Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 8606 1 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 13:11

Бушков: «Қалқаның – шешуі қиын жұмбағы»

Алтын орда тарихына қатысты КСРО тарағаннан кейін жазылған тарихи еңбектер

3 бөлік

Орыстардың «моңғол-татарлармен» бірінші қақтығысы 1223 ж. Қалқа өзенінде орын алғаны ежелгі отандық жылнамаларда өте-мөте толық және егжей-тегжей жазылды, тек оларда ғана емес, сонымен қатар, «Қалқадағы шайқас жайында, орыс кінәздары жөнінде және жетпіс бұхадір  туралы хикаятта» да сөз етіледі [Сердца из крепкого булата. Сборник русских летописей и памятников литературы. – М.: Патриот, 1990.].

Бірақ та мәліметтердің молдығы әманда айқындыққа бастап әкелмейді…

Жалпы алғанда, тарих ғылымы Қалқа өзенінде болған оқиға  – Руске жатжерліктердің шабуылдамағандығын, орыстардың өз көршілеріне басқыншылығы фактісі екеніндігін де жоққа шығармайды. Ойлап көріңіздер. Татарлар (ормандық қыпшақтар – Abai.kz) далалық қыпшақтармен соғысқан (Қалқадағы шайқас туралы жазбаларда мрңғолдар бірде бір рет ауызға алынбайды). Және олар Руске (норманияға) елші жіберіп, орыстардан (фин-угорлардан) өз араларындағы  осы соғысқа араласпауларын сұрайды. Орыс кінәздары олар жіберген елшілерді… өлтіреді, ал, кейбір бағзы мәтіндерде, тек құр өлтіріп тастамайды, – «азаптайды». Бұндай қылық, сыпайылап айтқанда, адамға жат, әрі қай дәуірде болмасын кісінің қанын жүктеу ең ауыр қылмыс саналады. Содан кейін орыстар алыс жорыққа аттанады. Олар Рустің шекарасынан тыс өңірде бірінші болып, татар жерін шауып, шылқай олжаға батып, малды барымталап, сегіз күнде ел ішіне дендей енеді. Онда, Қалқада ең шешуші шайқас орын алып, қорыққан қыпшақ одақтастары тұра қашады (жылнама да, одан мысал келтіріп отырған автор да – бір нәрсені жорта ішке бүгіп отыр – ол далалық қыпшақтардың бұрынғыдай емес, азамат соғысы аяқталғандықтан өз қандастарын өзгемен бірге қасқырдай шапқылары келмегені – Abai.kz) да, кінәздар жалғыз қалып, үш күндік соғыстан кейін барып, татарлардың жандарыңды қалдырам деген сөздеріне сеніп, тұқынға беріледі. Бірақта орыстарға деген ыза-кегі қайнаған татарлар тұтқынға түскен кінәздарды түгелдей қырып салады (бұл өзі шектен шыққандық қой?! Олар елшілерін өлтіріп, бірінші болып соғыс ашқаннан басқа еш жәбір келтірген жоқ қой…). Бір деректе – азаптамай өлтірді десе, басқаларында – оңбағандар аяқ-қолдары маталған олардың үстіне тақтай салып, оған өздері тұтқындарға (бәріне емес тек орыс кінәздарына ғана – Abai.kz) отырып алып,  думанды аста-төк той жасайды.

Көзге ұрып тұратыны, ең арқасы құрысқан «татарфобшы», жазушы В. Чивилихин, өзінің сегіз жүз беттік «Жады» кітабында «ордалықтарға» қатысты қарғап-сілеуден тұратын лағынетін үйіп төксе де, Қалқадағы оқиғаны  қабағы түксиіп айналып өтеді. Аз-кем сөз етіп, әлдеқандай бір шайқастың болғанын ғана ат үсті сөз етеді… [Чивилихин В. Память. – М.: Современник, 1982.]

