Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3854 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 10:38

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2012 жылдың 31 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты кітапхана құрастырған «Алаш арыстары» СД-диск және «Алаш ардағы» атты елтанымдық және тілтанымдық электрондық жинақтың материалдарына шолу өткізілді. Шараға куратор  Ахметова Лаура Нұрланқызы бастаған «Д.Қалматаев атындағы медициналық колледждің» 1 курс студенттері қатысты.  Шара барысында «Қызыл террор», жаппай қудалау әрекеттері, жазықсыз жандарды түрмеге тоғыту, ату жазалары,  концентрациядық лагерлерде  адам төзгісіз жағдайда болған жандар, олардың отбасыларының «Отанын сатқандардың» әйелдерін, «қоғамға қауіпті және Кеңес үкіметіне қарсы әрекетке бейім»  деп, жастары 15-тен ғана асқан балаларды қамауға алып, бас бостандығынан айыру жазаларын қолданған азапты күндер туралы айтылды. Бүгінгі таңда елімізде 345 мыңнан астам адамдардың ақталғаны жайында мәліметтер келтіріле отырып, қуғын-сүргін алаш қайраткерлері  Ж.Ақпаев,  М.Тұрғанбаев,  А. Қозбағаров,  Р. Мәрсековтердің қайраткерлік қызметі, жазықсыз жазаланғандары туралы кеңінен әңгімеленді. Жастардың алар үлгісі мол маңызды шара соңында қатысушыларға ұлт өкілдері туралы құрастырылған буклеттер үлестірілді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=620:2012-06-04-03-53-15&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340