Сенбі, 23 Қараша 2024
Алтын Ордаға 750 жыл 10257 7 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 16:44

Алтын орда тарихы: КСРО тарағаннан кейін жазылған еңбектер

1 бөлік

Кез келген мемлекет пен кез келген халық өзі туралы аңыздар легін туындатудан еш қашып құтыла алмайды. Ол әр тарихи оқиғаны, әр тарихи фактіні өз еркінен тыс өзіне ыңғайлы да қолайына жағымды болып келуін қалайды. Бұны біз тарихи жадының бұзылған телефонына балай аламыз. Осылайша бір өтірік екінші жалғандықтың тууына сеп болады. Осылай жалғаса береді. Осы жалғандықты сезінбеу әуелі тарихшыны, кейін бүкіл ұлтты адастырады. Сондықтан Алтын Орда тарихы бізден қазақты көкке көтеруді емес, өзгелердің шамына тиюден бойды аулақ салатын асқан салқынқандылықты керек етеді.

Сол себепті Алтын орда тарихына қатысты КСРО тарағаннан кейін жазылған орыс тілді тарихи еңбектердің кейбірлерінің аудармасын Abai.kz оқырмандары назарына ұсынып отырмыз.


Алаш баласының көзі үйренген нәрсе тарихты тарихшы жазу керек дегенге саяды. Егер Алтын Орда тарихына қатысты күні бүгінге дейін өткен кеткен тарихшылар пайдаланған дерек көздерінен жалғандық пен алдамшылықтың самалы есетіндігін жаһанға жар салушылар жайында не айтпақпыз!?.

Біздің бар білетініміз Мұрат Әжінің пайымдары, ал, орыс тілді мәдени кеңістіктегі қандастарымыздың түрлі тарихи концепциялары  одан өзгелердің де бар екендігі осы мақалаға өзек болып отыр. Сондай есімдердің қатарына панславяндық астар ойын ескере отырып, Александр Бушковты қосуға болады.

Алтын Орда – қазақ гуманитарлық ғылымының жан жарасына айналды. Бұл дұрыс. Бірақ оны түркілік емес, орыс деп танушылар да бар. Оны түркі деп танушыларды шапқа түртушілік осы тұрғыдан алғанда биеге бұқаны шаптырғанмен бірдей. Әлем діндік, тілдік және ділдік тұрғыдан бас біріктірген түркі өркениетін өшіруге арналған жалғыз концепциядан тұрады. Оған тек Алтын Ордамен ғана жауап бере аламыз. Өйткені, Жошы Ұлысы бізді түр мен ділдік әм діндік жақтан үшке бөліп кетті. Ватиканның зымияндығымен және Осман империясынан жеңілген гректер Мәскеу патшалығын славяндандырып, біртұтас Алтын Ордалық Түрікті Бір дінді бір ділді субэтносқа айналдыру процесін қолдан тоқтатты. Қазір соның кесірінен Кесіртке тірлікпен жүрген түркіміз.

Түр мен ділді әм дінді өзгерткен 2000 жылға созылған мұқымтүріктік азамат соғысына тек Жошы Ұлысы ғана нүкте қоя алды. Бірақ ол түріктерді субэтнос жасай алмады. Біз баяғы бытыраңқы күйімізде қалдық. Бұлай болуын – Ватикан қалады. Ол мұсылман дініне қасақана енген жөйіттерге тапсырыспен араб және парсы тілінде жалған тарихи жылнамалар жазғызды. Өз мемлекеті болмаған үнемі түркі билеушілері билеген ел Шынды (Қытайды) ең көне тарихы бар ұлтқа айналдырды. Біз пішпек жазуымен жазылған католик сопылардың шатпағын қытайлар жазған түркі тарихы деген мәңгүрттікке жеттік. Түркі тарихын бұрынғы бұрмалап жазушыларды, бүгінгі таңда  жаңаша бұрмалап, қолдан славяндандырылған АҚ ТҰРАНҒА қатысты түркіні ысырып, орыстандыруға тырысушылардың ой-пікірлері бой көрсете бастады. Александр Александрович Бушковтың «БОЛМАЙ ҚАЛҒАН РЕСЕЙ» кітабының ҮШІНШІ БӨЛІМІ «АЛТЫН ОРДАНЫҢ» ЕЛЕСІ деп аталады.