Әрине оны түсінуге болады: өйткені, орыс кінәздары бұл тарихи оқиғада сүмірейтіліп суреттеліп отыр ғой. Өз жанынан қосқаны: галич (қазіргі Украинаның Ивано-Франковск облысының ежелгі атауы – Ә.Ә.Ә.) кінәзі  Айбынды Мстиславты (нормандығын ескермей – хохолға балап жерден алып, жерге салады – Abai.kz) басқыншы ғана емес, барып тұрған оңбаған жан болғандығы, бұл турасында кейін қайыра бір соғатын боламыз…

Енді жұмбағымызға оралайық. «Қалқадағы шайқас туралы хикаяттың» өзі неге екені белгісіз... орыстардың қарсыластарын түстеп танып беруге қауқарсыз! Енді ой елегіне салып бағалап көре беріңіздер: «…біздің күнәмізге бола белгісіз, дінсіз құдайдан безген моавитян (Моавитян – семит тілдік тобы бойынша жөйіттерге туыс Өлі теңіз (Моав) маңындағы тайпа. Інжілде оны Аврамның бауыры Лоттың үлкен қызынан туған жиенінің ұрпағы делінеді – Abai.kz) деген халық келді, олар туралы өздері кімдер, қайдан келді, тілдері қандай, қай тайпадан, әрі қай дінді ұстанатындарын ешкім дәлді біліп болмайды. Біреулер – олар татарлар еді десе, екіншілері – таурмендер, енді кейбіреулер – печенектер дегенді айтады» (түркі тілінен эсперантолық (жасанды) көне славян (кітаби поляк) тіліне әдеби ұрлық жасау үстінде Хазар қағандығының жазбасына жиендік жасаған орта ғасырлық иезуит кітап көшіруші кейін біреулердің жеңіл қолымен «моңғолға» айналып шыға келген «моавитян» сөзімен бірдеңкені бүлдіргені сезіліп тұр (кейін араб-парсы тілді жөйіттер аярылықпен “моғол” деп түрін өзгертіп шығыс тарихына енгізген осы атаудан ОА тарихшылары өлсе де айырылар емес, ойбай бұл түркі сөзі «мың қолды» білдіреді деп өзіңді оқытады) – сол бүлдіргенді түзей білген Бушов ниеті бұзық болса да, дұрыс жолды нұсқайды. Билікке жақын Жөйіттердің (оның ішінде, иудей сектанттардың) айтағымен  қыпшақ елшілерін орыс кінәздары өлтіруі ықтиал, осы сот айыптауы құжатын орта ғасырлық кітап көшіруші иезуит жымын білдірмей тарихи жылнамаға айналдырып отырған жоқ па деген ойға да қалдырады: біз ұққан дүние осы, енді Бушковқа кезек берейік – Abai.kz).

Айтары жоқ, бір түрлі сөйлем жолдары! Естеріңізге саламын, оқиға болып өткеннен кейін көп кейін жазылып отыр, ал, ол кезде Қалқада орыс кінәздарының кімдермен соғысқанын бәрі де нақты білетін еді. Өйткені, қосынның аман қалған бөлігі (аз-мазы, кейбір деректер бойынша – оннан бірі) Қалқадан аман-сау елдеріне оралды. Оның үстіне, жеңілген орыс полкін  індете қуған жеңімпаздар Новгород-Святополч (Ұлы Новгородпен!  Шатыстырып алмаңыздар; Днепр жағалауындағы көне қала – А.Б.) жеріне дейін барып, ол жердегі бейбіт тұрғандарды шапқан болатын, осы тұрғындар арасында да куәгерлердің болуы ықтимал [Бунич И. Пятисотлетняя война в России. – Спб.: Облик, 1996.].

Бірақ та осы дұшпан «көрінбес» болып қалып отыр. Қайдан келгені де, қай тілде сөйлегені де беймәлім. Ерік өзіңізде, ақылға сыймайтын бірдеңе…

Әлде қыпшақ, әлде таурмен, әлде татарлар… Осы бір мәлімдеме жұрттың бәрін тұйыққа тірейді. Ал, Қыпшақтарды әңгіме болып отырған шақта Русте жақсы білетін – жүздеген жылдар төсекте бастары, өрісте малдары қосылып, жауға бірге аттанып, ілік-шатыс туыс болды… Қыпшақтарды танымау – ешбір ақылға да сыймайды?

Таурмен – сол дәуірде Қара теңіз жағалауындағы көшіп-қонып жүрген түркі тайпасы. Ол да сол кезде орыстарға тәп-тәуір таныстын.

Татарлар (мен бұны кейін дәлдеймін) 1223 ж. ең құрығанда он жылдың көлемінде Қара теңіз маңын мекен етті.

