламын", - дейді.
Кусунда тайпасының басқа да адамдарының тірілер санатында болуына қарамастан, олардың бір де біреуі өз тілін түсінбейді, сөйлей де алмайды. "Басқа кусундалар... кусунда тілінің тек кейбір сөздерін айта алады, бірақ ол тілде [толық] тілдесе алмайды."
Өз тілін жас ұрпаққа жеткізіп қалдыруға жәрдем көрсете алмаған үкімет пен ғалымдарға налыған кейуана: "Кусунда тілі менімен бірге өледі", деп сары уайымға салынып отыр.
Ешбір нақты мәліметтің жоқтығына қарамастан, [Непалдың] Статистика жөнінде орталық бюросының айтуынша, [ел ішінде] кусунда тайпасына жататын тек шамамен 100 адам қалды, бірақ кусунда тілінде тек Сен ханым еркін сөйлей алады.
Бірнеше жыл бұрын Непалдың орталық батысындағы бір қыстақта кусунда тілінде еркін сөйлей алатын тағы екі адам болған. Бұл Пуни Тхакури [ Puni Thakuri] мен оның қызы Камала Кхатри [Kamala Khatri] еді. Дегенмен, содан бері Пуни Тхакури қайтыс болып, Камала жұмыс іздеп елден кетті.
Жасына қарамастан Сен ханым әзірге дейін тас уатушы болып күн көріп жүр. Дегенмен, жұмыс орнынан шықса, дереу лингвистика ғылымын оқып жүрген студенттерге тап болады. Соңғы кезде Сен ханымның мазасын алатын студенттердің белсенділігі артуда, олар Сеннің көмегімен кусунда тілін оқып үйренгісі келеді екен. Осы бірегей тілді сақтап қалуға тырысып, олар сол тілді қолдарынан келгенше қағазға түсіріп жатыр.
Әзірге зерттеушілер кусунда тілінің 3 дауысты және 15 дауыссыз дыбысын анықтады.
Кусунда - көшпенді тайпа. Аңшылық және терімшілікпен айналысады. Кусундалар - аласа бойлы және төзімді халық - өздерін өз тілінде "миак" ["myak"] деген сөзбен атайды. Олар кесел ("pui") мен жабайы құстарды ("tap") өлтіріп жейді.
Қазір лингвист ғалымдар мен тайпа белсенділері үкіметтен кусунда тайпасын көтермелеп, олардың тілдерін қорғауға арналған арнайы бағдарламалар дайындап қабылдануын талап етуде. Бірақ үкіметтің жоспарында бұндай шаралар қарастырылмаған, ең болмағанда жақын келешекте еш өзгеріс болмайтыны рас.
Нарайан Регми [Narayan Regmi], Мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы: "Бұл тілдің сақтап қалуын көздейтін біздің ешбір арнайы бағдарламамыз жоқ", - деп мойындады.
Жақында Ұлттық этнография мұражайы Непалдың 10 түрлі этникалық тобын қамтитын, оның ішінде кусундалар да бар, зерттеу жүргізіп бітірді. Бұл зерттеу өте қорқынышты қорытындыға келді. Бүкіл кусунда тайпасы кусунда тілінде сөйлей алатын жалғыз адам көз жұмса, сонымен бірге өшудің алдында тұр.
Ағылшын тілінен аударған Қ. Әлімжан
Мақаланың түпнұсқасын мына жерден оқуыңызға болады:
http://www.bbc.co.uk/news/world-asia-17537845
«Абай-ақпарат»