Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7202 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 06:40

Сарышуаш жырау. Қабанбай батыр, көзелім!

Суретте - Қабанбай батыр, суретші Н.Өтепбаевтың жұмысы

Қарақұлының Мұхаметшесі (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бір кездескенімде: «Қарағым, бұрынғы даналар айтқан сөз еді, ата-бабаларымыз бізге жаттатты, енді сендер жазып алып сақтаңдар, түбі бір кәдеге жарар, «асыл пышақ қын түбінде жатпас», - деп бір тоқтап, одан әрі былай дегені есімде, - қазақ-қалмақтың жаугершілігі заманында үйсінде Сарышуаш жырау деген көріпкел әулие өтіпті. Жақынды жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетінен қақпайды екен. Бидің әділіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген елі алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сал тартып жатыр дегенді естіп, Сарышуаш шешен елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады» - деп әңгімелеп еді. Сұңғыла қария 1964-1965 жылдары шамасында Жансүгіров селосында (Талдықорған облысы Ақсу ауданы) 100 жасқа тақап барып дүние салды. Әңгімеге Бүркітбек, Бұқпантай деген ақсақалдар да қатысып, толғаудың кейбір тұстарын толықтырып отырып еді.

Жазып алушы - Әбдікәрім ХАСЕНОВ,Тарих ғылымдарының кандидаты.

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Жақсы мен жайсаң жиналса,

Жылқыда қылаң, боз едің.

Батырлық, ерлік дегенде,

Жайылған жұртқа сөз едің.

Суретте - Қабанбай батыр, суретші Н.Өтепбаевтың жұмысы

Қарақұлының Мұхаметшесі (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бір кездескенімде: «Қарағым, бұрынғы даналар айтқан сөз еді, ата-бабаларымыз бізге жаттатты, енді сендер жазып алып сақтаңдар, түбі бір кәдеге жарар, «асыл пышақ қын түбінде жатпас», - деп бір тоқтап, одан әрі былай дегені есімде, - қазақ-қалмақтың жаугершілігі заманында үйсінде Сарышуаш жырау деген көріпкел әулие өтіпті. Жақынды жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетінен қақпайды екен. Бидің әділіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген елі алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сал тартып жатыр дегенді естіп, Сарышуаш шешен елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады» - деп әңгімелеп еді. Сұңғыла қария 1964-1965 жылдары шамасында Жансүгіров селосында (Талдықорған облысы Ақсу ауданы) 100 жасқа тақап барып дүние салды. Әңгімеге Бүркітбек, Бұқпантай деген ақсақалдар да қатысып, толғаудың кейбір тұстарын толықтырып отырып еді.

Жазып алушы - Әбдікәрім ХАСЕНОВ,Тарих ғылымдарының кандидаты.

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Жақсы мен жайсаң жиналса,

Жылқыда қылаң, боз едің.

Батырлық, ерлік дегенде,

Жайылған жұртқа сөз едің.

Қайғы шеккен еліңнің,

Жылағанын жұбатып,

Қисайған көшін түзедің.

Айтып, айтпай не керек,

Күндерден күн озғанда,

Жатырмысың, есіл ер,

Тәңіріден тілеп тез өлім.

Қабанбай науқас дегенде,

Үш күн, үш түн ұйықтамай,

Өртенді, күйіп өзегім.

Сонда-дағы жарқыным,

Қусырма жақты сарнатқан,

Айтсам ба деп келіп ем,

Көңілге демеу - сөз емін.

Дулатқа салдым бір хабар,

Албанға жетті бір шабар.

Үйсіннің жиып кісісін,

Арыздасып қалсам деп,

Арқаға тарттым бір сапар.

Ат жалын жартып мінгелі,

Жорықта талай жүрістім.

Қалмақтағы Қалден хан,

Қалден ханмен ұрыстың.

Ақиған, астам ноянын

Ағып өтіп құлаттың.

Солқылдаған мырзасын,

Соғып өтіп сұлаттың.

Ат шашадан қан ақты.

Қан шашырап таң атты.

Қанға ұйып, күн батты.

Жамандарға жан тәтті,

Сараң байға мал тәтті,

Үйінен шықпай бұғысты.

Зарпыңа шыдамай,

Телімі шығып, тентіреп,

Аңыраған көп қалмақ,

Жөңкенің арғы бетіне,

Ереннің күнгей шетіне,

Қонысын тастап, ығысты.

 

Қол ағасы ер Қабаң,

Құжынаған Қытайы,

Қаптап топан суындай,

Жердің жүзін басқанда,

Заман ақыр болды деп,

Жан-жағына алақтап,

Хан Абылай сасқанда,

Бастырман деп жерімді,

Бермеймін деп елімді,

Есенгелді, ер Шоңай,

Ат шапшытып аспанға,

Жекпе-жекке шақырып,

Айбат шегіп, ақырып,

Кес-кестеп алдын тосқанда,

Қой дегенге қоймаған,

Жау бетінде ойнаған,

Қанды балта Тауасар,

«Қаптағайлап» қасақайып,

Шөбіне шауып барғанда,

Жылан жеп, жуа сасыған,

Күш-қайраты тасыған,

Когүн деген бір заңғар,

Кезегіне алғанда...