Қысқасын айтқанда, жылнамашы әлдебір себеппен жалғандықты туындатып отыр. Оған сенімім кәміл, өте салмақты себеп бойынша осы шайқастағы орсытардың дұшпандарын тікелей айтқысы келмейді. Және менің бұл күмәнім бәрінің ойдан шығарылып отырғандығы. Біріншіден, «...Біреулер – олар татарлар еді десе, екіншілері – таурмендер, енді кейбіреулер – печенектер дегенді айтады...» деген сөйлем сол дәуірдегі орыстардың тыныс-тіршілігімен еш қабыспайды. Олардың барлығында «Хикаяттың» авторынан басқалар Русте жақсы білді…

Екіншіден, егерде орыстар Қалқада «беймәлім» бірінші рет бепте-бет келіп отырған халықпен соғысса, онда орын алатын оқиға мүлдем өзге болар еді, бұл арада менің айтпағым, кінәздардың тұтқынға түсіп, талқандалған орыс полкінің ізіне қуғыншылардың түсуі.

Шындығына келгенде, «ағаш қоршау мен арбадан» құрылған қорғаныста үш күн бұғып отырып, жаудың бетін қайтарушы кінәздар... татар қосынының қатарында соғысып жүрген әлдебір орыс есімді  Плоскиняның  жұрт алдында кеудесіндегі шырмақты сүйіп, қаруын тастап қолған түскендердің ешқайсына жәбір көрсетілмейді деп  ат-су ішкенінен кейін беріледі.

Алдап соқты, иттің баласы. Бірақ істің мәнісі оның аярлығында емес (тарихта орыс кінәздарының өздері де «шырмақты сүйіп» аярлықпен уәделерінде тұрмағандықтарының дәлелі жетіп артылады), ал, «ешкім білмейтін халықтың» жауынгерлері арасына жұмбақ жағдайда тап болған орыс, әрі мәсіхші Плоскиняның жеке басында болып тұр. Бір қызығы оны бұнда қай құдай айдап алып келді?

«Классикалық» версияның жақтаушысы В. Ян Плоскиняны жол бойынан «моңғол-татарлар» ұстап алған дала кезбесі еді, ал, оның мойына шынжыр бұғау салып, қарсыласушылар жеңімпаздарға берілуі үшін орыс қорғанысына әкеледі деп суреттейді.

Бұл тіптен де версия емес – айыпқа бұйырмаңыздар, барып тұрған ақылдан алжасу. Ойлап көріңіз де, барша ғұмырын өз көршілері славяндар (орман қыпшақтары деп ұғамыз) және далалық-көшпелілермен соғысқа арнаған, соғыстың барлық тауқыметін бастан өткере білген орыс (норман) кінәзінің орнына өзіңізді қойыңыз…

Сізді үш күн бойы алыс жерде бұған дейін ешкім білмейтін тайпаның әскерлері қоршап алды. Үш күн бойы тілін білмейтін, өңі өзге және келбеті бөгделігімен жүрегіңді айнытатын  жаудың шабуылының бетін қайтарасың. Кенет осы бір жұмбақ дұшпан сіздің қорғанысыңызға мойнына бұғау салынған  киімі алба-жұлба жанды алып келеді, ол шармақты сүйіп, қоршауға алғандар (тағыда, әрі тағыда бір рет қайталап айтамын: сізге бұрыннан, тілі мен діни сенімі жағынан мүлдем белгісіздер!) берілсеңдер жандарыңды қалдырады ант су ішеді …

Ал, сіз бұндай жағдайда не істер едіңіз?

Ақыр аяғына дейін соғысасыз! Аз-маз әскери тәжірибесі бар есі дұрыс ешбір жан тұтқынға берілмейді (оның үстіне, нақтылай айтар болсақ, сіз таяуда ғана аталған халықтың өзіңізге жіберген елшісін өлтіріп, тайпаластарын шаптыңыз).

