Сенбі, 11 Қазан 2025
4361 5 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 18:24

Мишустин келе жатыр...

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға келеді. Ол Қазақстанда жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болады.

«Михаил Мишустин Қазақстан мремьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Ресей премьер-министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі», - делінген ресми хабарламада.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 824
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9911