Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3412 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 07:37

ҚР Үкіметінің теріс қорытындысына байланысты, «Ақ жол» партиясы «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы» заң жобасын Мәжіліске енгізуді тоқтатуды ұсынады

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 31 мамыры.

Мәлім болғандай, а.ж. 26 мамырында «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің Пленумы партияның депутаттық фракциясымен дайындалған «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Алайда, а.ж. 31 мамыры күні партияға аталған заң жобасы бойынша Үкіметтің теріс қорытындысы келіп түсті. Қорытындыда, атап айтқанда, «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы» Заңының жобасы жөндеуді талап етеді, ал қолданыстағы заңдарға бірқатар түзетулерді енгізу ерте деп айтылған.

Осыған байланысты, заң жобаларын енгізу процедурасын ескере отырып, Партияның Орталық аппаратының жетекшісі, Орталық Кеңестің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов партияның Орталық Кеңесінің мүшелеріне заң жобасын Мәжіліске енгізуді тоқтату және орын алып отырған қайшылықтарды алып тастау бойынша қосымша жұмыс жүргізу туралы ұсынысымен шықты.

Бұл туралы ресми хат оларға сырттай дауыс беру үшін а.ж. 31 мамырында жіберілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282