Сенбі, 19 Сәуір 2025
2562 1 пікір 12 Тамыз, 2021 сағат 11:56

Vero Cell вакцинасы жайлы не білеміз?

10 тамызда Қазақстанға Пекин биологиялық институты жасаған Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді.

Сынақтың үшінші кезең нәтижелері көрсеткендей, 21 күн аралықпен салынған вакцинаның екі дозасы SARS-CoV-2 инфекциясына қарсы 79% тиімділікті көрсеткен. Вакцинаның жеңіл немесе орташа сипатталған жанама әсерлері екі апта ішінде кетеді.

18 жастан асқан адамдарға Vero Cell вакцинасын егу ұсынылады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған адамдарды вакцинациялау бойынша сынақтар жүргізілуде.

Вакцинаны дене қызуы 38,5 C асқан азаматтарға салуға кеңес берілмейді. Коронавирустан емделіп жүргендерге де салынбайды. Вакцинаның кері аллергиялық әсері болса, екінші дозасын егу кейінге шегеріледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2034
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4891
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4092