Ал, орыс кінәздары неге екені белгісіз тұтқынға беріле салауды хош көреді…

Оның үстіне, неге «әлденеге» бола? Тап сол «Хикаятта» бұл жайында екі ұштылау жазылады (мәселенің байбына бармағандықтан Бушков осыны айтып отыр, бүгінгі жалғаншыл славяндарға емес қазіргі нағыз түркілерге бәрі де түсінікті): «Татарлармен бірге бродниктер (руына, тайпасына, тегіне қарамай өз бетімен топ құратын не мәсіхші, не мұсылман жаугер еркін жауынгер – қазақтарды орыстар сөзбе-сөз “кезбелер” деп өз мәнерімен аударып алып отыр – Abai.kz) болды, ал, олардың қолбасшысы Плоскиня (тағыда сөзбе-сөз аударма бұл жолы тарихи кісі аты: (ы)Йалпақ-Жалпақ) еді» (сонымен жылнамада бірінші рет «қазақ» этнономі «бродник» түрінде ұшырасады да: аталған атау әуелі иезуиттер, кейін ресейліктер тарапынан бұрмаланады. Бұрынғы қыпшақтарды алмастырған (Мұрат Әжі қыпшақтықтың пайдасына осы фактіні әдейі назардан тыс қалдырады//өйткені, біртұтас қышақ-оғыздық: оғыз-селжүк және қыпшақ-қазақ (өзбек-қазақ) империясы болып екіге айырылған еді: әрі оның құрамына тілі де, діні де бөлек тайпалар да енді)  руы, тайпасы, тегі және діні әрқилы еркін жаугер қазақ қосындары (оның ішінде: бүкіл түркілік азамат соғысы аяқталған соң, Наймандық – ариян қара қытайлық (Шығыс Түркістандық) және Қоңыраттық – мұсылман тұрандық империялардың бұрынғы жауласушы әскерлері де өзара бірігіп, «өзбек» атауымен) Шыңғысханның бастауымен Русті шапты – Abai.kz).

Бродниктер (батыс тарихында – федераттар (ҚАЗАҚТАР) – Abai.kz) – сол жерлерде тіршілік кешкен еркін орыс жасақтары еді. Казактардың  негізін қалаушылар. Ендеше, бұның барлығы мәселенің мәнісін түбегейлі өзгертеді: оларды тұтқынға берілуге көндірген байланған құл-құтан емес, тап өздерімен дәрегейлес, қолбасшы славянин (рустік деп ұғамыз), әрі мәсіхші еді… Ондай жанға сенуге болатындықтан – кінәздар оның сөзін жерге тастамады.

Бірақ та ыЙалпақтың шынайы әлеуметтік тегін айқындау мәселені мүлдем шиеленістіре түседі. Бұдан шығатыны, бродниктер (қазақтар) аз уақыт ішінде «белгісіз халықпен» қойдың шек-қарынындай араласып, өздерінің қаны мен діні бір бауырларына қарсы, олармен қосыла орыстарға соққы беруге қалай келісе кетті?

Тағыда әлдененің қиюы келмей қалады. Түсінікті, бродниктер етегін кесіп елден шыққандар болатын, тек өздері үшін соғысатын (бұл қазақ қазіргі біздің түсінігіміздегі алаштың асыл тегін құрап отырған қазақ емес, соғысты кәсіп еткен жауынгерлердің ортақ атауы) болғандықтан қайдан келгендерін, қай тілде сөйлегендерін, қай дінді ұстанғандарын еш пенде біліп болмайтын «дінсіз моавитяндармен» (Шыңғысханның жалпы түркілік азамат соғысы аяқталған соң жасақтаған әр тілді, әр дінді еркін жаугер қазақтарымен (жалдамалыларымен) деген орынды – өйткені, тарихтағы бір жағымсыз құбылыс діндік және тілдік факторға баса көңіл бөлу бұл арада орынсыз – Abai.kz) оп-оңай тіл табыса кетті…

Ақиқатын айтқанда, бір нәрсенің басы ашылады: Қалқа өзеніндегі орыс кінәздері жан берісе шайқасқан әскердің бір бөлігі славяндық (рустік), мәсіхтік еді.

Бәлкім бір бөлігі ғана емес шығар? Мүмкін, ешқандай да «моавитян» болған жоқ? Бәлкім, Қалқадағы соғыс православтар (М.Бушов түсінігінен өзгеше бізше ариандықтар) арасындағы «бас-жақты айыру» шығар? Бір жағынан – орыс кінәздарының бір қатар одақтастары [міндетті түрде қадап айтарымыз көптеген орыс кінәздары неліктен екені белгісіз Қалқа өзенінде қыпшақтарға қол ұшын берген жоқ], өзге жағынан алғанда – орыстардың көршілері бродниктер (қазақтар) және мәсіхші татарлар?

