Сенбі, 23 Қараша 2024
Демократия рейтингі: 4014 9 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 18:13

Көршілеріміз - Конго мен Зимбабве

Қазақстан әлемдік демократия индексінде 167 мемлекеттің ішінде 128 - орынға ие болды. Бұл туралы Ұлыбританиялық The Economist журналы мәлімдеген.  

Жаһандық демократия көрсеткішінде Қазақстан Конгоның алдына шығып, (129-шы) Зимбабведен (127 -ші) артта қалыпты. Бұл ретте Қазақстанның жалпы рейтингі 3,14 балл болған. Онда Қазақстан - «Сайлау процесі және плюрализм» санатында - 0,5 балл, «Мемлекеттік қызмет» санатында - 3,21, «Саяси қатысу» - 5, «Саяси мәдениет» - 3,75, «Азаматтық бостандық» категориясында - 3,24 балл көрсеткен.

2006 жылы Қазақстан демократия рейтингінде 3,62 балл жинаған. Ал 2008 жылы - 3,45, 2010 жылы - 3,30, 2018 және 2019 жылдары - 2,94 ұпай жинап, ең нашар нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, бұрынғы КСРО елдерінің ішінде Латвия - 38-ші орында, Литва - 42, Украина - 79, Молдова - 80, Армения - 89, Грузия - 91, Қырғызстан - 107, Ресей - 124, Әзірбайжан - 146, Беларусь - 148, Өзбекстан - 155, Тәжікстан - 159, Түрікменстан - 162 орында тұр.

Бұл рейтингте Украина, Молдова, Армения, Грузия мен Қырғызстан гибридті режимдегі елдерге, ал Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстан авторитарлық режимдегі елдер тізіміне қосылған.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435