Бұдан өзге қандасымыз тарихшы Сергей Баймұхаметовтің «Призраки истории» кітаптары көңіл аударуға тұрады.

Тарих ғылымы математика емес, абсолютті шындықты орнықтыру бұл салада еш мүмкін емес, тарих дәлді ғылым болмағандықтан үздіксіз өрелілік сынақтарын жасайтын полигонға айналып шыға келеді.

Егер жұрттың бәрі табынып келе жатқан Алтын Орданың тарихи жылнамасы табанының бүрі жоқ еуропа, қытай, араб немесе парсы жылнамашысының тарапынан фальсификацияға ұшыраса ше!?. Бір өкініштісі қазіргі Орта Азиялық тарихшылар түгелге жуық қытай, араб және батыс немесе парсы жылнамаларының жалына жармасады. Ал, сол жылнамашылар мен олардың жазғандарының жалына жармасушыларды Мұрат Әжі, Сергей Баймұхаметов, Сергей Баймұхаметов және Александр Бушковтар ежелгі шамандардың дипломды  мұрагерлеріне теңейді.

Жасыратыны жоқ посткеңестік гуманитарлық әлемінде күмәнді «көне қолжазбалар» бойынша қалың-қалың томдар шығуда. Ал, сол қолжазбаның түпнұсқасын ешкім қолмен ұстап көрген жоқ. Сонда да оған сенеді.

Саламанка университетінің  профессоры Д'Арсилла он алтыншы ғасырдың ортасында-ақ, барша орта ғасырлық көне тарих орта ғасырлық кітап кеміргіштерінің туындысы болып табылады деген пікірін Алтын Орда тарихын зерттеген шақта ескергеніміз жөн.

Аталған ғалымдардың пайымдауы бойынша Алтын Орда туралы Батыс пен Шығыс деректері тіптен миф те емес, ақиқаттан алшақтаған жабайы қоғамда тастай қатып орныққан түсініктер болып табылады. Ал, олардың кейбірі – ессіздіктің «қарабайыр» бейкүнә жемісі. Осы қарабайырлық ұрлықтан өткен оспадарлық. Бұлардың басым бөлігі кездейсоқ та, аяқ астынан туа салған жоқ: бұлар саналылықпен фактілерді алмастырудың, құжаттарды алдын ала ойластырған топша кесте бойынша күн тәртібіндегі саясатқа тарихты матап берудің шарғысы да болып табылады.

Айтары жоқ. Біз әлі күнге дейін өзіміздің тарихымыз туралы ертегідей нашар білеміз. Бұның бірден-бір себебі – кеңес үкіметінің саналы саясаты. Біз боданында болған Ресейдің кешегі қожалары, әлбетте, тек түркілерге тән Алтын Орданың шынайы тарихын жұрт талқысына салудан естері кете қорықты...

Бірақ өз бәдіктерін түркі тілдес халықтардың баршасының тарихына сіңіріп үлгерді. Бірақ біздің жаппай тарихи көр соқырлығымыздың екінші себебі де бар. Оны ешкім де қаперіне алғылары келмейді, тап сол турасында жазуға Мұрат Әжі, Сергей Баймұхаметов т.б. түркі ұлттарының өкілдерінің дәті барады. Қаперге алмау – білімі кәдік, бәрін әлдебір идеологияға жапсармалау үшін өңештерін жыртуға бейім «интеллигенттер» тайпасының әрекеті. Қысқарта айтатын болсақ, бұл идеология – өмірдің барлық қырын бір ғана пікірдің қауызына сыйдыруға талпыныс болып табылады...

70 жыл бойы бір ғана идеология салтанат құрды...