Осы версияны қабылдаған кезімізде бәріде өз орын-орындарына келе кетеді. Жәнеде осы мезетке дейін жұмбақ болып келген кінәздар бөтендерге емес, өздеріне жақсы таныс көршілеріне  тұтқынға беріліп отыр (ал олар болса, берген уәделерінде тұрған жоқ…) [«Хикаят» тек қана тұтқын кіінәздар «тақтай астында алас ұра бұлқынды» деп қана жазады. Басқа дерек көздері азаптамай бірден өлтіргенін алға тартса, үшіншілері – құр ғана кінәздарды «тұтқынға алғанын» алғанын ғана сөз етеді. Сонымен, «дене үстіндегі думан» тарихы – сондай нұсқалардың бірі ғана болып табылады.] Және де Новгород-Святополч тұрғындарының Қалқадан қашқан орыстарды (фин-угорларды – Abai.kz) ізіне түсе түре қуған татарлардың... алдынан шармақ көтеріп шерулетіп шыққан жоралғылық іс-әрекеттері!

Дәл осы белгісіз «дінсіз моавитяндармен» болған шеру аталған версияның қалыбына еш сыймайды. Біздің ата-бабаларымызды көптеген күнәлері үшін күстәналауға болады, бірақ асып-төгіле өзгеге сенім танытуы басы артық дүние. Шын мәнісінде, қандай есі дұрыс жан әлдебір тілі, діні, әрі қай ұлтқа жататыны аян емес, әлдеқандай белгісіз келімсектердің алдынан шармақты шерумен шықпақ?!

Бірақ та, кінәз қолының қалған-құтқанының артынан әлдебір өзімізге жақын, бұрыннан таныстар, ең бастысы, өзіміз секілді  мәсіхшілер түре қуған деп ұйғаратын болсақ, онда қалалықтардың ақымақтануының немесе кеңкелестіктерінің нышан белгісі әп-сәтте сап тыйылады. Өздерінен жақсы таныстардан, діни қарындастардан  өздері секілді мәсіхшілерден (христиандық православие мен католиктерден) шармақ шеруімен ғана жан сақтаған.

Бұл жолы осы жан сақтау опа әпермеді салт аттылар олардың (жүздеген жылдарға созылған азамат соғысы кезінде рим мен гректер тарапынан өзгеріске ұшыраған дінбұзар – Abai.kz) кірестерін көре сала, бірден ашуға булығып, бәрін кескілеп тастады (қанды қырғынға ұшыратып, елшілерін өлтіріп, бірінші болып елін шапқандық емес, бұның себебі – келгендер дін тұнығын бұзған христиандық православие мен католикті мойындамайтын несторияндар (ариан қара қытайлық наймандар) еді – бұны А.Бушков ескермей отыр. Әрі азамат соғысы аяқталып, жаңа дәуірдің  кезі болатын). Ерекше атап өтетіні, бұндай оқиғалар бұрындары да орын алып таза орыстардың (әр текті ұлыстар арасындағы түркілердің) арасындағы азамат соғысы кезінде көзіне қан толған жеңімпаздар кірес көтергенгенде еш тоқтамай, алдындағыларды оңды-солды шауып тастайтын (православие мен католиктер арасындағы түркі соғыстары сөз болып тұр)…

Осылайша, Қалқадағы шайқас – белгісіз халықпен бетпе-бет келу емес, мәсіхші-орыс, мәсіхші-қыпшақ [бір қызықтысы, сол дәуірдің жылнамалары (ариандықтан (КЕРЕИТ ДІНІНЕН) бас тартқан – Абай.кз) мәсіхшілікті қабылдаған қыпшақ ханы Бастый турасында сөз етеді] және мәсіхші-татар арасындағы өзара қырғынның бір эпизоды. XVII ғасырдағы орыс тарихшысы осы соғыстың қорытындысын былайша түйіндейді: «Татарлар осы жеңістерінен кейін  қыпшақ қалалары мен кенттерін түк қалдырмай қиратты (осыдан кейін – қазақтар қалай көшпендіге айналмайды, әрі 500 жылдан кейін тарихи жады халхамен (моңғолмен) туыспын деп шыға келеді, біздің қазіргі тіл мен ділді сақтап еуропаға көзсіз еліктеуімізде осындай себеп те жатыр. Ол (еуропалық) – мәдениеттің өзі бізден шығып отыр ғой. Егер қалалық мәдениеттің исі мұрынға бармайтын шын көшпенді болсақ, халхалар және қырғыздар сияқты дәстүрімізді тап-тұйнақтай сақтар едік. Ол дәстүр жоқ қой. Жоқ... – Abai.kz). және де Дон маңындағы жерлер, әрі Меот [Азов//Азулы теңізі], пен Таврик Херсон (екі теңізді ортасын қазып бір-бірімен қосудың нәтижесінде өмірге келген Перекоп мойнағы) аймағы, әрі Понти Евксин маңын, яғни, Қара Теңізді татарлар ен жайлап, өз қонысына айналдырды».

