Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3437 1 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 11:29

Тоқаев Оңтүстік Кореяға барады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

"Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ", - делінген хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 906
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2341
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 609
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 591