Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3801 3 пікір 11 Тамыз, 2021 сағат 15:18

Ресей: Жириновский елшіні қайтаруды талап етті

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский 9 тамызда Ресейдің Қырғызстандағы елшісін кері қайтаруды ұсынды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, саясаткер елшіні "тез арада" қайтаруды, сонымен бірге Қырғызстанмен "коммерциялық байланыстардың бәрін тоқтатуды" талап еткен. Жириновскийдің осындай талап қоюуына Бішкекте орыс тілінде сөйлейтін сатушы әйелге шабуыл жасалуы себеп болған.

Саясаткердің айтуынша, "қырғыз елшілігі алдында өте қатаң пикет өткізу керек". "Мен де келем. Сөйтіп қатаң түрде Қырғызстанның Ресейдегі жұмысшыларын депортациялауды талап етеміз", - деген Владимир Жириновский.

2021 жылдың басында Жириновский Ресейге Орталық Азия елдерінің мигранттарын кіргізудің қажеті жоқ деп мәлімдеген.

2013 жылы Қырғызстан Владимир Жириновскийді персона нон грата деп жариялаған. Сол кезде саясаткер қырғыздар қарызды кешіргені үшін Ресейге Ыстықкөлді сыйлауы тиіс деп мәлімдеген. Саясаткердің Қырғызстанға келуіне салынған тыйымның алынған-алынбағаны әзірге белгісіз.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593