Ғұндар, герман немесе славян тайпаларының қайсысы «прогрессивті» немесе керісінше «контрреволюцияшыл» ретінде қарастырылды. «Татар шапқыншылығы өмірге әкелген Алтын Орда КСРО құрамындағы ұлттар үшін пайда әкелді ме?», «Әкелсе қандай?» деген сауалдар ғалым-тарихшылар еңбегіне негіз болған жоқ. Бәрі де бір ғана «жалғыз дұрыстықтың» шылбырына ұстатылып келді және де онда «бәрі айтылып» қойған еді…

Жақсы білім алмаған жанға ақиқат шындықты іздеп не керек? Әрі оны қайдан аларын білмесе оған «иелік ет» деп айта аласың ба?! Алтын ордаға қатысты шығыстық және батыстық орта ғасырлық еңбектерде оның тұрғындары маңғұл да емес, орыс та емес, «татар» және «өзбек» деп аталады. Бұдан Алтын Орда тек татар мен өзбекке ғана қатысты деген ұғым тумауы керек.

Бұл үшін әлбетте бір жағынан – бүкіл оқырман қауымына ой жетімді формадағы, екінші жағынан – «ғылыми» мазмұндағы әдебиет қажет... Ал, тарихи көсем сөздерді бұлардың қатарына қоса алмаймыз. Өйткені, оның барлығы да – «өзгені» «өздік» етуге талпынаған бітіп болмайтын идеологиялық сағыз. Не болмаса ақылдының алжасуы.

Алтын Ордағы қатысты Әжінің, Баймұхаметов және Бушковтар ең жаңашыл тарихи зерттеуі тарихи жаңаша талпыныс жасаушылықтың қарлығашына айналды…

XVII–XIХ ғғ. ғылымның «классикалық» дәуірінде  ғалымдар абсолюті шындықты іздеді. Әр жосық бойынша бір ғана «дұрыс» пікірдің болғаны жөн. Бұдан тарихшылар да тысқары қалмайды. Олардың әрқайсы Алтын Орда мемлекетінің дамуындағы «бірден бір дұрысты» кестені түзді. Әрі «бейдұрысты» және «қате» білімнің өкілдерімен дау-дамайға түседі.

Замана ғалымы кез келген білімнің шартты және қатысты ғана екенін жақсы ұғынады. Бір ғана тәжірибе арқылы қол жеткізгенді бірнеше амал-тәсілмен түсіндіріп шығуға болады. Бір ғана дерек көздері негізінде Алтын Орда тарихын түрлінше жазып шығуға болады. Жәнеде олардың біреуі ғана – «ақиқат» деп алас ұрудың да еш мәні жоқ.

Оның үстіне – «бифуркация (қақ жарылу) нүктесінен» алғанда ел мен жұрт шын мәнісінде өзінің тарихи таңдауын жасайды. Әрі әр бұлғақтан да таңдау жасалып отырады. Ал, бізге белгілі барша Алтын Орда тарихы әлдебір «жалғыз ғана мүмкіндік» емес, қайта бұрынғы таңдаулардың нәтижесі ғана.

Аталған ғалымдар бізге ең соңғы түп негіздегі ақиқатты ұсынбайды, тек дерек көздерін «дұрыс» оқымайтындығымызды ғана ұқтырады. Олар осыдан ықтимал модельді құрастырып шығып отырады. Сонысы арқылы дерек көздерін басқаша да қарастырып, тәпсірлеуді ашып көрсетіп, «Ықтимал Алтын Орданың» бір жосығын алдымызға тартады.

Аталған ғалымдардың кітаптары – тарихи зерттеудегі өзінше ыждаһат пен құныттылықтың эталоны болып табылады. Күмән тудырмайтыны, авторлардың өздік сөз саптамдары біреулерге кәр төккізіп, алақұйын сезімдерді бастан кешкізеді. Себебі бұл авторлар Алтын Ордаға қатысты қатып қалған қасаң түсініктердің тоңын жібітіп отыр! Бірақ олармен ескі бодандық түсінік аясында жаға жырта дауласу өте қиынға түседі – өйткені, бұлардың кітаптары нақты деректік түйіндеулерге құрылған. Әр тақырыпқа көптеген дерек көздері арқау болып, әр дерек көзі жеріне жете ой елегінен өткізілген.

