Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6068 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 13:02

Ашаршылық, Алма-Ата, қара тас және аштықтан қырылған 1.5 млн. қазақстандық

Астанада ашаршылық құрбандарына арналып монументалды ескерткіш ашылды. Ал, Алматыда орнатылуы тиіс ескерткіштің орнында «Осы жерде 1931-1933 ж.ж  ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады» деген жазуы бар қара тас 1992 жылдан бері, яғни, 20 бойы тұр.

Ашаршылық пен ескерткішті гөрі, қала басшылығы мен оның бас уәзіріне Алматы атауын «Алма-Ата»-ға ауыстыру «кезек күттірмейтін», қала үшін «аса маңызды» мәселеге айналып тұрғандай.

Бір қызығы, Алматыдағы қара тастағы жазуда ашаршылық 1931-1933 жылдар деп көрсетілген. Астанада ашылған ескерткіште 1932-1933 деп жазылыпты. 80 жылдықта 1932 жылмен алынып отыр. Сонда бір жыл қайда? 1931 жылы қазақты аштық алқымнан алмады деген нақты дерек бар ма? 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты қайда қоямыз?

Астанадағы ескерткіштің ашылуында президент Н.Назарбаев ашаршылық жылдары 1.5 миллион қазақстандық, 600 мың қазақ қырылған депті. Бұл сөзді tengrinews.kz сайты келтіріпті. Ал, «Айқын» газетінің 30 күнгі санында «Ұмытуға болмайтын ұлы қасірет» деген тақырыптағы мақалада: «1921 жылғы аштықтан 1 миллион 700 мың адам көз жұмса, 1931-1934 жылдар аралығындағы ұлы нәубетте 2 миллион 300 мың адамнан айрылыппыз»,-дейді.

Кереғар сандар қайдан шықты? Алаш баласының 600 мыңы ғана аштықтан көз жұмып, сүйегі қу медиен далада шашылып қалса, қалғаны қайда? «1.5 миллион қазақстандық қырылған» деген тың деректі қай тарихшы қай жерден қазып алып отыр? Сонда ашаршылық жылдарында қынадай қырылған қазақ емес, қазақстандықтар болып тұр ғой.

Енді қайттік?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036