Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3791 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 11:14

АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден жалғыз қызын ұзатты

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байденнің жалғыз қызы тұрмысқа шықты.

«Біз қызымыз Эшли Блейзер Байденнің доктор Говард Крайнға тұрмысқа шыққанын қуанышпен хабарлаймыз» делінген сенбі күні АҚШ  басшысының орынбасары және оның зайыбы атынан Ақ үйдің  БАҚ-қа таратқан   мәлімдемесінде.

Некеге тұру салтанаты  Уилмингтон қаласында  /Делавэр штаты/ өткен. Бұл рәсімге екі жақтың туған-туыстары мен достары қатысқан. Эшли Байден мен оның таңдаған жігіті осыдан екі жыл бұрын танысқан. 31 жастағы  Байден әлеуметтік сала қызметкері, ал оның 45 жастағы жұбайы дәрігер-отоларинголог. Сондай-ақ ол хирург мамандығын да қоса меңгерген.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 919
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2376
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 623
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 602