Сондай-ақ олар өздерін бірден бір соңғы нүктені қоюшы ақиқаттың хабаршысымын деп жаһанға жар салмайды, тек қана әлдебір модельді түзушіге балайды… Бірақ та, олардың модельдерін жоққа шығару – қиынның қиыны болып та табылады. Ал, егер мүмкін болса, ондай терістеуші жолдың – тауқыметке толы қиын сапар соқпақ болғаны да...

Қазақ тарихышылары соңғы соқпаққа түседі деген ойдамыз.

Ағылшын ғалымы Коллингвуд: «…кез келген дерек көзінің бұзылуы бек ықтимал: ана автор өзінің жалған ақпар алғандығына сенімді, ана жазбаны эпиграфика бойынша маман дұрыс оқымаған, мына бір бас сүйекті қазып алған тәжірибесіз археолог уақыт қатпарын ауыстырып алған, ал, мына біреуі  – кеңкелестік танытады. Парасатты пайымдауға иелік етуші тарихшы осындай бұрмалауларды түзетіп, ақиқаттың салтанат құруын жолға қоюы керек. Сонда бәрі өз орнына келіп, тарихилық мәнге ие бола түседі» деген салиқалы пікір айтады. Бұл пікір Алтын Орда тарихын зерттеушілерге қаратыла айтылғандай.

Тағыда сөз тізгінін Коллингвудтың пікіріне берейік: «Біз ненің куәлік болып табылмайтындығын ендігі жерде білеміз. Ол – күмәнсіз сеніп ой түпкіріне сақтайтын дайын тарихи білім емес. Куәлікке тарихшы кәдеге жарата алатындар ғана жатады, егер тап солай деп тапса… Тарихи білімді байықтырудың бір жолы – тарихшылардың дәл қазіргі кезге дейін ПАЙДАСЫЗ ДЕП САНАҒАН фактілерді тарихи дәлел үшін кәдеге жаратудың амал-тәсілін жүзеге асыру… Байыпты ғылымдардың санатына жататын тарихта ешбір нәтиже ең ақырғы және бірден бір дұрысты болып саналмайды. Біздің қолымызда бар Өткеннің куәлігі кез келген нақты мәселенің басын ашып алған шақта, тарихи әдісті қолдану мен тарихшының қолайына қарай өзгеріске ұшырап отырады. …Әрбір жаңа тарихшы бұрынғы сауалдарға жаңаша жауап берумен қанағаттанбай, сол мәселенің өзін қайыра қарап шығуы шарт».

Қайтып оралайық, біздің бұған дейін айтқанымыздай: авторлардың әлденені білмеуі, әлденені әдейі бүгіп қалуы және өңін айналдыруы (қасастықтан емес) бек мүмкін. Жылнамалар мен шежірелердің бәрі де бізге жеткен жоқ.

Шын мәнісінде, біз көбіне тозығы жеткен жылнамаларға асқан құрметпен қарап, оның қателіктен қашып құтылмайтын пенделер жазғанын есімізден шығарып аламыз. Пендеге тән алақұйын сезімдерге бой алғызып, басы артық сөздер мен өзіне ұнамаған боярлар турасында өз кінәзінің жарлығымен өтірікті қойша өргізгендермен, дау-дамайға түсе алмайсың ғой. Адамды алдамшылықтың құзына құлату мен жалған ақпарат өңмеңдейді…

МҰРАТ ӘЖІ БОЛМАҒАН ЕЗГІ ЖАЙЫНДА

Шын мәнісінде, біз көбіне тозығы жеткен жылнамаларға асқан құрметпен қарап, оның қателіктен қашып құтылмайтын пенделер жазғанын есімізден шығарып аламыз. Пендеге тән алақұйын сезімдерге бой алғызып, басы артық сөздер мен өзіне ұнамаған боярлар турасында өз кінәзінің жарлығымен өтірікті қойша өргізгендермен, дау-дамайға түсе алмайсың ғой. Адамды алдамшылықтың құзына құлату мен жалған ақпарат өңмеңдейді…

Міне, осы жалған мен шындықтың арасын айырып, Мұрат Әжі Алтын Орда тарихына қатысты өз ойын ортаға салады. Біз төменде автордың кітаптарынан теріліп алынған Алтын Ордаға қатысты үзінділерді беріп отырмыз.

