Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5917 7 пікір 19 Тамыз, 2021 сағат 12:47

Мамин мен Мишустин не келісті?

Кеше біздің елге ресми сапармен Ресей премьері Михаил Мишустин келді. Ол Қазақстанның Үкімет басшысы Асқар Маминмен келіссөз жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қойды.

Ол бойынша, Қазақстан мен Ресей жалпы сомасы 5,3 миллард долларды құрайтын 30 бірлескен ірі жобаны іске асыратын болып келісіпті.

Сонымен Мамин мен Мишустин не келісті? 30 бірлескен жоба қандай салаларды қамтымақ? Қараңыз:

Аталған жобалар өнеркәсіптік кооперация, сауда, құрылыс индустриясы, фармацевтика, мұнай-химия және жеңіл өнеркәсіп салаларында жүзеге аспақ көрінеді.

Екі елдің Үкімет басшылары мынадай құжаттарға қол қойған:

- Шығыс Тарутин (Қазақстан Республикасы), Тарутин (Ресей Федерациясы) кен орындарында мыс (мыс-алтын) кендерін өндіру кезінде шекара маңындағы аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісім;

- АХФО мен Татарстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, АХҚО, «Сколково» Мәскеу басқару мектебі арасындағы тұрақты даму стратегиялары жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;

- «Башқұрт сода компаниясы» АҚ мен «Каустик» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісім;

- Қағазсыз технология бойынша «РТЖ» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ/ «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС қатысуымен жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасы;

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы темір жол көлігімен агроөнеркәсіптік өнімдерді тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Сондай-ақ, тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Ресм ақпарат: Бүгінде Қазақстанда Ресейдің қатысы бар 7791 кәсіпорын және Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ашқан 3325 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр екен. Ресей һәм Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына салынған қаражат көлемі бойынша басты инвесторлардың бестігіне кіреді. Соңғы 10 жылда Ресей Қазақстанға шамамен 12,6 млрд доллар инвестиция салыпты.

Биылғы қаңтар-маусым айларында екіжақты тауар айналымы 10,7 млрд долларды құрап, 2020 жылдың осы уақыттағы көрсеткішінен 27 пайызға артық болған екен.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406