Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 5662 20 пікір 11 Тамыз, 2021 сағат 16:54

Тәлібтер күшейді, Дустум қолға қару алды

Ауғанстандағы жағдай ушықты. Тәлібтер барлық стратегиялық маңызы бар провинцияларға шабуыл жасап жатыр. Қазірдің өзінде тәлібтер Ауғанстанның тоғыз провинциясының орталығын басып алды. Екі күн бұрын Құндыз содырлардың қолына өтті. Орталық Азиямен Ауғанстанды байланыстыратын ең ірі қаланың лаңкестер қолына өтуі ел үкіметіне үлкен соққы болды. 

Тәлібтердің шабуылынан сескенген халық Иранға қарай ағылып, босып жатыр. Өйткені сүннит ағымын ұстанатын тәлібтер хазар шииттерге 90-жылдардағы "қанды тәжірибені қайталауы мүмкін" деген де күдік бар. Тәлібтер өздері басып алған аудандарда білгенін істеуде. Халықаралық ұйымдардың хабарлауынша олар барлық заңдарды жоққа шығарып, өз көзқарастарын заң негізінд бекітіп отыр. Мысалы әйелдердің көшеге ер азаматсыз шықпауы, қыздардың барлығы жаппай тұрмысқа берілуі мен азаматтардың сақал өсіруі, электронды құралдардың (теледидар, ұялы байланыс құралы, планшет) талқандалуы іске асуда. Мұндай жағдай тура 1996-2001 жылдары Ауғанстанда болған еді.

Тәлібтер Шиварган қаласындағы әйгілі Дустум резиденциясын өртеп жібергеннен кейін, генерал Дустум қолына қару алып, жақтастарын тәлібтерді талқандауға шақырды. Кеше Дустум жүздеген сарбаздарымен Мазари Шарифке аттанды. Ал бүгін Ауғанстан президенті де Мазари Шарифке келіп, Дустуммен келіссөз өткізіп жатыр. Ауған билігінің ішкі күштерге ғана сенімі бар. Өйткені АҚШ сарбаздарының режим үшін соғыспайтынын, тек әуеден соққы беру арқылы көмектесетінін мәлімдеп үлгерді. "Ауғанстан үшін ауған билігі соғысуы керек" деді Байден.

Ауғанстан билігіне сырттан көмек келмейтіні анық. Оны Батыс та, Ресей мен Қытай да айтуда. Кабул көмекті Үндістаннан сұрауда, алайда Делидің ондай қадамға баруы екіталай. Кабул ескі дала генералдарына арқа сүйейтін сыңайлы. Алайда олардың да әскери күші сарқылған. Сондықтан провинциялардың тәлібтердің қолына өтіп, ақыры Кабул үшін шайқас болу мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмас.

Ауғанстанда әскери қақтығыс салдарынан азық-түлік көлемі де күрт азайып кетті. Шекаралас мемлекеттер де сауда қатынасын тоқтатуда. Демек алдағы таңда тапшылық артып, халықтың босып кетуі де арта түспек.

Abai.kz

 

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406