«Қанша дегенмен осы бір атақты жорық көптеген мәселелердің басын ашық қалдырып отыр: Рус өз жеңілісін Қалқадағы жеңілістен кейін татар-маңғұл езгісі басталды деп санайды. Ал Ұлы Даланың жеңісін өз тарихында әрі жеңіс, әрі жеңіліс түрінде емес, Жер бетінен қыпшақ елінің жойылуы түрінде жазып шықты.

Керемет ғажайып емес пе.

Қыпшақтар өздерінің ұлығ жеңістерінен кейін тас-талқаны шыққан орыстарға қалаларын, станицаларын, егіс даласы мен жайылымдарын құр текке сыйға тарта салып, өздері әлқайда ізғайым жоғалады… Көп миллион халық жоқ болып кетті дегеннің өзіне сену қиын! Өзі. Өз еріктерімен. Бір сағаттың ішінде. Керек десеңіз іздерінде қалдырмай. Ресми тарихнама бізге тап осылай деп уәждайды.

Бұндай оқиға орын алады ма?

Салқын қанды парасат бізге «хан сыйлығы» барша әлемдегі орыстарды қамтуы еш мүмкін емес, тек Дондағы қалаларға қоныстануды қабылдау деп сыбырлайды. Ал, Дон Ұлы Дала емес. Ол – оның шағын пұшпағы ғана.

Рус Даладан жүз есе шағын еді…

Бұдан шығатыны «езгі» және барлығы оны ойлап шығарушылармен байланысты екендігі?!

Бұл шындық, оны ойлап тапты. Бізге белгілісі 1823 жылы. Қайда ойлап тапты – Петербургте. Кім ойлап тапты – гимназия мұғалімі.

Өкінішке орай, талай жұрттың тарихының тұнығы лайланып, шындығы бұрмаланды. Түрлінше жолмен. Бабалары, өздері жайында шындық жасырынған талай ұрпақ өсіп-өнді. Батыс Еуропа осы жолмен жүрді осы соқпаққа XVIII ғасырда Ресей атанған Рус түсті.

Әлбетте, бәрі бастан аяқ төңеріліп қалыптасты.

Жебе мен Сүбетейдің жорығы Шыңғысханның аптығын басты. Ол Батысты жеңе алмайтындығын түсінді. Қыпшақтар оның ойға алғанына мүмкіндік бермейді! Сульде мен Ясыны мойындамайтындар. Қолбасшының батысқа деген ынтазарлығы 1223 жылы басылды.

Істің бас-жағын өмірдегі кездейсоқ оқиға шешіп бере алды.

Бірде Қотан ханның ұлы Мангуш ит жүгіртіп, құс алып аң қағып жүргенде олардың руының көптен бергі дұшпаны хан Аққұбұл жолықты. Екеуінің жол беру керектін! Бір-біріне жол бере білгенде әлем тарихы басқаша өрбір еді-ау!? Бірақ олар бір-біріне жол берудің орнына қылыш суырып, қан майдан ашты. Нәтижесінде жас жігіт Аққұбұл ханның қолынан қаза тапты.

Бұл қайғылы хабар Днепрдегі Қотан ханның иелігіне жетті, ол әскер жиып Дондағы Аққұбұл ханға жол тартты.

Донда запорождықтар емін-еркін өмір сүріп жатқан болатын. Жараланған Аққұбұл басын әрең сауғалады. Қарсы шығуға күші жетпейтін ол өз бауыры Ансарды Алтайға көмек әкелуге жіберді. Ал, Алтай Донға «моголдарды» әкелді.

