Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Саңлақ 5491 2 пікір 29 Шілде, 2021 сағат 17:28

Токио Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері ауыр атлетшілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен спортшылар күтіп алды.

Ел мақтаныштарын алматылықтар әуежайдан құрмет-қошеметпен қарсы алды. Жүлдегерлерге құттықтауларын жаудыртып, гүл шоқтарын сыйлады. Олимпиада жүлдегерлері өз кезегінде жарыстан алған әсерлерімен және жоспарларымен бөлісті.

Игорь Сон, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Алдымен біздің осындай жетістікке жетуімізге қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына рақмет айтқым келеді. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын. Дайындық ары қарай жалғасады. Мақсат – алтынға жету. Қалғанын уақыт көрсетеді.

Зульфия Чиншанло, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Алдымен барлық отандастарыма алғыс айтқым келеді. Ойын барысында олардың қолдауы маған күш берді. Алға қойған мақсат, жоспар көп. Босаңсуға болмайды. Бірден келер жылы өтетін Азия ойындарына дайындықты бастаймын.

Жалпы еліміздің ауыр атлеттері осы олимипадада өздеріне артылған ел сенімін 100 пайыз ақтады. Зіл темір көтеруге барған екі саңылақта қоладан медаль тағып қайтты. Жетісулық Игорь Сон қоссайыстың қорытындысы бойынша 294 келіні бағындырса, 55 келіде бақ сынағын Зульфия Чиншанло 213 келі зілтемірді еңсерді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036