Үркер мен айдай тоғысып,

Қылыш, найза қағысып,

Жекпе-жек ұрыс салғанда,

Бұдан да жан қалмас деп,

Қалың қазақ қайғырып,

Күдер үзіп қалғанда...

Батагөйі ер Таңат,

Төске шапқан өр Таңат,

Ат қоюға оқталып,

Сабыр ғып, тағы тоқталып,

Бір суырып қылышын,

Қынына қайта салғанда,

Қытай, қазақ демігіп,

Қараумен көзі талғанда,

Жасаған ием жар болып,

Қапысына келтіріп,

Ер Когүнді өлтіріп,

Тауасар сынды батырың,

Басын кесіп алғанда,

Матайдағы Майлыбай,

Қасқарауда Молдабай,

Дулаттағы ер Бөкей,

Тәттібай мен Олжабай,

Керейдегі ер Жабай.

Көкжарлы Барақ, Тұрсыметбай,

Көтеріліп көп қазақ,

Ата аруағын шақырып,

Айқай-сүрең салғанда,

Қаракерей Қабанбай,

Ту түбінде тұрғансың...

Қу дауысты Құттыбай,

Бұқар жырау, Сарышуаш,

Кеңесіне мойын бұрғансың,

Шамырқанып, шамданып,

Қубасқа қамшы ұрғансың.

Қалың тобын қақ жарып,

Дұшпанды қойдай қырғансың.

Зарпыңа шыдамай,

Телім боп кәпір жосқанда,

Батырдың қарты Бөгенбай,

Қайратқа қайрат қосқанда.

 

Өткен күнде белгі жоқ,

Көнелерге қанықтай,

Балаларға танықтай.

Сол ерлерді көргенмін,

Жазмыштан озмыш жоқ деген,

Салғанына тәңірінің

Әу бастан-ақ көнгенмін.

......................................

Арғы атасы Сейілхан,

Сейілханнан тараған,

Сегіз арыс түрікпен,

Қызылбастан қыз даулап,

Балқан таудың басынан,

Арлы-берлі үріккен.

Қабанбайлап шапқанға,

Кақ айрылып жол берген,

Қабанбайдан келдім дегенге,

Атынан түсіп қол берген,

Жиделі-Байсын жайлаған.

Келелеп түйе айдаған.

Тоқсан баулы өзбек-сарт.

Самарқаны сансыз бап,

Бұқара-Шәріп арасы,

Қабанбай десе тақ ұрған,

Найза ұстаған баласы.

Дұғасынан тастамай,

Бата оқыған бабасы!

Ер Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің.

Байсалменен ойласам,

Қайратыңа бақ тұрған,

Абылай сынды төреңіз,

Қасыңа әкеп тақ құрған -

Тоғыз таңба Найманнан,

Тоғыз құйрық ту алып,

Тоғыз түмен қол шықса,

Қол ағасы - Қабанбай!

Алты шекті Арғыннан!

Алты құйрық ту алып,

Алты түмен қол шықса,

Қол ағасы - Қабанбай!

Тоқсан баулы өзбек пен,

Қол құйрықты, қыл жалау

Қанды телпек, сексен шоқ,

Қалмаққа жорық - жол шықса.

Күн көзіне сыймаған,

Ай жүзінде айылын жимаған,

Алаштың ауыр қолына,

Ағалыққа ұнаған -

Дарабозым - Қабанбай!

Қарындасқа қайырым,

Ата-баба ісі еп,

Көтеріліп күллі Алаш

Ат құлағын теңесе,

Қаракерей Қабанбай,

Қол бастарлық кісі деп,

Өзіңді аға тұтынған,

Жұртыңа тіле амандық.

 

Уа, Қабанбай, көзелім,

Ескіден қалған көз едің!

Бұл науқастан сауықсаң, -

Еркелігін кешірген,

Ақ сүтін беріп өсірген, -

Қуанатын өз елің!

Бұл науқастан оңалмай,

Бақиға бет бұрсаң, -

Жау тиді десе жат алмай,

О шетіне бір шыққан,

Бұ шетіне бір шыққан,

Көкіректі кек кернеп,

Көз жасыңды мың сыққан -

Жылайтын тағы өз елің!

Ажалға берсін сабырлық,

Тәңіріден соны тіледім.

Айырылған соң тең-тұстан,

Мен қартыңда сән бар ма?!

Кеудеңнен ұшса шыбының,

Денеде сасық мән бар ма?!

Қолымнан сусын ұсынып,

Басыңда өзім тұрайын,

Мінежат қып Құдайға,

Жаныңды қый деп сұрайын!

Редакциядан: Сарышуаш әулие-жырау - Қабанбай батырдың замандасы болған адам екен. Жырау бабамыздың ғұмыр жолы мен мұралары туралы тереңірек білетіндер abai-akparat@mail.ru электронды поштасына хат жолдауына немесе 8-727-396-90-71 телефонына хабарласуына болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1995
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2411
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1968
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576