Бұл Қалқадағы шайқастан кейін бес жыл өткен соң болған еді. Бұл кезде Шыңғысханның өзі де бақилық болған еді… «Татар-могол езгісі» осылайша басталды. Бұнда тұрған еш масқарашылық жоқ еді. Өйткені «еге//игэ» көне түркі тілінде «қожайын» дегенді білдіреді. Ұлы Далада қожайын – Ясы және Сульде пайда болды.

Әрі халықтың жоғалуы, әрі «көшпелі орданың» баса-көктеуі секілді ештеңеде болған жоқ. Сот келіп, Заңға бағынуды талап етті. Ясы өзара дау-дамай мен қару ала жүгіруді ерекше қатаңдықпен жазалады… Далалықтар арасындағы өзара қырқыс пышақ кескендей тыйылып, мамыржай тірілік орнады.

Батыс оларды бір-біріне айдап салды, ал, Шыңғысхан өлім алдында еді. Міне, тап осылай болды.

Ішкі өмір тап бұрынғысынша болып көрінгенімен, ендігі жерде бәрі де басқаша еді.

Дала Ясыны мойындап, «өзінше», түркіше болып қала алды. Олар Донда, Днепрде, Волгада (Еділде) өмір сүрді. Басқа ешкім ол жерде болған жоқ. Акташ ханнан бастап, қырық буын алмасты. Қыпшақтар бұрыннан бері Даланың халқы еді.

«Егені» қабылдап, олар сырттай өзгере салған жоқ, тек олар тұратын жер жаңаша: Алтын орда, Көк орда... деп атала бастады. Жаңа өмір! Бұл әрине өз ізін қалдырды.

Даланың жаңа атауының өз белгісі болды: оларды тудың түсі бойынша таңдады. «Орда» ендігі жерде «Ясыны мойындаған ел» дегенді ұқтырды.

Шыңғысхан ұлдары Алтай қағанатын (державасын) өзара хан билік жүргізетін ордаларға бөліп алды. Үлкен ұлы Жошы батыстағы жерлерді – Алтын Орданы иеленіп, оған оның ұлы Бату билік жүргізді .

Алтын Орданың астанасы ретінде Шығыс Еуропадағы ең бай қала Сарай таңдалынып алынды. Оның су бұрқақтары осында келген венециялықтардың аузын аштырып, көзін жұмғызды. Сарай жылдам арада тоғыз жолдың торабына айналып, Шығыс пен Батыстың барша тауары осында ағылды. Кез келген қымбат бағалы зат оның базарында саудаланды. Қалада өз ісінің асқан шеберлері қолөнершілер тұрды, олардың қолынан шыққан бұйымдар византиялықтарды естерінен таңдыра тәнті етті. Мысалға, археологтар осы қаланың орнына жүргізген қазба жұмысы кезінде тапқан асқан шеберлікпен жасалған кофе шыны аяғы, алтын бұйымдар әшкейлері, алтын теңгелер тапты (қазір олар Эрмитажда сақтаулы).

Шаһардың бай кітапханасы және дана ғалымдарымен аты шықты. Бұның бәрі бүгіндері тарихшылар қанішер, «жабайы» деп жазатын Батудың астанасында болды… Қолдағы деректер мен фактілер бізді бәрінің керісінше болғанына сендіреді.

Бізге мәлімі, туған-туыстары Батуды Сайынхан деп атады, бұл «үлкен жүректі, дархан жан» дегенді білдіреді. Хан семіз әм еріншек жан болды. Сән-салтанатты жан сүйді, дастархан басында ұзын сонар әңгіме дүкен құрғанды ұнататын. Ол соғыс пен жорық жайында басын ауыртпайтын адам еді.