Көріп отырғанымыздай, соғыс нақты бір аумақты иеленуге қатысты халықтар арасында болып отыр. Атап айтар, өте-мөте қызғылықты шетін жайт «қыпшақ қалалары мен кенттерінің түк қалдырмай қиратылуы (осыны барлық тарихшылар орыс кенттері мен қалалары қиратылды деп өңін айналдырып келеді)» жайында сөз етілуі. Біздің санамызға ұзақ уақыт бойы қыпшақтар – далалық көшпенділер деп сіңіріп келді, бірақ көшпенді халық (біреулер Жамбыл мен Кененді алға тартып, «қазақ-қырғыз» бір туған деп даңғазалатын, шын мәнісінде, тегі жат деп Хан Кенені найзаға ілген түбі бөтен қырғыз бен халха сынды – көшпенді емеспіз, 1432-1932 дейін көшіп қонғанымыз тарихтың басқа салған жазымышы – Абай.кз) не кент (қорған), не қала салмайды… (Төл тарихымызды қолмен қойғандай ұғындырып бере білген Бушковқа “Сен Керемет Данасың” дер еді бұл жолды оқып отырған әр қазақ бұндайда)

Және де сөз соңында айтарым – галчина кінәзі Айбынды Мстислав жөнінде, шындығына келсе, ол өзінің лақап есіміне тіптен лайықты тұлға емес еді, қайта оны «оңбаған» деп атаған орынды. Тағы сол тарихшыға сөз берейік: «…Жаужүрек галчина кінәзі Айбынды Мстислав… өз жасағымен өзенге  келген соң қайықпен арғы бетке өтіп алады («татардан» жеңілгеннен кейін іле-шала – А.Б.), арғы бетке өткен соң, қайықтарды жағып жіберуге татар қуғыны қайда екенін біліп қоятынан қорқып, бәрінің түбін тесіп, суға батырып, өзінің Галчинасына тартып отырады. Орыс полкінің қалған қашқындары өз қайықтарына жеткен кезде олардың жарамсыздығынан арғы бетке өте алмай, қайғы мен аштықтан және шарасыздықтан қырылды, талдан тоқылған салмен кейбір кінәздармен олардың қасындағы әскерлері ғана арғы бетке өте алды».

Тап осылай. Оның үстіне, ол оңбаған  – мен Мстислав туралы айтып отырмын – әлі күнге тарих пен әдебиетте Айбынды деп аталып келеді. Ақиқатын айтсақ, оның тұлғасына тарихшылар мен әдебиетшілердің барлығы таңдай қағып табына қойған жоқ – осыдан жүз жыл бұрын Д. Иловайский Айбынды Мстиславтың  галчина кінәзі ретіндегі барлық ағаттығы мен далбаса тірлігін жіпке тізе келе мынадай тамаша ой айтқан болатын: «Әлбетте, Мстислав шөгіп кәртайған шағында есінен адасып алжасты». Керісінше, Н. Костомаров оның осы қайықпен болған оқиғасын Мстислав «татарлар өзеннен өтпеуі үшін» бұндай қадамға барды деп ақтайды. Дегенмен, ғафу өтінем, олар бәрі бір сол өзеннен өтіп, шегінген орыстарды Новгород-Святополчке дейін тырқырата қуды емес пе?!

Костомаровтың өзінің осы әрекетімен орыс әскерінің басым бөлігінің түбіне жеткен Мстиславқа қатысты бүйрегінің бұруы, әлбетте, түсінікті, өйткені,  Костомаровтың қолында тек қана «Қалқа шайқасы туралы Хикаят» бар еді, ал, онда өзеннен өте алмай қырылған жасақтар туралы ештеңе айтылмайды. Мен дәйек сөзін келтірген тарихшы Костомаровқа мәлім емес. Бұнда тұрған ештеңе жоқ – қайта мен бұл тылсымды кейінірек ашып беретін болам.

(Жалғасы бар)

1 бөлік: Алтын орда тарихы: КСРО тарағаннан кейін жазылған еңбектер

2 бөлік: Александр Бушков. Алтын Орда тарихы жайында...

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290