Әлбетте, Бату соғысты. Өте табысты шайқасты. Бірақ бұның бәрін өз еркімен істемеді. Оның туының астында Днепр, Дон және Еділдің мұздай қаруланған үш жүз мың қыпшақ әскері болды. Егер бұған Алтайдан келген келімсек «моголдарды» қосатын болсақ, төрт жүз мың адам қолына қару ұстайтын еді. Оларды Батуға ағасы Оқтай хан жіберді. Ол Сүбедейді Алтын Орданың бас қолбасшысы деп тағайындады. Осы бір Шыңғысханның сүйіктісі Ордаға атақ-даңқ әкелді. Табанды жан болғандықтан, Батуды ашса алқанында, жұмса жұдырығында ұстады. Хан оның қолын ештеңден қаққан жоқ.

Оның ұсынысымен 1237 жылы рязан және басқада қыпшақтар ордалықтарға қосылып, Ясыға бас иді. 1240 жылы Ясыны мойындамаған Киевте жазып-жаңылғаны үшін ат шапан айбын төлей бағынды. Бұдан кейін Буда мен Пешт, Прага, Краков, Пожега және басқада түркі қалалары бағынды.

Сүбедейдің арқасында Орталық Еуропада өмір сүрген қыпшақтар өз ата-бабасын қайыра естеріне ала алды!.. Бату емес, ол поляк, богем, неміс және мадияр әскери серілерінің масқарасын шығара жеңді. Шайқастың Ұлығ Шеберітін. Еуропа бұндай талантты қолбасшыны білмеді. Оның әскери амал-тәсілі талайларды айран асыр етті.

Сүбедей Шыңғысхан өсиетін қатаң сақтай соғысты. Ал, өсиет алға ентелеп, түркі әлемі біткен жерге тоқтау болатын. Бөтенді қанға бөктірме. Тек өзіңе тиселі өңірді жаула. 1238 жылы Новгород жолында Бату әскерінің ат басын кері бұрғанының себебі де осы. Әлбетте, ол ештеңкеден қорқып жалтақтаған жоқ.

Сүбедей түркілердің жері еместігін аңғарып, алым-салық төлеуге көндіріп, кері оралды.

Мәскеу өзенімен XIII ғасырда түркі әлемі бітетін. Ары қарай солтүстікке қарай фин-угор халықтары тұратын жерлер еді. Жат жерлер.

«Алым-салық төлеуге көндіру» ол кезде «жаулап алу» деген сөз еместін, керісінше «одақтас» дегенді білідретін. Алым-салық дегеніміз – келісімшарт және салық төлеу. Тіптен қанды және сұмдық сөз емес. Шыңғысхан әлсіз одақтасты қорғауды аманаттап кетті. Бату оның пәрменін жүзеге асырды. Бәлкім өте жұмсақ жүзеге асырған шығар.

Шыңғысхан Ясасы Көк Тәңірге дұға еткені үшін, ханды мойындағаны үшін кез келген қаланы, кез келген елді қорғауға міндеттеді. Ханға басқа ешбір тарту-таралғы керек етілмеді. Тек Тәңірге құлдық ұр…

Рустің Бату кезіндегі Алтын Ордаға төлеген алым-салығы осы ғана.

Түріктер өз алымшыларын сыртқы жаудан қорғай білді. Мысалға, Новгород кінәздігін Александер хан қорғады. Ол Владимир кінәзі мен қыпшақ төресінің ұлы еді. Батудың сарайында өсіп, оның Сартақтың емшектес бауыры болды. Екі оғланды да дала әні өз бесігінде тербеп өсірді.

Атақты 1242 жылғы Мұз қырғынында хан Алискандер Алтын Орда салт аттыларымен батыс әскери серілерінің көкесін көздеріне танытып берді. Олар! Орыстар емес. Орыстарда ол кезде армия болған жоқ, өз оғландарын, келісімшарт бойынша Ордаға әскери қызмет етуге жіберетін …

Бұдан шығатыны хан Алискандер мен Невалық Александр бір тұлғаның қаққа жарылуы болып табылады. XVIII ғасырда Ресей тарихының жал-құйрығын күзей бастаған кезде ханды «Невалық» орыс әулиесіне айналдырды. Ол «Невалық» бола алмайды, себебі, Нева шайқасына еш қатысқан жоқ. Онда швед пен фин әскерлері өзара соғысты. Әрі соғыс Рус аумағында болған жоқ.

Бату да «қос тарихты» тұлға. Ал, ол Шіркеуге көмектесті. Ол билік жүргізген «татар-могол езгісі» дәуренінде бірінші кезекте саны бірнеше есеге артқан орыс ғибадатханалары ұтып шықты «Аспанға қол жайдың ба, Тәңіріңе жалбарына бер»,-деп айтты хан.

Ол дін иелерін салықтан босатып, жаңа шіркеулер салды, оның ұлы Сартах дьякон лауазымын қабыл етті. Шындығында, Батудың өз басы шоқынған жоқ, шіркеуге мәйітті кіргізгенінен зәресі қатты. Бірақ оның бәйбішесі христиан дініне енді.

Бұдан шығатыны рим папасының тыңшылары венециялық Сарай-Беркедегі Бату сараын ұзақ уақыт бекер жайлаған жоқ. Ол оны Иса мәсіх жолына түсіруге алғашқы қадам жасап, Ордада ең бірінші болып ата-баба дініне күмәнмен қарады… Ханның бұл қылығы туған туыстары үшін сатқындық саналды.

Бату Орданы екі рет сатты. Екі рет түркі әлемінің бет бейнесін өзгертті.

Осы етжеңді кер жалқау түркі ақсүйектерімен араздасты. Олар оны дінге сатқындығы әм кер жалқаулығы үшін оны ашықтан ашық жек көрді. Басында Бату бұған үнсіз көніп келді де, кейін ешкімнен тірек қолдау таба алмаған соң, әлсіздің жауыздығымен ағасына шағым жасады, жендет қылышы талай әзіз жандардың мойынынан басын домалатты.

Ақсүйектер Отанын тастап, жат елге ағылды. Көзіне қан құйылып, Есі ауысқан Шыңғысхан тұқымдарынан бас сауғалаған бірі – Кавказға, бірі – Батыс Еуропаға қашып жан сауғалады. Ал, қалған бөлігі Батуға бағынбайтын фин-угор кінәздіктері жерінен пана тапты. Тверь, Кострома, Мәскеу және басқа да ормандағы қалалардан далалық келімсектер жайлы қоныс тапты…

Осы бір түркі ақсүйектерінің ағылуынан ресей сараймандары өз бастауын алады. Қыпшақтар орыс есімдерін иеленіп, орыс кінәздарына қызмет етті.

Рус ертегідегідей байыды. Аксаков, Аракчеев, Булгаков, Годунов, Голицын, Кутузов, Куракин, Нахимов, Огарев, Пушкин, Суворов, Тургенев, Толстой, Чириков, Юсуповтер… Руске үш жүз түркі ата-тегі орнықты!

Үш жүз ру. Келешек сараймандардың сүт бетіндегі қаймағы. Ең мықтылар, ең әлеуеттілер. Олар Ұлы Даладан өз Отаны түркі әлемінен мәңгіге кетті. Киев Русінен емес, Олардан, басталады Ресей.

Олар, түркі ақсүйектері, өз бабалары сияқты «атақ үшін қылыштарын сатып» өзге елдің бай-батшаларына айналды. Тіпті орыс патшасы Романовтар да түркі текті Копыл руынан шыққан, бұл жайында олардың әулет шежіресі сыр шертеді.

Тоңмойын Бату өзінің ерке назымен Ресейді өмірге әкелді!

Оның жеңіл қолымен шеткері аймақтағы қаласымақ Мәскеу – Мәскеу кінәздігіне айналды. Оның саудамен, қолөнермен атағы шыққан жоқ. Оның жаңа тұрғындарының «Барша Рустен» алым-салық жинауымен аты шықты.

Ол Ордаға қарғыбаулы иттей беріле қызмет еткен шаһар-жендет еді».

Келесі жолы Алтын Орда Тарихына қатысты Бушков шығармасынан аудармалар береміз.

(Жалғасы бар)

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345